Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 16:39, реферат

Краткое описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе
1. Логистиканы қолданудың тиімділігі.
2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау.
2.1. Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс.docx

— 44.22 Кб (Скачать документ)

 өндірістік-техника базалық қойма шаруалардың төмен дамуы;·           

 тауарды өңдеу қазіргі заманғы  техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі. Қоймалық жұмыстардың механизация  және автоматтандырудың төмен  даму деңгейі.·

Көрсетілген фактілер мен жағымсыз жақтар Қазақстан экономикасына  логистикалық концепцияның ендіруін тежеуде, мәселелерді тез арада шешу мүмкін еместігі.

Сонымен жақын арада Қазақстанда  логистиканың дамуы транспорттық кешенде  және қоймалау жүйесінде қолдануға  болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

Осындай кәсіпорындардың бірі «High Tech Logistic» БК ЖШС, кәсіпорын осындай мәселелерді шешіп, Қазақстандағы логистикалық қоймалау нарығының бірден бір   көшбасшысына айналды.

«High Tech Logistic» логистикалық оператор 2005 жылдың басында құрылған. Ол «Amanat Invest Group» компаниялар тобының  құрамына кіреді. Сол жылы бірінші эксплуатацияланатын алаң «ИКаР» іске қосылған болатын. «ИКаР» қойма кешені 25000 паллето-орынды құрайды. Онда кеден-брокерлік қызмет пен транспорттық қызметкөрсетеді. УСҚ-ны ұйымдастыру мен кедендік қызметті жүзеге асыруға лицензия алынған болатын. 2006 жылы көлемі 35000 паллето-орынды құрайтын «Первомайский» кеден-қоймалы терминал салынып, іске қосылды. 2007 жылдың басында Алматы қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан жерде (Алматы-Қапшағай трассасы) «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық салына басталды. Ерекше «DAMU»  Индустриальды-логистикалық орталық 210 га жерді алып жатыр. Компанияның жоспары бойынша «DAMU»  орталықта

2.1. Кәсіпорындарының  қойма логистикалық жағдайы мен  болашағы.

          Компания жүкті сақтау, тасымалдау және кедендік тіркеу бойынша мәселелерді тиімді тасымалдау, жаңа технологияларды қолдану арқылы шешеді.

Қоймалар логистикалық жүйенің  негізгі элементтердің бірі. Қорларды сақтауға әдейі құрастырылған орындардың болуы, материалдық ағымдардың жүрудің  барлық кезеңінде керек, біріншіден шикізат көзінен бастап, соңғы  тұтынушыға дейін.

Қазіргі заманғы қойма  логистикалық операциялар қызмет көрсету  үлкен көлемде орындайды. Тұтынушыға кең көлемде қоймалау, жүкті қайта  өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с логистикалық келісімдері.

«High Tech Logistic» компаниясының  қоймалық ғимараттар қазіргі заманғы  құрал-жабдықпен қоймалық автоматтандырылған есеп жүйесімен жабдықталған. Бұл  жүкті жоғары динамикалық өңдеуді  қамтамасыз етеді, тауарларды қоймаға  келу уақыты бойынша, өндіру уақыты бойынша  тексеруге болады.Бұл сақтау процесін жеңіл басқаруға мүмкіндік беребі. Компанияның қойма территориясының  негізгі қызметтері:                 

 арнайы температуралық  шарттарды талап ететін тауарларды  сақтау;·                 

 іріленген жүкті сақтау;·                 

 тиеу-түсіру жұмыстары;·                 

 тапсырыс берудің арнайы  талаптары бойынша тауарды өңдеу;·                 

 таңбалау, термоорау және пакеттеу;·                 

 логистикалық оператор  есебінде сақтау;·                 

 қоймада жүктің қозғалысы бойынша керекті есептер беру;·                 

 бас қоймада, УСҚ,  кедендік, дәріханалық қоймаларда сақтау.·

Компания транспорттық логистикада  келесі қызметтерді көрсетеді:                 

 транспорттық-логистикалық шешімдерді табу;·                 

 есікке дейін принципі  бойынша Алматы; Алматы облысы  бойынша жүкті алушыға толық  кешенді қызмет көрсету;·                 

 Қазақстан қалалары  бойынша авто, теміржол транспортпен  дистрибуция;·                 

 барлық тәуекелділікті  ең тиімді сақтандыру полисін алуға көмектесу;·                 

 жіктің қай жерде орналасқандығы туралы тез ақпарат беру;·                 

 жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау;·                 

 әр клиентке жеке менеджердің болуы;·                 

 кеңес беру қызметі;·                 

 кең агенттік, әріптестік желілік;·                 

 экспорт-импорт тауарларды  «есіктен-есікке» жүйесі бойынша  жеткізу.·

Компания кедендік-брокерлік  қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:                  

 толық кедендік рәсімдеу·                 

 тауарға сәйкес сертификаттар алу·                 

 рұқсат беру қағаздарын рәсімдеу (ветеринарлық, фитосанитарлық тексеру);·                 

 дәрі-дәрімектерді УСҚ мен кедендік қоймада сақтау.·

Жоғарыда көрсеткендей, компания қоймалары кең ауқымды логистикалық операциялар бойынша қызмет көрсетеді.Тұтынушыға қоймалау, жүкті өңдеу, орау, тасымалдау, ақпараттық қызмет және т.с.с. логистикалық шешім бойынша кең ауқымды таңдау береді.

