Ай шуақ түндер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 08:23, реферат

Краткое описание

Ақпанның ақ бура бораны болдырып, жынынан айырылған бақсыдай басылған соң, аспан ашылып, пердесіз терезеден Ай сәулeci себезгілеп тұратын болды. Екі қап шөп келгелі, ешкілер бақырып жылағанын қойды. Ұйқымыз тыншиын деді. Бәрібір түн ұзақ. Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір түндері - Алланың ақ нұры жауған түндер. Анда - санда Айша осылай өзгереді. Ұзақ түнде бізге әр түрлі әңгіме айту арқылы өзі де азаптан арылып, уайымы жеңілдеп қалатын сияқты. Біздің үлкен апамыздың, яғни Мұртазаның әпкесі Нұралы деген Көксайдың қырғызына ұзатылғанын (оны өзі де соқыр еңсесінен естіген. Әкеміз Мұртазаның анасы Күнікейдің күндесі кейін соқыр болып қалған екен) жыр қылып айтқанда, біз демімізді ішімізден алып тыңдар едік. Бай қырғыздар екен.

Прикрепленные файлы: 1 файл