Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі оқушы қауымның кәдесіне жараған, көркемдік, рухани азығына айналған көптеген шығармалар жарық көрді. X.Есенжановтың «Ақ Жайық» циклы, «Жүнісовтер трагедиясы», Ә.Нұрпейсовтың «Қан мен тер» трилогиясы сияқты көлемді, эпикалық туындылар, Әрине, бұл аталған шығармалар арқалаған әлеуметтік жүгі жағынан да, қазақ әдебиетіне қосқан көркемдік үлесі жағынан да бір-біріне тең емес. Бірақ бұлардың басым көпшілігі-ақ тақырыбы, зерттеген өмір құбылысы, жаңадан жасаған образдар галереясы, көркемдік құралы жағынан тұтас алғанда қазақ прозасына елеулі үлес қосты, оның ілгерілеп келе жатқан жаңашылдығын танытты.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ
ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ.....................................................6-15
2. Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ
ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ.............................................................................16-30
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31-32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жунусовтер трагедиясы.doc

— 159.50 Кб (Скачать документ)

 

                                                  МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ...............................................................................................................3-5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ

ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ.....................................................6-15

2. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи

тұлғалар бейнесі.............................................................................16-30

 

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................31-32

Пайдаланылған  әдебиеттер.............................................................33

 

 

                                                  КІРІСПЕ

 

Қазақ прозасын тұтас  қарағанда – прозаиктердің басым көпшілігі елеулі еңбек еткенін көреміз. Үлкені болсын, кішісі болсын әр жазушы-ақ жаңа туындылар берді.

 Әр жазушы кешегісінен бүгін ілгері аттады. Жазған кітаптары әрқайсысының шығармашылық өміріне елеулі үлес қосты, жазушыны көркем ойдың жаңа бір сатысына көтерді, сонымен бірге қазақ прозасын да толықтырып, молықтыра түсті.

Қазіргі оқушы қауымның кәдесіне жараған, көркемдік, рухани азығына  айналған көптеген шығармалар жарық  көрді. X.Есенжановтың «Ақ Жайық» циклы, «Жүнісовтер трагедиясы», Ә.Нұрпейсовтың «Қан мен тер» трилогиясы сияқты көлемді, эпикалық туындылар, Әрине, бұл аталған шығармалар арқалаған әлеуметтік жүгі жағынан да,  қазақ әдебиетіне қосқан көркемдік үлесі жағынан да бір-біріне тең емес. Бірақ бұлардың басым көпшілігі-ақ тақырыбы, зерттеген өмір құбылысы, жаңадан жасаған образдар галереясы, көркемдік құралы жағынан тұтас алғанда қазақ прозасына елеулі үлес қосты, оның ілгерілеп келе жатқан жаңашылдығын танытты. Әдебиетіміздегі іздену жолдарының, өсу процестерінің, даму тенденцияларының айғағы болды. Сонымен бірге әр автордың әр дәрежедегі іздену, өсу, ілгерілеу жолдарын да танытты.

Осы тұрғыдан қазақ прозасының «Абай жолы» эпопеясы шыққаннан кейінгі үлкен табысы деп оның көркемдік қуаты толысып, қазіргі заманғы маман (профессионал) әдебиет дәрежесіне еркін көтеріліп келе жатқанын айтар едік.

«Абай жолы» қазақ  прозасының мерейін асырды. Сонысымен  бірге қазақ үшін үлкен сын  болды. Біз Әуезов қаламынан ұзақ уақыт толғатып, сирек туатын алып шығарма алдық. Бұл қуанышты жағдай жас прозаның алдына аса биік асу, салмағы зор міндет қойып берді. Бұл шығармадан кейін қазақ прозасына қойылатын критерий оқыс биіктеп кетті де жас әдебиеттің жотасына аса ауыр жүк артылды. Біз дәл бүгін «Абай жолымен» тепе-тең түсетін жеке шығарманы атай алмасақ та, қазақ прозасының жалпы табысы – ұлы шығарманың ізін суытпағанын үлкен медет етеміз. Және ол проза көп бағытта ізденіп, мәуелі ағаштай бұтақ жайып, кеңейіп келеді.

Осы орайда тарихи кезең, тарихи тақырып ретінде халқымыздың басынан кешірген ұлы қазан төңкерісі ұлттық әдебиетімізде қалай көрініс тапты деген заңды сұрақ туады.  Бұл мәселе жөнінде жазушы Т.Ахтанов қазақ даласында Октябрь революциясының жеңіп шығуының тарихи өзгешеліктері, дара сипаттары бар екендігін, Қазақстанның феодализмнен бірден социализмге өткенін айта келіп:

«Біз қазақ прозаиктерінің соңғы жылдарда тарихи тақырыпта жазылған шығармаларынан алдымен осы екі проблеманың қалай шешілгенін іздейміз.