Бұл ірі логистикалық орталықтардың негізгі ролі. Мысал ретінде «High Tech Logistic» компаниясының келесі қоймалық терминалдары туралы айтуға болады.

«ИКаР» кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-25000 паллето-орын. Ярус саны 3-4. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 17 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампасы бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-1500 кв.м.

«Первомайский» кедендік-қоймалық терминал. Көлемі-35000 паллето-орын. Ярус саны 7. Жүкті паллетті және қорапты өңдеу. Жүкті 2м биіктегі паллеттарда сақтау. 13 вагонды бірдей қабылдай алатын, қоймалық кешенге кіре алатын теміржол рампа бар. 150 жүк машинаның сыйымдылығы бар автотұрақтың болуы. Офистік ғимараттардың көлемі-500 кв.м.

«Первомайский» және  «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың технологиялары:                  

 қоймаларды басқару  жүйесі;·                 

 видеоқадағалау жүйесі;·                 

 климаттық басқару  жүйесі.·

«Первомайский» және  «ИКаР» кедендік-қоймалық терминалдардың мүмкіндіктері:

Күніне 2500 паллет өңделеді. 1 паллетті жүк трапты 30 минут ішінде түсіру. «Первомайский» және  «ИКаР» барлық жүқтің негізгі режимде бір шатырдың астында сақтауды (УСҚ, бос, кедендік және ақпараттық қоймалар), құрал-жабдықтар мен мамандардың жоғары коэффициент сонымен қатар, жүкті өңдеудің жоғары қозғалысын қамтамасыз етеді.

«DAMU» индустриалды-логистикалық орталық. ИЛО «DAMU» - бұл Алматы үшін ең тиімді объект. «DAMU» бірнеше мәселелерді шеше алады. «DAMU» Алматы қаланың индустриалды бөлігінде орналасқан. Бұл орталықтың қаладан тыс болуы тасымалдауды жеңілдетеді. ИЛО «DAMU» түгелдей автономды инфрақұрылым (энергия үнемділік, канализация, сандық линия, суқұбыры, жоғары жылдамдықты интернет) қамтамасыз етілген. Өндірістік алаңдар сегменттерге бөлінген (1 га-дан 5 га-ға дейін). ИЛО «DAMU» территориясында көлемі 500000 кв.м, 150000 паллето-орынды қамтитын қоймалар бар.

«DAMU Astana» индустриалды-логистикалық орталық. Астана қаласы экономикалық өсіп, дамып, құрылыс үстінде. Республиканың астанасымен бірге Астана солтүстік қақпа өндіріс сферасында. Қаланың бұл дәрежесі отандық және шетел тауарлардың мемлекет ішінде тез тарату үшін қазіргі заманғы және жоғары техникалық логистикалық саябақтардың болуын талап етеді. «DAMU Astana» аймақтарда жүктерді өткізуді басқаруды қамтамасыз етеді. Парктің өзінің өндірістік зонасы мен инфрақұрылым болады.бұл жағдай компанияларға өзінің өндірістерін орналастыруға мүмкіндік береді. «DAMU Astana» транспорттық логистикадан қарағанда ең ыңғайлы жерде орналасқан. Айналып өту сақинасы мен аймақаралық трассаның жанында.

«High Tech Logistic» ЖШС-ның болашақтағы  жоспарлары: 3А стратегиясы- бұл Қазақстанның ең ірі Астана-Алматы-Ақтөбе тораптарды бір жүйеге біріктіру концепциясы. Әрбір транспорттық торап өзінің аймағын қамтиды. Ақтөбе-Батыс, Алматы- Оңтүстік-шығыс, Астана-Солтүстік.

«High Tech Logistic» ЖШС жүргізілген  талдау компанияның логистикалық қызмет көрсетуді жоғары және сапалы дамуына  үлкен мамандықпен келеді. Компания аймақтардың экономикаларын біле отырып, логистикалық концепция стратегиясын жақсы ұйымдастырған.

