Байтұрсынұлы, Ахмет (1873—1938)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 13:27, реферат

Краткое описание

1 Автобиографиясы
2 Хронология
3 Шығармалары
4 Әдебиеттану
5 Аудармалары
6 Түркітану
7 Фильмдер
8 Сыртқы сілтемелер
9 Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байтұрсынұлы реферат.docx

— 31.93 Кб (Скачать документ)

 

Екінші бөлімі «Қара сөз  бен дарынды сөз жүйесі» деп  аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман  хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі —  мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.

 

Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін  меңгеруге бет алушылық, қазақ  көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.

 

Байтұрсынұлының жыраулардың  мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

[өңдеу] Аудармалары

 

Байтұрсынұлы қалдырған  бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

 Түркітану

 

Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды.

 

1926 ж, Бакуде болған  түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.

 

Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

 Фильмдер

 

1994 — «Алаш туралы сөз»  Алашорда режиссері: Қ.Умаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм” 2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері: Қ.Умаров Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

 Пайдаланылған әдебиет

 

 ↑ “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. –  Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

 ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

 ↑ «Батыс Қазақстан  облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

 ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым.  Мектеп жасындағы оқушылар мен  көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2

 ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

 ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер  Саят, Жұмашева Қайырниса – Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009

 ↑ “Қазақстан”: Ұлттық  энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев  – Алматы “Қазақ энциклопедиясы”  Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

 ↑ Қазақстанның қазіргі  заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9


Информация о работе Байтұрсынұлы, Ахмет (1873—1938)