Қазақ оқушылары қаламына телміріп, қашан бітеді деп асыға  күткен шығармалардың бірі – Хамза Есенжановтың «Ақ Жайығы».

«Ақ Жайық» - оқушыға бұрын проза жанрына ілікпеген, атымен соны аймақ туралы кітап. Орал өңірі ежелден қазақ тарихына көп бет қосқан өлке. Онда ежелден бері Россияда бар әлеуметтік құбылыстар да, қазақ даласында бар әлеуметтік құбылыстар да қоян-қолтық араласып келеді. Жиырмасыншы ғасырдың басында да, азамат соғысы жылдарында да екі өмірдің аласапырандары осы өңірде тоғысып, жиынтық көрініс тапты. Ұлы Октябрь революциясы тұсында да осы кезде бар әр қилы саяси құбылыстар бұл өлкеде түгел ұшырасты. Сондықтан да, мұндағы оқиғалар қазақ даласына ұлы Октябрьдің қалай келгенін толығырақ аша түседі. Автор да осыған тырысқан» [1, 233-234], - деген болатын.

Мұның бәрін біз жайдан-жай  айтып отырғамыз жоқ. Біріншіден, бүгінде Қазан төңкерісіне деген  көзқарас қайшылықтары да пайда болды. Екіншіден, бұл мәселелерді Х.Есенжанов өзінің «Ақ Жайық» және оның заңды жалғасы болып саналатын «Жүнісовтер трагедиясында» қалай жеткізе алды деген заңды сауалдар туындайды.

Хамза Есенжанов –  бүгінгі ұрпақ игілігіне қалдырған әдеби мұрасы халық жүрегінде қалтқысыз сақталар қалаулы қаламгерлеріміздің бірі.

Өнер жолын сонау  серіктесу кезеңінде қаршадай жасынан  бастаса да, заманы дарытқан қиянат-зорлықтың  кермек сорын татып келіп, өкінішті ұзақ үзілістен кейін, алпысыншы  жылдар қарсаңында ғана өзінің көркемдік кемел ойын том-том ғұмырлы кітаптарға айналдыра бастаған қаламгер елу бесінші жылғы азаттық таңынан кейін қалай жұмыс істегенін, келер ұрпаққа қандай ғибраттар сыйлағанын біразымыз жақсы білеміз. "Ақ Жайық" жарыққа шығып, халыққа тарағаң соң, "өліп кетсем де арманым жоқ" деп, бойындағы парасат-білім байлығы, қажыр-қайраты мен қолындағы қаламына жүгінген тума дарын сол мұратына жеткен. Көзі тірісінде халқының құрметіне бөленіп, "Ақ Жайық" трилогиясы үшін кезінде - 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен жоғары бағаланған. Сол өрісті, эпикалық туындылар шындығы бауырластырған ғажайып тағдырлар көрінісі – қағазға  түсуі бұрынырақ болғанымен, жариялануы кейін, жұртшылыққа танымал "Көп жыл өткен соң" романында суреткерлік жалғасын тапқандығы да белгілі.

Осы орайда біздің де негізгі  мақсатымыз – қилы тағдыр иесі –  Х.Есенжановтың «Жүнісовтер трагедиясындағы» тарихи тұлғалардың сомдалу ерекшеліктеріне  назар аудару. Жалпы, «Ақ жайық» трилогиясы, «Жүнісовтер трагедиясы» роман-диологиялары белгілі бір кезеңнің нақты оқиғалары мен нақты тарихи тұлғаларына арналғандығын ескерсек, тарихи шындық пен көркем шындықтың, тарихи тұлға мен көркем образдардың ара-жігін ажырата түсудің маңызы зор. Бүгінде еліміз тәуелсіздік алған кең заманда соцреализмнің тар шеңберімен жазылған шығармаларға басқаша баға беру үрдісі белең алып отырғандығы да жасырын емес. Олай болса, Х.Есенжанов бұл мәселелерден жол тауып шыға алды ма, әлде, қасаң қағиданың, жалаң идеологиясын ғана насихаттады ма? – деген сауалдарға да жауап іздеу біздің міндетіміз.

 

1. Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ

ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ

 

Ақтар бүлігі Оралда жаңа орнаған жас Кеңес өкіметін құлатып, бостандық шеруін қанға бояйтын  он сегізінші жылғы қаралы оқиғадан бастап, біз еркіндік жорығының, жаңаша құрылыс құбылыстарының отызыншы жылдар тұсына дейінгі қилы кезең, қатерлі белестерін көз алдымыздан өткереміз. Әділет жақтаушысы Жүніс қажы үрім-бұтағының - төрт ұлы Хакім, Нұрым, Әлібек, Әділбектің тағдыр жолын арқау ете кереғар мүдделер тартысын, сана-сезім күресін, ел, жер, заман өзгерісін, жаңару, түлеу ерекшеліктерін мейлінше нақты халықтық характерлер шындығы аясында жан-жақты мүсіндеген. Белгілі қайраткерлер Ә.Әйтиев, М.Ипмағамбетов, әйгілі заңгер Бақытжан Қаратаев, өзгерген өмірге бетбұрыс жасаған халық бұқара өкілдері Мәмбет, Қажымұқан, соларға қарсы, өзгеше ұғымдар сойылын соғушы Досмұхамбетовтер, Абылаев, Шұғыл, шырғалаң тағдыр Құныскерей... – біз  қайшыласқан қаншама көзқарастар сайысына куә боламыз.

