Бұқаралық ақпарат құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:03, реферат

Краткое описание

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бақ туралы.docx

— 31.54 Кб (Скачать документ)

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

  • БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
  • БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
  • БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
  • БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті түсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) ар¬қылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бүқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік қүрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
  • БАҚ-тың жүмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жүмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
  • БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табы¬лады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық үйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты үйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мем¬лекеттік және қоғамдық-қүқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бүқаралық ақпарат қүралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бүл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын үйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бүл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бүл аталған ұйымдастыру, бақылау
  • түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.

 

Алғашқы газеттер — «Түркiстан уәлаятының газетi» (Ташкент, 1870 — 82), «Дала уәлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қ-нда А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты

1978 ж. құрылған Республика кiтап мұражайында ерте заманнан бүгiнге дейiнгi 60 мыңнан астам әр алуан кiтаптар, альбомдар, көне қолжазбалар сақталған.

Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар серпінді дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық ТД мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды.Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүниежүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар.

2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есеп бойынша, республикада 2697 БАҚ әрекет етеді. Қазақтілді БАҚ үлесі қолданыстағы БАҚ жалпы санының 19,1%-ын құрайды, орыстілді – 33,4%, бұқаралық ақпараттық құралдары қазақ және орыс тілдерінде 35% (таратылады) басылады, 12,5% – қазақ, орыс және басқа да тілдерде. 
 
Барлық 2427 баспадан 1619 газет есептеледі, оның ішінде мемлекеттік – 328, және 1291-і – мемлекеттік емес. Қазақ тілінде басылатын – 437 газет, орыс және басқа тілдерде – 587, қазақша және орысша – 479, қазақ, орыс және басқа тілдерде – 116. Журналдардың жалпы саны – 808, 172 журнал – мемлекеттік, 636 – мемлекеттік емес. Шығарылатын журналдардың жалпы саны орыс тілінде – 304, қазақ және орыс тілдерінде – 237, қазақ, орыс және басқа тілдерде – 162, қазақ тілінде – 105. Қазақстанда 259 электрондық БАҚ әрекет етеді, оның ішіндегі – 52 (мемлекеттік – 11, мемлекеттік емес – 41, эфирге қазақ және орыс тілдерінде шығады), радиокомпаниялар – 49 (мемлекеттік – 5, мемлекеттік емес – 44, эфирге қазақ және орыс тілдерінде шығады), кабелді телевизия операторлары– 152, спутниктік хабар тарату операторлары – 6 (мемлекеттік – 1, мемлекеттік емес – 5). Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны – 11, оның 10-ы мемлекеттік емес, біреуі мемлекеттік.

 

Қазақстандағы бұқаралық  ақпарат құралдарының дамуы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының  қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.              Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз  азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының  халық пен үкіметтің  арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара  құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының  қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі  түсінік алынады. Және де  бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.                    Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы  бар,халық пен билік арасындағы ерекше  байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа  тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық саланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары.                          БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да,                            жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті.                 Солардың   бәрінде ең   әуелі  белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға                                      таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.  
          Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарың құруда болған қиындықтарға тоқталсам:қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат  айдынына талпынысымен сипатталады.  
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда  «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді.           

Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды.                                        Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды.       Президенттің   тапсыруымен   1999 жылы жаңа  заң     күшіне      енді.          Көп ұзамай,        2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  
                 Осы заңдардың қай - қайсы да БАҚ-ты демократияландыру,      әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу        үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек. 
Жетістігің  бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады.  
Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:                     

1. Ақпарат саласы мәселелері  жөніндегі заңнаманы жетілдіру.  
2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдарының                 бәсекеге қабілеттілігін дамыту.3.Ақпараттық-телекоммуникациялық     инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.   
Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың 
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.   
  2. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.
  3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
  4.  ”Қазақ Энциклопедиясы” 9 том 
  5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.

 

 

 


Информация о работе Бұқаралық ақпарат құралдары