Бауыржан Момышұлы (1910-1982жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 17:25, реферат

Краткое описание

Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 31.43 Кб (Скачать документ)

Бауыржан Момышұлы (1910-1982жж.) қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.

Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы кайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.

Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.

1944 ж. шілде айында Серебряков  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына  үндеу хатында: «Жолдас Момышұлына  құрмет көрсетуді… өтінемін және  мұны жеткізуді өзімнің парызым  деп білемін… әділдік менен  осыны талап етеді», — деп жазды.  Бұл да аяқсыз калады. Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысады. 
Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп (1950 ж.), сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Тактика төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі. Баукең әдебиет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес каһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бауыржан Момышұлының басты шығармалары: «Офицер күнделігі», «Бір түннің оқиғасы» (1956), «Москва үшін шайқас» (1958), «Майдандағы кездесулер» (1962), т.б. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфилов жайында «Біздің генерал» деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал «Ұшкан ұя» романы 1976 жылы Казақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 
Біртуар қолбасшы туралы оқырман қауымға Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», З.Ахметова «Шуақты күндер», Бақытжан Момышұлы «Қасымда сен барда», «Әкеге құрмет», М.Калдыбаев «Ұмытылмас кездесулер» атты шы-ғармаларын ұсынса, режиссер М.Бегалиннің «Артымызда Москва» кинофильмі, В.Шацковтың МХАТ сахнасында қойылған «Волоколам тас жолы» пьесасы Момышұлының әскери өмірбаянын суреттейді. Оның соғыстағы ерлігін бейнелеген белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» повесі әлемді шарлап кетті…

Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медальдармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1990 жылы). Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы арқасында, халқымыздын ардақгы ұлы — көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқты жауынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп еді. Бүгінде Бауыржан ба-тыр есімін иеленген мектептер, көшелер, елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала-даласында көптеп кездеседі. Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған, әскери мектеп-лицей бар. 

БАУЫРЖАННЫҢ СОҒЫС ТАРИХЫНДА  БОЛМАҒАН 27 ТАКТИКАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҒЫ

Жас сардар Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің қалың қарына малтыға  жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы  саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет әскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болумен қоса, сұңғыла психолог та еді. Момышұлы өмірбаянының осы ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады.

1941 жылы қазанның он  бесі күні таң атар-атпастан  панфиловшылардың И.В.Капров басқарған  1073-полктің қорғаныс шебіне фашистер  шабуылын тынымсыз қайталай берді.  Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қимылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді. Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып, майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе.

Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы  үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты.

Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші  батальон еді. Бауыржан Момышұлы енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты.

 Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны  тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В.Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қақты.

Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы  қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді.

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында  туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес  Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

Бауыржан Момышұлы ұлы  қаһарман, қолбасшы, патриот, жазушы болғанымен қоймай, керемет өлеңдер жазған ақын. Біздер оның бұл қырын онша біле бермейміз. Оның барша өлеңдері ұлтжандылық, халық, ел туралы болған.  Соғыста өткізген уақыттарында  күнделік жазумен қатар, әртүрлі өлеңдер де жазған. Өлеңдері қаһармандық  тақырыбындағы  туындылар. Барлығы да өз  мән-мағыналарымен ерекшеленеді. Алайда, көптеген өлеңдері өкінішке орай бізге әлі толықтай жетпеген. Бәлкім, ол бұдан да көп өлеңдер жазған болар. Енді сол өлеңдердің бірнешеуіне тоқталып өтейік.

Бауыржан Момышұлының  майдан шебінде жүрген кезде жазған өлеңінің бірі мынадай еді:

«Найзадан қол босаса қалам алдым,       Отырсам көп ойланып күнім жақын,

Толғанып, оқиғаны көп ойландым.         Әр адам біле бермейді сөздің парқын.

Тырмысып, әл келгенше көргенімді,      Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,

Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.   Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.