Өз халқының өткен  жолын, елдік, ерлік тарихын, атадан балаға жалғасқан адамгершілік, ізгілік дәстүрлерін жете сезінсем деген бүгінгі ұрпақ ешқашан ескерусіз қалдыра алмайтын Х.Есенжанов ромадары оқушы жүрегіне жол табуы ғана емес, жүзін жел шалмас көркемсөз қадір-қасиетін бағалай білетін заманыныздың талай әулие-ойшылдары назарына да дер кезінде іліккен. "Еуропа үлгісімен жазылған біздегі бірінші роман"  [2, 196] деп алғашқы кітаптарымен-ақ Мұхтар Әуезовті қуанышқа кенелткен "Ақ Жайық" Михайл Шолоховты да жасандылықтан ада, шынайы шыншылдығымен толғандырған.

Осы өнер байлығын салмақтап  талдап, насихаттауда бізде қаншама  мамандар еңбек сіңірді. М.Қаратаев [3], Қ.Жұмалиев [4], Ш.Елеукенов[5], Х.Әдібаев [6], М.Атымов [7], М.Мағауин [8] сияқты талай ондаған талғампаз әдебиетшілер қауымы Жайық дариясының тереңдік қайнары мен қайырлайтын қайраңдарына дейін біршама сөз етті.

Жазушының көрнекті әдеби  мұрасы - "Жүнісовтер трагедиясы" романы жылдар жотасында сүрленіп, халқына кешеуілдеп жетіп жатса, ол Х.Есенжановтың суреткерлік мәдениетінің кемдігінен емес.

Жұртшылық біле бермеуі  мүмкін, меңдеткен сырқатқа мойымай, өмірінің соңғы сәтіне дейін қаламын  қуат тұтқан қайсар талант халқы алдында  азаматтық парызын біржола абыройлы өтеп кетті деп, көңілің көнши  сөз етуге біздің тек енді ғана – бес  кітаптан тұратын бүкіл романдар түзілісі түгенделіп қолымызға тигеннен кейін дерегіміз толықтай жеткілікті.

Жетпісінші жылдар басында "Жұлдыз" журналының екі-үш санында  осы қорытынды еңбегінің ықшамдалған  нобайын жариялап, көзі тірісінде  сол қолжазбасын түгел жарыққа шығара алмаса да, жазушы бүкіл ғұмырын сарп еткен күретамыр тақырыбын – азаттық  күресі, жаңару шежіресін жазу үстелінде көздеген көмбесіне жеткізіп үлгерген. "Ақ Жайық" трилогиясының табиғи жалғасы "Көп жыл өткен соң" дилогиясының екінші кітабы "Жүнісовтер трагедиясының" ақырғы сөйлемін қағазға түсіріп, еліне, ізбасар ұрпағына аманат етіп кеткен.

Жолы ауыр шығарманың бірі осы екен. Өткен күндердің  – отызыншы  жылдар сұмдығын, әділін айту шектеулі кезеңнің, тоқырау заманының  қос үрей сақтығы автор қайтыс болғаннан кейін баспаға дайындар тұстарда шыншыл романның жан төбірентер оқиғаларының, ойлы толғаныстарының бәрін аяусыз сылдырып, қалық жұртшылық көзінен көп шындықты көлегейлеп қалдырыпты. Қолжазбаның тең жартысына жуығы жұлмаланып қысқартылып, аты да, заты да өзгеріп, "Ағайынды Жүнісовтер" деген тақырыппен қаңқасы ғана жарияланған 1977 жылғы басылым жазушы шығармаларының кейінгі алты томдық жинағында да сол қалпы қайталана салған.

 Өнер туындысы кейіпкерлеріне  айналған Сәкен Сейфуллин, Бақытжан  Қаратаев, Ғабит Мүсірепов сынды халық перзенттерінің жанын сыздатып, қабырғасын қайыстырған сонау қысталаң заман қайшылықтарымен қадірмен оқушы енді, міне, "Жүнісовтер трагедиясының" 1990 жылғы тұңғыш кемел нұсқасы бойынша ғана жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.

