XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 18:47, курсовая работа

Краткое описание

1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт- азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Бұл деректер 5 томдық Қазақстан тарихы энциклопедиясынан және Мусин Чапайдың Қазақстан тарихы кітабынан алынды. Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
I. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері
II. Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.
1916 жылғы көтеріліс
III. Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері
IV. 1917жылғы Қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

srs.docx

— 49.63 Кб (Скачать документ)

Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді  тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға 2 миллион 703 мыңнан астам десятина шұрайлы жер тартып алынды. Өлкеде халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.

Соғыс ауыртпалығы  Қазақстанда жүмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр кемір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор-Ташкент темір жолында жүмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа  және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезін бірқатар село ларының кедейлері мен майданға кеткен өс керлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы және қаналушы таптар арасындағы қарама қарсылық, бір-біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдарын зорлық-зомбылығы 1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.

Ңазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан — 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қармастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, өс керге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25-30-жастағы бай балалары 50 жастағы болып жазылды.

Майдан жұмысына казак жастарын алу туралы жарлық казак халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т. б. жойып жіберу секілді ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын өк етуі жиілей түсті. Қазақстандағы бүл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал байларға қарсы бағытталды. Ол қозғалысты еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында казак жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Өділбек Майкөтев, Жетісуда - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурыков, Тұрар Рыскүлов т. б. басқарды.

Бүл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол - 1916 жылы казак интеллигенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені күр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған өс керіне қарсылық көрсете алмай, тағыда қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны - халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.

Бір сезбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен  ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жылы 27 ақпанда бас-аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ «Алаш» партиясының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алаш ордалықтардың, көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.

Ал көтеріліс  басылып, казак жігіттері майдандарға  окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас-көз болып, кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгерлер және т. б.) серіктерімен бірге майданға (реквизицияланғандармен) аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген казак жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.

1916 жылғы шілде,  тамыз айларында көтеріліс бүкіл  қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамына жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак-орыс шоғырлары кірді.

Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер» деген тактикасында кеңінен қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда  Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің  жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық, ауылдық) қызметкерлері, жергілікті (бұратана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналысатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік және жекелеген жоғары және орта білім беретін оқу орындарында оқып жүргендер, мемлекеттік мекемелерде кызмет істеп жүрген бұратана халықтың өкілдері, дворян және күрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтың өкілдері. Мұның өзі патша үкіметіне жалпы халықтық қозғалыстан бұратана өкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүмкіндік берді.

Қазақстандағы ақпан  революциясы және оның Қазақстанға  тигізген әсері

1917 жылдың басында  Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі өсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41 285 әскери адамды кұрады. Бұлардың басыға көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.</h4>

1917 жылы 27 ақпанда  Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі күл атылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі күл атылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жүмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Патша өкіметінің күл атылуын Қазақстан еңбекшілері  саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бүк арасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жүмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарын кеңестері құрылды. Бүл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Мәселен, Семейде калалық думаның, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен туратын коғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде коғамдық қауіпсіздіктің т. б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады. Көкшетауда көпестер мен шенеуніктер дін жиналысы уақытша коалициялық комитет сайлады. Өскеменде де осындай атқару комитеті құрылды. Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері мен казак-орыс станицалары қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары - қазақтық комитеттер кұрды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды. Сонымен катар Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда, Торғай облысында Ө. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шокаев, т. б. тағайындалды. Бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан жергілікті қазақ халқының кекей кесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интеллигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шығып кетті.

Уақытша үкіметтің  Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арка сүйеді. Олар жүмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак өс керінің сословиелік артықшылықтары сақталды, казак халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені бүл жаңа үкімет органдары өзінің әлеуметтік кұрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса, солай қарады.

Патша өкіметі  құлатылғаннан соң, Қазақстан болы виктері астыртын жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда - П. Кобезев, Ә. Жангельдин, А. Коростелев, Актебеде - В. Ф. Зинченко, Перовскіде - А. В. Черняхов, Оралда - П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте - Н. Морозов, Семейде - П. Салов, Петропавлда — К. Сүтішев т. б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.  Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқүлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкімет саясатының мөнін халыққа ашып берді, революция жауларын арам пиғылдарын өш кереледі, жүмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерістің жеңісі жолындағы күреске топтастырды.

Ақпан революциясы  жеңгеннен кейінгі Қазақстан  жүмысшы табының елеулі табысы - кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орын-бор-Ташкент теміржолшыларының Құрылтай съезі және Омбы темір жол жүмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бүл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жүмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына катысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер.

Осы кезде Омбы, Орынбор, Ташкент, Семей т.б. қалалары оқу орындарының казак жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын кұрды. Орынборда «Еркін дала», Омбыда «Бірлік», Оралда «Жас казак», Троицкі де «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпа көлеңдер таратты, ойын-сауық кештерін, айтыс талқылаулар т. б. ұйымдастырды. Бүл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар казак халқын патша өкіметінің ұлттық орталық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, еңбекшілердің санасында ұлттық бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды.

Осы топтар мен  үйірмелер арасынан неғұрлым батыл  революциялық бағдарламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» еді. Оның кұрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді.

1917 жылғы Қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

Уақытша үкіметтің  халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін”  деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.

      Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің  Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық  беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.

   Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған  Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск жұмысшылары мен солдаттары  өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда өз қолына алды. Ташкентте  Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың  қараша айының орта кезінде  Кеңес өкіметі Черняев  қаласында  жеңді.  Қараша-желтоқсан айларында  Кеңес өкіметі Әулиетада,  Түркістанда, Қазалыда,  Арал поселкісінде және  облыстың басқа да ірі елді мекендерінде   бейбіт  жолмен орнады.  Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен  уездерінде  казак-орыс әскерлерінің  басым болуынан  Кеңес өкіметі  үшін күрес  біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында  Жаркентте, Сергиопольде, Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

Информация о работе XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері