Жаралар және олардың жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2015 в 21:21, реферат

Краткое описание

Жаралар және олардың жіктелуі

1. Жаралар туралы түсінік, жара инфекциясы.
2. Жаралардың түрлері.
3. Жараланған кездегі алғашқы көмек.
4. Асептика және антисептика туралы түсінік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8_lektsia.doc

— 77.00 Кб (Скачать документ)

 

                                                          Дәріс

 

Тақырып: Жаралар және олардың жіктелуі

 

 

Жоспар:

  1. Жаралар туралы түсінік, жара инфекциясы.
  2. Жаралардың түрлері.
  3. Жараланған кездегі алғашқы көмек.
  4. Асептика және антисептика туралы түсінік.

 

І. Жара дегеніміз -  терідегі кілекей қабықтың, терінің астындағы ұлпалар мен ішкі органдар бетінің механикалық және басқа факторлардың әсерінен бұзылуы, зақымдалуы

 

Ж а р а л а р


 

Ауыр        және            жеңіл деп бөлінеді

 

Жеңіл жара -  тері жамылғының кілегейлі қабықтың зақымдануымен сипатталады.

Ауыр жара кезінде – ірі қан тамырлар, нерв, сүйек, сіңір, ішкі  органдар зақымдалады.

Жаралардың бәрі (операция кезіндегі стерилденген, аспаптармен жарақат алудың өзгелері) инфекциямен зақымдалған болып саналады. Ұлпалардың механикалық және биологиялық зақымдануынан болған жаралар (улы заттар, радиация) асқынған деп аталады.

Жараға зақымдалған заттардан микрорганизмдер, инфекция қоздырғаштары түсуі мүмкін. Инфекция тудыратын ерекше қауіпті аурулар сіреспе және гангрена болып табылады. Кейде  жаралану кезінде іріңдеу процесінің нәтижесінде инфекция барылқ органдар мен ұлпарарға тарайды. Осы кезде жалпы зақымдану  немесе сепсис пайда болуы. Бұл өте қауіпті, адам өлімге ұшырауы мүмкін.

Сепсис кезінде зардап  шегушінің дене температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Ол дірілдеп, сандырақтайды, тер басып, галлюцинация болады, жүрегі жиі соғады.

 

ІІ. Жаралардың түрлері

Жаралар заттың  немесе  қарудың түріне байланысты:

  • түйрелген
  • кесілген жара
  • жарымдалған жара
  • сыдырылған жара
  • атыс қаруынан болған жара

 

1. Түйрелген жара – найза, біз, ине, шеге әсерінен болады. Жараның осы түрі үлкен тереңдіктегі шағын сыртқы саңылаумен сипатталады, яғни жараның ауызы тар, үзілгіш, ирек тәріздес болады.

2. Кесілген жара - өткір заттармен жарақаттанған кезде болады (шыны, скальпель, пышақ және т.б.). Кесілген жаралардың шеті тегіс, зақымданбаған болып келеді,  қан жиі ағады.

3. Жарымдалған жара өткір және ауыр заттар  әсерінен болады (балта, қылыш). Сыртынан қарағанда кесілген жараға ұқсас, бірақ зақымдану аумағы үлкен, жие сүйектің зақымдануына апарып соқтырады. Жараның шеті ісінген болып келеді.

4. Сыдырылған жара -  жалпақ заттың соққысынан (балға, тас және т.б.) болады. Сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, қан қатады. Ісінген ұлпалар микробтардың  көбеюіне септігін тигізеді.

5. Атыс  қаруынан болған жаралар – атыс қаруымен зақымдану салдарынан болады (мина, граната, снаряд). Атыс  қаруынан болған  күрделі жаралар кезінде оқ бір  қатар органдар мен  қуыстарды тесіп өтеді, мысалы, құрсақ қуысын,  плевра қуысын.

 

ІІІ. Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Алғашқы медициналық  көмектің негізгі кезеңдері:

1. Әуелі қан кетуін  тоқтату керек. Артериялардан көп қан кетуі кезінде орталық қан ағатын  нүктені саусақпен басу арқылы немесе шеткі мүшені бүгу  немесе жгут салу арқылы  қан ағысын уақытша тоқтатуға болады.

Веналық, капиллярлық қан ағу кезінде қысып тұратын таңғыш салынады.

Мидың анемиясын (қанның азаюы) ескерту мақсатында жарақаттанушыны тегіс жерге  жатқызып, екі аяғын көтеріп қояды. Кейде «қанды өзіне өзі құю» пайдалы, яғни жарақаттанған адамды басын жерге  қаратып көтереді. Осы арқылы миға, кеудеге қанның келуіне уақытша қолдануға мүмкіндік береді.

2. Жарадан бос жатқан  денелерді (киімді, әйнектің ірі жарықшалары және т.б.)  стерильді  пинцетпен ғана алып тастайды және  жараның өзіне аспапты тигізбеу керек.

3. Жараны өңдеу. Егер бас  жаралансаа, онда  шаш мұқият қырып алынады. Содан кейін жараның төңірегіндегі тері спиртке батырылған тампон арқылы тазаланады, тері кепкеннен кейін оны 5% иодпен өңдейді.

4. Жараға  стерильді салфетка, асептикалық таңғыш (микробтар енуінен сақтайтын  таңғыш) немесе жеке таңу пакетінен мақта –дәке таңғыш салынады. Таңғышты бинттің немесе  орамалдың көмегімен бекітуге болады.

Кеуде ішіне өтіп  кеткен жара кезінде ашық пневмоторакс пайда болады, яғни плевра қуысына жара тесігі  арқылы атмосфералық ауа кіріп кету нәтижесінде тыныс алу нашарлайды.

Кеуденің ішіне өтіп кеткен жарасына жылдамырақ ішкі жағы тазартылған жағымен резинадан жасалынған қабықты орау қажет, ал оған жеке таңу пакетіндегі тазартқан жастықшаларды қойып, қатты байлайды.

Ал егер жеке таңу пакеті болмаса, жапсырғышты пайдалануға болады.

 

ІҮ. Асептика және антисептика туралы түсінік

 

Асептика – жараға микробтар енуінен  сақтандыруға бағытталған шара. Бұл үшін жарамен түйісетін барлық заттар мен аспантар толық тазартылады, яғни стерилизация жүргізіледі.

Антисептика -  жараға түскен бактериаларды, микроорганизмдерді азайтуға немесе оларды жараның ішінде  жоюға бағытталған шаралар жүйесі.

 

Антисептиктер ретінде:

  1. хлорамин  ерт-сі
  2. иод тұнбасы
  3. спирт
  4. сутегі қолданылады.

 

Антисептиканың осындай түрлері бар:

  1. механикалық - жараны жирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.
  2. Физикалық – құрғату  арқылы күн сәулесі мен  жасанды ультракүмін   сәулелері арқылы микробтарды өлтіру.
  3. Химиялық – дәрі-дәрмектерді қолдау арқылы микробтарды өлтіру. Оған; иод, этил спирті,  КМыО4, вишневский  майы.
  4. Биологиялық – антибиотдерді қолдау арқылы  жараны инфекциядан сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               №     Дәріс

 

Тақырыбы: Жарақаттар

 

Тірек ұғымдар: жарақат

 

Жоспар:

 

  1. Жарақат туралы түсінік, түрлері
  2. Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары, олардың сипаттамасы
  • буынның шығуы
  • сіңірдің созылуы
  • сүйектің сынуы
  1. Жарақаттану кезіндегі  алғашқы медициналық көмек
  1. Балалар жарақаттары.

 

1. Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен мүшелерінің зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, мүшелердің зақымдануы және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалар мен мүшелер тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Сынықтардың көп кездесетін жерлері төмендегідей бөлінеді:

- қолдарда — 50 процент,

-  аяқтарда — 31 процент,

 жамбас және омырткаларда  — 12 процент 

 баста 6 процент болады.

Жаракаттар төмендегі түрлерге бөлінеді:

I. Жарақатқа әкелетін жағдайларға байланысты:

1.   өндірістік жарақаттар:

  • өнеркәсіпте
  • ауылшаруашылығында

2. өндірістік емес жарақаттар:

  • жол көлігіндегі  (темір жол, автомобиль, трамвай жөне т.б.);
  • көшедегі—көшеде болатын көктайғақ және т.б. жағдайлар;
  • тұрмыстық — тұрмыста, үйде және ауладағы тіршілікте кездесетін қатерлі жағдайлар;
  • спорттық — спортпен шұғылданғанда;
  • балалардың жарақаты;
  • әскери — соғыс кезіндегі кездесетін жарақаттанулар.

 

II. Жарақаттаушы күштің түріне байланысты:

  1. механикалық;
  2. термиялық;
  3. химиялық;
  4. операциялық;
  5. сәуле травмалары және т.б.