Адамдар тағдыры тәлкекке түскен асыра сілтеу кезеңінің жалпы  ауа райын бүкпелемей, қаз-қалпында жеткізген сыршыл шығарманың өн-бойынан  бұрынғы басылымдарында сылынған ашық әңгімелер мен қаламгерлік толғаныстарды  мүмкіндігінше қара орнына келтіру  қашан да кезек күттірмейтін мәселе болып келді.

Осы тұста жазушының  «Жүнісовтер трагедиясын» жарыққа  шығаруда ерекше еңбек сіңірген сыншы, ғалым З.Серікқалиевтің төмендегі  толғаныстары көп жайды аңғартса керек.

«Хамза Есенжановтың қалай жұмыс істегенін, шеберхана сырын және қандай қиянат жолын өткергенін жете сезіну үшін таратып айтқанда, ең бастылары:

Жазушы кебежесінде  араб қарпімен жазылған негізгі қолжазбадан  басқа, романның көлемі де, мазмұндық  ұзын-ырғасы да бір-бірімен сәйкес келе бермейтін машинкаға басылған үш-төрт нұсқасы сақталған екен. Және солардың бірінің орысша жолма-жол аудармасы да жасалыпты.

Осыларды өзара салыстыра, тексере келгенде біз олардың  бірде-біреуіне бірыңғай байланып қалуға болмайтынын аңғардық. Сырқат сыздатқан  соңғы жылдары автор еңбегін өзі ойлағандай қалпында жарыққа шығара алмайтынын сезінгендіктен бе, әйтеуір әр түрлі нұсқаларына өз қолымен әр түрлі өзгерістер енгізіп те көріпті (ащы шындықтарды, жан-сезім құбылыстарын бірде жұмсартып, жеңілдетіп, бірде сыпайылап не қоюлатып дегендей).

Біз осылардың бәрін  екшей келіп, түлен түрлі нобайдан құрастырып, ортақ бір нұсқа дайындап шықтық. Алғашқы - 1977, 1980 жылдарғы басылымдар шығарманың тең жартысын да қамти  алмаса, жаңа кітап көлемі енді міне екі еседей асып түсіп отыр.

Бұрын қос бөлім деп тек жобалап берілгені демесеңіз, ең өкініштісі, іс жүзінде роман ортанң белінен - кейінгі "Хакімдер" бөлімімің соңғы бес тарауы, эпилогы, яғни бүкіл "Ақ Жайық" трилогиясының, "Көп жыл өткен соң" дилогиясының ақырғы қорытынды көріністері шорт кесіліп, мүлдем аяқсыз қалып, оқушыға тіпті сұлбасы да жетпеген (кейінірек тек заман беті түзелуіне орай жазушының мүшелтойы тұсында бұл алуандас бұрын-соңды жарияланбаған хикаялар желісінің қайсыбір үзінділері "Жұлдыз" журналы мен "Қазақ әдебиеті" газетінде жарық көруін кешеуілдеп болса да әйтеуір ұмытылмас өнер туындысына қамқорлық деп бағалауға тиіспіз-ақ). Соның қай-қайсы да қалпына келтіріліп, бұрынғы басылымдарда романның ұзын-ырғасынан жол-жөнекей ойылып, сылынып қалған тағдыр сергелдеңінің бұдан да басқа қилы-қилы талай көріністері, сыршылдық толғаныстар мен ащы шындықтардың бәрі-бәрі өз орнына түсірілді.

Қай тұсқа жаңадан  қандай қосымшалар енгізілгеніне көз  жеткізу үшін, түгел тізіп жатпай-ақ тек мысал үшін, біз ұсынған  кейінгі толық нұсқа мен 1977 жылғы  басы-лымының 121, 123, 136, 145 (II бөлімнің басы - I тарау тұтастай жоқ), 146-148, 150, 156-158, 160-163, 168, 171, 176, 182, 184 (ары қарай біржола жоқ) беттерін салыстырып қараудың өзі жеткілікті болар. Бұрынғы басылымдарда алынып тасталған көріністер қандай жүк көтеріп тұрғанын және олардың бұл шығарма үшін қаншалықты мәнділігін аңғару тіпті де қиын емес.

Біз жазушы үстелінен  жоғарыда айтылған араб ғарпілі негізгі  қолжазбасында да машинкаға басылған әр түрлі нұсқаларында да, орысша аудармасында да жоқ автор тек ғұмыр жетсе кейін жазармын деп орнын қалдырып, белгілеп, аттап кеткен жекелеген көріністер жазбаларын да таптық. Олар әрқайсысы - төрт-бес беттен, кейбіреуі оншақты беттен тұратын он екі тармақ екен. Машинкаға бастыруға да үлгере алмай, қолжазба күйінде (араб әрпі) сақталыпты.

Информация о работе Х.ЕСЕНЖАНОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДӘУІР СИПАТЫ