Бата тілектер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 07:36, лекция

Краткое описание

Ұл өсіріп мәре-сәре бол
Маған бердің ет
Келін түсіріп тілегеніңе жет
Маған бердің сауға
Басың түспесін дауға
Алдыма салдың мал
Алладан рахмет ал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бата тілектер.docx

— 13.42 Кб (Скачать документ)

          Бата  тілектер

 

Ұл өсіріп мәре-сәре бол

Маған бердің ет

Келін түсіріп тілегеніңе жет

Маған бердің сауға

Басың түспесін дауға

Алдыма салдың мал

Алладан рахмет ал.

 

                     Бата

Алтыннан жағаң болсын,

Күмістен тағаң болсын!

Ел жұрттың қазір тұтар

Халқыңа бағаң болсын!

Сүрінсең сүйеп қамар

Алдыңда – ағаң болсын!

Жығылсаң тіреп қалар

Артыңда – балаң болсын!

Адассаң ақыл айтар,

Ауылыңда – данаң болсын!

Достарың көбейсін де

Дұшпаның тамам болсын!

Аманық саулық сұрар

Жақынмен жараң болсын!

Бақыттың құсы болса –

Ұмыт кеп саған қонсын!

Денсаулық басты байлық

Ауыру  сырқаулардан

Отбасың аман болсын!

Әумин!


Информация о работе Бата тілектер