Бұл өлеңде Бауыржан Момышұлының  ақындық шеберлігі, ақ ниеті, көбінесе халқына деген ұлтжандылығы бейнеленген. Соғыста жүрсе де қолына қалам алып, көрген-білгенін қағазға жазып отырған. Қаншалықты көрген –білгенін жазған десек те, оны көркемдеп, асыл сөздермен өрнектеу – қиынның қиыны емес пе? Сол себепті, Бауыржан атамыздың бұл еңбегін бағаламауға хақымыз жоқ. Бұл өлеңін келешек ұрпаққа арнап, ақ ниетпен жазған. Мұның өзі Б.Момышұлының ұлтжандылық қасиетінің бір дәлелі. Ұрпағы үшін  барынша тырмысып бақты, талпынды және соның нәтижесі де болды. Осы өлеңдері бүгінгі таңда  ұрпақтарының қолына тиіп отыр. Бауыржан Момышұлының келесі өлеңі:

    Жер күңіреніп, су тасып, қара бұлт көшкенде,

          Жер күйзеліп, ер қажып, қара түн басқа түскенде,

Ата  тегі жер үшін, туысқан – туған ел үшін,

Ер ерлері майданда белуардан қан кешкенде

Соғыс жазушыға не берді?

Жазушы соғысқа не берді?

Дау емес менің сұрауым, көптің бірі болған соң,

Менің менім мен емес, мыңның мені болған соң.

Бұл өлеңді  жазушы қауымына қаратып жазады. Осы өлеңіне жазушы қауымы ренжіп қалған көрінеді. Алайда, жазушылардың шамына тию үшін емес, шындықты айтып жазғандығын байқаймыз.

Бауыржан Момышұлының өлеңдері ұлтжандылық тақырыбына арналады. Солардың бірі Панфилов туралы жазған өлеңі:

Қолбасшыдан не пайда,                        Кешегі өткен Панфилов,

Қолдың құлқын білмесе,                       Қолбасшы еді осындай,

Шенге мас боп семіріп,                         Заманға туған данадай.

Өзгені көзге ілмесе.                               Мен кім едім, кім едім,

Жақындатып  алысты,                           Мен де мыңның бірі едім,

Жалындатып намысты,                          Қызықпай баққа, атаққа,

Ерлерге қуат бермесе.                            Адал еңбек құлы едім.

Мың арыстан ел үшін,                            Қызмет еткен халыққа

Құрыш болаттай жандырып,                  Ақ ниет мыңның бірі едім.

Қызмет үшін, халық үшін                        Мақтанбаймын мастанып,

Неше азапқа көндіріп                              Мұндай абырой табысқа,

Қаршығадай, қырандай,                          Қоян емес тығылар,

Дұшпанға тиіп ұрандай,                          Жау көргенде қамысқа.

Ту көтеріп майданда,                               Арыстан емес ақырған,

Ел намысын қорғаған.                             Данышпан емес ақылдан,

Қолбасшы болсаң сондай бол,                Қара қазақ ұлымын,

Жосылып жатқан жолдай бол,                Жалпы жатқан елдегі,

Қайрат етер мезгілде,                               Бұхараның бірімін. [3]

Жүк көтерген нардай бол

Өлеңінде жалпы қолбасшы туралы, Панфилов туралы, өзі туралы жазады. Осы өлеңі арқылы қолбасшының қандай болу керектігін ұғындырады. Қолбасшы – әрдайым әскерін басқарып, оларға үлгі болып, тәлім – тәрбие бере білуі, сондай-ақ оларды ынтымақта ұстап, бағындыра алуы керек. Ал Панфиловтың мұнда дәл сондай қолбасшы екендігін мақтап жазған. Демек, оның дарыны ол мақтағандай жоғары дәрежеде болған.  Өзіне келсек, қарапайым тілмен, асыра сілтемей,  қазақтың бірімін, өзгеден артық жерім жоқ дейді.Алайда, біз үшін ол ұлы қайраткер, қаһарман, жазушы, ақын, қолбасшы болып қала береді. Еліне деген сүйіспеншілігін бұл өлеңінде де керемет әсемдікпен өрнектеген. Бұл өлеңін 1992 жылы жазған.