 

III. Жарақаттану сипаты бойынша:

  1. жабық (тері және кілегейлі қабаттар бүтін болуы) жарақаттар;
  2. ашық (тері және кілегейлі қабаттардың жарақаттануы) жарақаттар;
  3. қуыстарға өткен (қарын, плевра қабаттары) жарақаттар;
  4. дара жарақаттар;
  5. көпшілік жарақаттар

 

IV. Травма күшінің түскен орны бойынша :

  1. тура түскен травмалар (жаракатқа күш түсу аймағында болады);
  2. тура түспеген травмалар (жарақатар күш түсу аймағынан алысырақ болады).

V. Әсер ету уакыты бойынша бөлінеді:

  1. жедел жарақаттар (әсер етумен  бірден пайда болады);
  2. созылмалы жарақаттар (жарақаттаушы агенттің көп рет әсерінде пайда болады).

Механикалық жарақаттар:

  1. ашық
  2. жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы жұмсақ ұлпалардың  ажырауы, буын мен сүйектің зақымдануы  жатады (сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану – бұл мүшелер ұлпаларының зақымдалуы, барынша тері жамылғыларының кілегейлі қабықтарының тұтастығы бұзылады (сүйектің ашық сынуы).

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат  деп аталады, аз күштің көп  және тұрақты әсерінен пайда  болған жарақат созылмалы жарақат  деп аталады. Созылмалы  жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады.

Кез келген  жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тұдырады (жүрек – тамыр қызметінің, тыныс алудың).  Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік  маңызды мүшелердің зақымдалуынан, уланудан пайда  болады. Қатты сыркырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте  жедел  және қүрт нашарлайды.

2.  Жұмсақ улпалар зақымдануының  аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады, соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан  қанның ағуымен түсіндіріледі.

Тамырдың созылуы секірген, құлаған, ауыр затты көтерген кездегі әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері – буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі, қозғалудың қиындығы.

Буының шығуы - бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстінгі жағының анатомиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді. Буынның   таюы әдетте сіңірдің созылуына  немесе буынды бекітетін байламды үзуге, сонымен бірге буынның үстінгі  жағын  жабатын қабатты зақымдауға алып  келеді.

Буынның шығуының төмендегі түрлері белгілі:

  1. травмалық шығулар ( жарақат салдарынан болады);
  2. патологиялық шығулар — байланыс аппаратынын және сүйектердің буын бастарының бұзылуына байланысты ауруларда, мысалы ісіктерде, қабыну процесстерінде пайда болады;
  3. туа пайда болған шығулар;
  4. уакыты өткен — өз уакытында салынбаған шығулар.

Сүйектің сынуы - бұл оның тұтастығының бұзылуы, (ішінара  немесе толық сынуы) .

Сүйектің сынуының белгілері:

1) Жабық сынық кезінде:

  • сүйек сынған жердің сырқырауы;
  • аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе  қисаюы;
  • сүйек сынған жердің  домбығуы (ісуі);
  • аяқ-қол қызметінің бузылуы;
  • буындар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.
    1. Ашық сынық кезінде:
  • аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;
  • жарада сүйек жарқышақтарының болуы;
  • жарақаттанған жердегі қалыпсыз  қозғалыс;
  • аяқ-қол қозғалысы кезіндегі сырқырау.

3. Буын шыққанда жарақат төңірегінде ауыру білінеді, кейінгі күндері ол біртіндеп азаяды. Шыққан аяқ-қол амалсыз жағдайда болуы мүмкін. Буынның пішіні, буынның жағдайының өзгеруінен, сондай-ақ қанды ісік пайда болуынан өзгереді. Диагноз коярда, басып көру және ренттен суреті үлкен мағына аткарады.

Аяқ-қолдардың қозғалмай тұруы қажет. Ауырғанын азайту мақсатында шыққан буынға ішіне мұз салынған немесе суык су құйылған калташа қойылады, анальгетиктер жіберіледі, онан кейін науқас тез арада емдеу мекемесіне апарылады. Шығуды салуды дәрігер орындайды.

Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады.

Алғашқы медициналық көмек кезінде сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды (киім мен аяқ киімді шешуге немесе оларды кесуге). Ашық және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрі-дәрмек беріліп, табельдік немесе қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізіледі.

Аяқ-қол сынған кездегі алғашқы медициналық көмек

Сүйек сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің  негізгісі - зақымданған сүйектің үш жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шендеуіш  немесе қолда бар заттар: таяқ, фанер т.б қолданылады.

Тыныштық болу үшін шендеуіш немесе қолда бар зат жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады немесе байламға, белбеуге іліп қояды. Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды.

Информация о работе Жаралар және олардың жіктелуі