Бұл аймақтық тораптарда ндустриальды-логистикалық кешендерді мемлекет ішінде тауар айналымының  сапасы мен қозғалысын жақсарту арқылы компания бірыңғай логистикалық желіні құруды жоспарлауда. Жоғары сапалық логистикалық желінің пайда болуы мемлекеттің бар аумағын алып отырып, Қазақстан Республикасының Европа мен Азияны қосатын буын ретінде дәрежесін нығайтпақ. Бұл мемлекеттің транзиттік мүмкіншілігін дамыта алар еді.

Қазақстан Республикасында  логистиканың дамыту бағытта жетекші  орын алатын кәсіпорынның мысалы мен даму бағыттына тоқтолып өтейік.

«Хак Групп» компаниясы холдингтік құрылым. Компания өзінің қызметін Қазақстан  Республикасы мен Ресей Федерациясы  территориясында атқарады. Құрылу кезеңі-1998 жыл.

Өзінің даму уақыты ішінде компания ірі инфрақұрылымға айналған болатын. Компанияға жұмысшылар саны 300-ден асатын 29 мекеме кіреді.

Қазіргі таңда компания қызметі  келесі бағыттарды қамтиды:                 

 Автошинды бизнес.·                 

 Аутосорсинг материалды-техникалық  жабдықтау саласында.·                 

 Жеткізу, бөлу және  импорттық тауарларды тарату  саласында қызмет көрсету.·                 

 Қойма қызметтері.·                 

 Экспорттық-импорттық жеткізулер.·                 

 Автомобильді жүк тасу.·                 

 Ғимараттар мен құрылыстарды  жылутезникалық жабдықпен комплектациялау.·                 

 Заңдық қызметтер.·

Компанияның клиенттік базасына ірі, орта, шағын бизнестің 3000 астам мекемелері кіреді. Компания әріптестері әртүрлі саладағы кәсіпорындар: өнеркәсіп, автожолдық және жол-құрылыс құрылымдары, ауылшаруашылық мекемелері және т.б. олардың арасында Казахмыс, Казцинк, Казатомпром, Евразиялық Өндірістік Ассоциация топтар мекемелері.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің үйлесімін икемді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету механизмін құрастыру болып табылады. 

Осы заманғы экономикалық процесстердің даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа  нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

Осындай Ұлттық тауар өткізуші жүйені құрастырып отырған «Хак Групп» компаниясы. Бұл жүйе екі негізгі материалды және ақпараттық блоктан құралған құрылымды көрсетеді.

Ақпараттық блок-бұл Алматы қаласында орналасқан тауар жайлы, оның орны, жабдықтаушы және бағалар  туралы ақпараттық хабар беретін, сонымен  қатар кеңес беру және тауар жабдықтаушылар мен тұтынушыларға талдау қызметін көрсететін ірі ақпараттық агенттігі.

Материалдық блок-бұл Қазақстанның ірі қалаларында (Алматы, Орал, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Өскемен) орналасқан тарату орталықта кәсіпорындардың жақсы жабдықталған және автоматтандырылған қоймаларға мұқтаждығының шоғырлануы, өндіруші зауытттармен (немесе олардың жабдықтаушы, дилерлермен) олардың тауарларының жеткізу және тікелей тұтынушылар немесе екінші өткізу кәсіпорындар арасында таратудың инфрақұрылымдық байланыс.

«Хак Групп» компаниясы өзінің құрастырған технологиялар арқасында, тез арада аз шығындар мен қажетті  уақытта келесі қызметтерді көрсете  алады: тауарды жеткізу, тауарды  өткізу, тасымалдау, қоймалау, ақпараттық қызмет көрсету.

«Хак Групп» компаниясы –  бұл көппрофильді кәсіпорын, өндірістік және автотранспорттық мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге маманданған. Сонымен қатар, кең ауқымды машинатехникалық топтың тауарларын жеткізу бойынша маманданған.

Жеткізу кезінде көрсететін қызметтері:                 

 Тапсырысты орындағандағы  нақтылық пен дәлдік кепілдігі.·                 

 Жеткізу оперативті  түрде орындау.·                 

 Сервистің жоғары деңгейі  мен әр клиентке жеке бабын табу.·                 

 Тауарды жеткізудегі  ең оптимальді маршруты таңдау.·                 

 Икемді бағалар.·

«Хак Групп» компаниясының  құрамына 10 аймақтық бөлімшелер кіреді. Олар Қазақстанның Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Карағанды, Көкшетау, Орал, Шымкент, Қызыл-Орда қалаларында және 3 аймақ Ресей Федерациясында Челны жағалауында, Мәскеу, Омск қалаларында орналасқан.

Бұл жағдай жоғарыдағы аймақтарда бизнес процедураларды координациялауға және оперативті түрде нарықтағы өзгерістерге, сонымен қатар компания ішіндегі өзгерістерге жауап қайтаруға мүмкіндік береді.

Информация о работе Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.