Б.Момышұлының  өлеңінен біз оның поэзияға берілген жан екендігін тағы да аңғарамыз. Соңғы төрт жолынан поэзияға жаны құмар екенін білеміз. Кім біледі, мүмкін оның осы тәрізді қаншама поэзиясы бар екендігін, себебі, өз сөзінде «Өлеңді өлең етіп ұшырып, қанатынан сүйгім келеді» – деген. Демек, өлең жазу да оның бір кәсібі болған. Ал ондай ұлы тұлғаның тек бірнеше өлеңі болуы мүмкін емес.

Бауыржан Момышұлы қазақ тілін ерекше бағалаған. Оны жандандыру мақсатында біршама істерді қолға алған. Солардың бірі – бұл мәселе де өлеңіне  арқау болған:  

Көшеде баяу ерін сылқылдаған,

Былдырап орысшалап  жарқылдаған.

Ұмытып ана тілін, салт-санасын,

Не қалды тілімізде жыртылмаған.

Отбасы түсініксіз жатқан бұлдыр,

Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр-мылдыр.

Оқысаң алып кітап шым-шытырық,

Опырмай, сандырақ па, бұл не былжыр?!

Ержеткендер сөйлейді орысшалап,

Кім отыр сөз құрылысын қынап-сынап,

«Мамасы» мен «папасы» шүршіт болып,

Күйдірді-ау, шүршітшілеп, бала жылап.

Оның бұл өлеңі ана  тілінде сөйлемей, өз тілімізді қор  қылып  жүрген адамдарға арналып жазылған. Тілімізді ластаушылық сол жылдардың өзінде өмірде болған. Ал бүгінгі күні ол мәселе  еліміздің өзекті тақырыбына айналды. Мұндай іс соғыс жылдарынан бастап қамтылып, әлі күнге жөнге келмей жатыр.  Мұны шешу жолында талай саңлақтарымыз күш салған. Солардың бірі-Бауыржан Момышұлы. Өз сөзінде: «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізі өнеге, нағыз белгісі»- деген. Демек, тіл кез келген ұлттың ардақты дүниесі болуға тиіс.

Бауыржан Момышұлының барлық өлеңдері ұлттық намыс пен ұлтжандылыққа толы. Оларды оқи отырып, біз оны тағы бір қырынан таныдық. Ол – оның ақындық қасиеті. Қаламын тек жазушылыққа ғана емес, ақындық қабілетіне де жұмсай алған. Ақын өлеңдері халық игілігіне мәңгілік қызмет етеді.

Б. Момышұлы 1955 жылы әскер  қатарынан толық босағаннан кейін  жазушылық жолға түсіп, өзінің әскери мемуарлық шығармаларын жазуға кірісті. Жазушылықпен айналысып қана қоймай, Жазушылар Одағының қоғамдық өміріне  етене араласып, әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырып, заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовпен бірлесе  отырып, үнді жазушылары мен Қазақстан  жазушылар арасында шығармашылық көпір  салып, сол қоғамдық ұйымды басқарды. 
Жазушының 1941 жылы жазыла бастаған "Ұшқан ұя" шығармасы 1946 жылы баспаға ұсынылды және 1960 жылдардың аяғында жазушы Т.Иманбековтің аудармасымен қазақ оқырмандарына толықтай таныс болды. Оның бұл шығармасы негізінен аяқталмаған. Кейбір зерттеу деректеріне сүйенсек, бұл шығарма үш кітаптан тұруға тиіс екен.

Информация о работе Бауыржан Момышұлы (1910-1982жж.)