Асан Қайғы Сәбитұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2014 в 16:29, реферат

Краткое описание

Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Ол Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аңыз әңгімелер.docx

— 28.13 Кб (Скачать документ)

Асан Қайғы Сәбитұлы

Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Ол Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов). Асан Қайғы қазақ халқы ұсақ хандарының басын біріктіріп, іргелі ел етпек болған Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асан Қайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. Ішкі саясатта жер-су, жайылым, қоныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұртының хал-ахуалын жақсарту мақсатында Асан Қайғы хан алдына өзінің «ымыраға келу теориясын» ұсынған. Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Ол іздеген «Жерұйық» шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасыңда сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған. Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың «Жерұйықты» (кейде «Жиделібайсын» делінеді) іздеуі атақты Томас Мор «Утопиясы» (1516 ж.) мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр. Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді: «Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын шалмай ма?». Асан Қайғы осы «ақшортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегендік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды: «Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?». Асан Қайғының жыр-толғаулары, негізінен, үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады: «Өлетұғын тай үшін, Қонатұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Бір-біріңмен ұрыспа». Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу ? бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистік тұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы: «Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі, өткен істі қумаса. Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмаса...». Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді: «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?» Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай, т.б.) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философиялық және психологиялық мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше. Асан Қайғының философиялық дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді: 1) этикалық дүниетаным ? ұлы жыраудың философиялық ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды; 2) поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары; 3) Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіспешпілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, карақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Ел ауызындағы аңыздарға қарағанда Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйлерінің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Ал, бүгінгі күнге «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. «Ел айрылған» күйін Ғұбайдолла Мұхитовтың тартуында алғаш рет А.Затаевич нотаға түсірген. Сондай-ақ, толық нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірген. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том

 

 

Асан қайғының Жерұйықты іздеуі

Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан  кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс  іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» - деп, арман етеді. Жүрген жерінде  жақсы қонысқа да, жаман қонысқа  да баға беріп отырады. Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола алмас», - деген екен. Асан қайғы  Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты. Асанның екі баласы: «Маңғыстау малға  жайлы қоныс бола алар ма?» - дегенде, Асан қайғы: «Түбінде мал баққан шаруаға  Маңғыстаудан жақсы жер болмас», - депті. Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың  ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», - депті. Баянауыл тауын көргенде: «Баянға  жаймай, қой семірмес», - деп, Асан қазіргі  Баянауылды өзіне жайлау етіпті. Қаратал  өзенінің өлкесін көргенде: «Ей, сарқырап аққан Қаратал, артың кең, алдың  тар-ау!» - депті. Өйткені бұл өзен құмға сіңіп жатады екен. Осы күнгі  Мерке ауданындағы Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!» - деп жүріп кетіпті. Шу өлкесін көргенде: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты! Тегінде бір шулағаның  болмаса, ну қамысың еліңді жұтқа  бермес», - депті. Шудың аяғында Сарысу елі шөп жимай, Шудың қамысын  қыстап, жаз Арқаны жайлайды екен. Әулие-Атаның (қазіргі Тараз қаласы) шығысынан  аққан Талас, батысынан аққан - Келес  дейтін өзендерді көргенде, малға  жайлы екенін біліп: «Ей, екі Талас, бір Келес, малсыз күнің кенелмес. Жері де жайылған малға жұт болмас!» - деген екен. Жуалы жеріндегі  Ауан дейтін қара топырақты, егістік  аймақты көргенде: «Шөбің семіз, қарың  мол, топырағың май екен, кәдіріңді  егін салған ел білер», - депті. Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр  өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің  шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның  түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» - депті. Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен,тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!» - деп жүріп кетіпті. Нарын - Самар  аймағын көргенде: «Е, Нарын, тайың  айғырдай, тайлағың бурадай екен! Қысың  ұзақ: шаруаңа сақ бол!» - депті. Шыңғырлау  өзенін көргенде, түсе қалып, Желмаясын  оттатып: «Жылқының өзі өскен  жоқ, Шыңғырлау, сен өсірген екенсің!» - деп, қонып кетіпті. Бірақ Асан ол кезде шұрайлы, қоныс, нулы өлке таба алмапты. Ол Ұлытау жаққа келіп өліпті.

 

Қорқыт ата 

Ертеде жылқы күнге қарап  былай дейді: - О, барлық жан-жануарларға  тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді  бұдан да әдемірек етуге болар  еді-ау деп ойлаймын. -  Сонда қай  жеріңді түзей түсуге болар еді  деп ойлайсың? - деп сұрайды күн  күлімсіреп. -  Егер, - дейді жылқы, - сирақтарым бұдан да ұзындау және сыйдаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер  еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті  жарасып тұрар еді... - Жақсы, қалағаның  болсын, - дейі күн жайраңдап,- сәл  күте тұр.Соны айтады да, күн жерге  түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы  арбиған жануарды көрген жылқы әрі  қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап  қоя береді. -  Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай  ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды күн. Жылқы әлі  де есін жыя алмай қалшылдап тұрады. -  Жо-жоқ... - дейді тілі күрмеліп. -  Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн  жылқыға, - саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға  тиіс. Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастапты. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге  дейін денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен. Қожанасырдың май сатып  алуы Бір күні Қожа май сатып алу  үшін базарға барады.

Әйелі оған бір кесе беріп:

Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан  көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді. Сол жерде сатушы: Май  кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:

-        Қалғанын  мына жағына құй! - деп, кесесінің  түбіне құйгызып, Қожекең сол  бойында кесені ұстап 

үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:  Майды мұнша неге аз алдың? - деп  сұрағанда, Қожа:   Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені тағы да төңкеріп қалады. Сонымен, кесенің  түбіндегі аз ғана май да төгіліп 

қалыпты.

 

Алдар көсе жайлы аңыздар

Ерте заманда, құйрығы келте  заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес  Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды  екен, қондырса, дәм бермейді екен. Тіпті  тастан да қатты сараң, өзі тойса  да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне  кісі келсе оның жауабы:

— Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны  Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес  Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық-әйін» естімеген  жан болмайды екен.Қайтсем де, қалай  болса да Шығайбайдан дәм татам  деген талайлардың тауы шағылған болады екен.Алдар қу! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ ел-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналады.Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес  Шығайбайды алдай алмас, — дейді  жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар  да есітеді.— Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем Алдар деген  атым құрысын, — деп, Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп  сапар шегеді. Күн-түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.«Не істеп отыр екен бұл қу» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр екен. Бәйбіше нан илеп отыр екен. Тоқалы бас үйтіп отыр екен, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.«Осыдан татпасам Алдар атым құрсын», — деп жылмаң етіп; — Кеш жарық! — деп кіріп барады.Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш …» дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұр-шықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады, Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.«Әй, әбден-ақ әккістеніп алған екенсіндер, мызғымас қу екенсіңдер», — дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып төр алдына отырып алады.

«Ай көсе екенсің, жұртты құртқан қу ма екенсің! Жүрісің жылмаң екен. Жырынды  болған сұм ба екенсің! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмассың», — дейді бай ішінен.— Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар? —дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдірте жөнеледі.

— Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып үл кен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астындағы  қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,Шын айтқанда жасырмай:Таспен ұрдым жіберіп,Күң  астындағы басындай.

Былыш етті иленіп,Бәйбіше астындағы  нанындай.Өтірік болса сақал жұлынсын,Қыз  астындағы тырнадай.

Бәрін де осының көріп келдім,Асыңды асшы ұрламай.

Осыны айтқаннан кейін бай:

— Шоқ түссін тіліне! — деп, астындағы  қазысын лақтырып тастайды.

— Тілің кесілсін! — деп, бәйбіше  астындағы нанын лақтырады.

—     Жағың қарыссын! —  деп, тоқал басты лақтырады.

—     Ішің толсын, — деп, қызы тырнаны лақтырады.

—     Қазыңды аса бер  бәйбіше, — дейді бай: «амал қайсы» деген пішінмен.

Бәйбіше қазанға ас салады да,

— Піс қазаным бес ай – десе.—  Отырайын он ай! — дейді Алдар, етігін шешіп тастайды да.

— Кер тағының терісін келер  жылы киермін, – деп төрге орнығып  отырады.

Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады. «Мынау кәпір қашан  жатады» деп, үн жоқ қасарып бай  да отырады. Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай:

— Әй кемпір төсек сал, — дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй ішімен ұйықтаған кезде Алдар орнынан  тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып  қояды.

Бір уақытта бай тұрып бәйбішесін оятады:

— Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау иті — деп сыбыр етеді.

Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп.

— Жат жігітім, жат! Сазайың осы! — деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қыйдалайды, бұлай қыйдалайды, болмайды.

— Етін не болып кеткен. Өңкей шандыр!—деп, қатынына ұрсады. Түйіліп қалып, май  сұрайды.

Ақыры Алдардан келгенін біліп, амалсыз  аштан-аш жатады.

Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей  маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды  оттан ала салып байдың қойнына  тыға қояды, Мұны көре салып Алдар  жүгіріп шығады.

— Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз  ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ  дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,—  деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан  жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

— Ау, жарайды енді! — деген сайын  қаттырақ қыса түседі.

— Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.

— Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, — деп, Алдекең барып нанды  қолына алады. Бай дүзге аш кетеді.

Бай екінші күні тағы жолға шығарда  бәйбішесіне бір торсық айран  құйғызып, оны, көрсетпей ішінен байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда  Алдар:

— Байеке, мен сіз келгенше жүретін  шығармын амандасып қалайын дейді  де, құшақтаса амандасқан болып  торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп Шығайбайдың мазасын  кетіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға  беріп Шығай бұл жолы да аш кетеді.

Қөседен құтыла алмаған соң, бай  Қөсенің атын сойып алмақ болады. Байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір  айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зиян болса өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сыйырдың шикі боғын жағып, жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып  ұйықтап қалады.

Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: «Тура тұр , бәлем!»  — дейді. Алдар ұйықтады-ау деген  кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып  тастайды.

— Міне жігітім сазайың! — деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып  қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді.

Таңертең бай орнына« турып  жатып, Алдарға айтады:

— Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр  дейді. Сенің атың болу керек жарылып  қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан  бағып жүрген не қылған адамсың! —  деп қарқ-қарқ, күледі.

— Алдар тұрып:

— Қандай қасқа екен? Боқ қасқа  болса менікі болар, бор қасқа  болса сіздікі болар, — дейді,

Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан  тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай  өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.

Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:

— Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, — деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына:

— Тез жөнелт, — дейді. Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:

— Етігім жыртылып шұлғауым шығып  жүр, Бізіңді беріп кет дейді  Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып  жібермейді: Ақыры болмаған соң:

— Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды  жоғалтшы, кәпір — дейді.

Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:

— Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.

Информация о работе Асан Қайғы Сәбитұлы