XX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 19:19, лекция

Краткое описание

Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыcтың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

XX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой.docx

— 47.14 Кб (Скачать документ)

Сөйтіп, Ә. Бөкейхан қазақ халқын алдыңғы қатарлы Ресей, онан әрі Еуропа мәдениетінің деңгейіне жеткізу мәселесін қойды. Қазақ халқының Ресей империясына бағыныштылығы оны ұдайы толғандырды. Осымен бірге қазақ халқының ру, жүздер арасындағы өзара дау-дамайлары мен жанжалдардың толастамай отырғандығы, ескі рулық-тайпалық, феодалдық қатынастардың үзілмегендігінен надандық, қараңғылық, сауатсыздықтың, т.б. орын алуы оның жанына жай таптырмады. Тығырықтан шығудың жолы – халықты ағарту, білімге тарту деп түсінді.

Санкт-Петербургтегі орман шаруашылық институтын бітіргеннен кейін, ол Омбыға келді. Мұнда ол 14 жыл тұрып, жұмыс істейді. Ол бұрын зерттелмеген қазақ даласындағы әлеуметтік жағдайларды жан-жақты зерттеді, өзінің туған елін, халқын қорғап бірнеше мақалалар жазып, зерттеу қорытындыларын жарыққы шығара бастайды. Ә. Бөкейхан орыс шаруаларының қазақ елінің Солтүстік және орталық аймақтарында қоныстануына үзілді-кесілді қарсы болады. Ал, бұл процесс жыл сайын қарқын алып отырғанын көрсетті. Осы қоныстанудың барысында қазақ халқы 40 миллионнан астам гектар құнарлы жерінен айырылды, ал, жергілікті халық шөл және шөлейт т.б. құнарсыз жерлерге ығыстырылды. Осыған орай Ә. Бөкейхан шамасы келгенше бұл процесті тоқтатуға барлық шараларды қолданды. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатын жан-жақты әшкерелейді. Осы мазмұндас мақалалар Санкт-Петербургте шығатын «Сібір мәселелері» журналында 1908-1909-жылдары жиі жарияланып тұрды.

Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Оның «Сібір темір жолы аудандарының экономикалық зерттеу материалдары» 1904-ші жылы Ташкентте жарияланды. 1914-ші жылы Бөкейхан социал-демократиялық партияның құрылтайына қатысып, онда Ресей мемлекеттік депутаты А.Ф. Керенскиймен кездеседі. Құрылтайда Ә. Бөкейхан «Ресейдегі қырғыздардың жағдайы» туралы баяндама жасайды. Мұнда Ә. Бөкейхан Кадет партиясының орталық комитетіне сайланды. Орыстың массон ұйымының Жоғары Кеңесінің қаулысымен 1917-ші ылы Ә.Бөкейхан Батыс Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссары болып тағанындалады.

Бұл жерде массон ұйымының саясаты Ә.Бөкейханның ойынан алыс жатты, яғни қазақтарға автономияны бермеу, өзін қуғынға салу мәселесі көзделген.

Осы жылдары ол өзінің қудалау мерзімі біткеннен кейін Орынборға келеді, бірақ, оның Омбыға баруына рұқсат етілмеді. Ә.Бөкейхан Орынборда қоғамдық-саяси жұмысқа онан әрі батыл кірісті. Орынбордағы халық Ә.Бөкейханды жергілікті үкімет – қалалық думаның мүшелігіне сайлады.

Ә.Бөкейхан өзқінің шығармалары мен мақалаларында басты мақсат етіп қазақ халқын Ресей империясының құлдық-бұлғауынан азат ету, бостандық, еркіндік алып, ілгері дамуды, басқа елмен тең құқықта болуды, өзін-өзі басқаруды, т.б. алға қояды. Ол 1917-ші жылғы Ақпан революциясынан зор үміт күтті, бірақ, бұл революция оның үмітін ақтамады. 1917-ші жылы көкекте Ә.Бөкейхан Ресейдің уақытша үкіметі құрған Түркістан Комитетінің құрамына кіреді де, уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары болады.

Елде болып жатқан көптеген жаңа оқиға, процесстерге байланысты Ә.Бөкейхан ұлттық саяси партия құруға мәжбүр болды. Ізінше «Алаш» партиясы құрылды. Оның мақсаты – қазақтың егеменді мемлекетін құру. Партияның 5 қазанында (№244) жарияланды. Партияның көшбасшысы Ә.Бөкейхан болды.

1917-ші жылы Ә.Бөкейхан  Томск қаласында автономшылардың  құрылтайына қатысты. Құрылтайда  қазақтардың Сібір үкіметінің құрамында автономия алуға қаулы қабылданды. Осы жылдың желтоқсанында Орынбор қаласында бүкіл қазақтың құрылтайынды Алаш автономиялық мемлекетінің уақытша халықтық кеңесі – «Алашорда» құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Алашорданың жүргізе бастаған саяси-әлеуметтік өзгерістерінің сол уақытта болып жатқан азамат соғысы жоққа шығарды. 1919-1920-жылдары жоғары өкіметтің қаулысымен амнистия (кешірім) жарияланды. Алаш партиясының басшылығы большевиктер партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Партияның көптеген басшыларының ішінде тек Ә.Бөкейхан большевиктерге қызмет етуден бас тартты. 1926-шы жылы КСРО ғылым академиясының шақыруымен автономиялық және одақтас республикаларды зерттеуге арналған ерекше комитетінде Қазақстанды зерттеу эксперті болып қызмет атқарды. 1927 жылдан 1937-ші жылға дейін Ә.Бөкейхан өзінің Мәскеудегі пәтерінде «үй тұтқынында» отырады. 1937ж. тамыз айында

Ә.Бөкейханды Кеңес Өкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті ұйымдастырды деп айыптап, ату жазасына бұйырады.

Ә.Бөкейхан қазақтың географиясын жан-жақты терең зерттеген ғалым. Жер – адамзаттың алтын бесігі. Қандай да бір халық, ұлт болмасын, оның дамуы жерге байланысты. Ол Қазақстанның қандай аймағында жер құнарлы, құнарсыз екенін өте жақсы білген. Сондықтан осыған орай қазақ халқы өзінің ыңғайлы, тиімді, сапалы шаруашылығын ұйымдастыруы қажет деген.

Ол өзінің «Қырғыздар», «Павлодар уезі», «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы», т.б. мақалаларында жер, мал шаруашылығы туралы өте көптеген ой-пікірлер, ұсыныс, кеңестер берген. Ә.Бөкейхан этногенез, яғни халықтардың шығу тегі туралы да маңызды зерттеулер жүргізген. Мұны оның мынадай шығармаларынан байқауға болады. Олар: «Қырғыз елінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қырғыздар» және т.б. Бұл еңбектерінде статистикалық деректерді тиімді, ұтымды қолдана отырып, қай уезде қанша, қандай адамдар тұртынын айтқан.

Ә.Бөкейхан мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейханның пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.

Ә.Бөкейханның мұндай алдыңғы қатарлы, әлеуметтік ғылыми жаңа көзқарастары, ой-пікірлері қазақ қоғамының қазіргі өмір жағдайына аәйкес келіп, іске асырылуда.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы аддынғы қатарлы өкілдерінің бірі, әрі ірі оқымысты – ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Ол еңбек жолын ағартушылықтан бастады. Орын алып отырған қиындықты деңу үшін ол қазақ жазуымен айналысады. Ол алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуге кіріседі. Алдымен қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліп-би» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды.

Ол зерттеудің нәтижелерін 1912-ші жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеттерінің беттерінде жариялайды. «Айқаптың» 1912-ші жылғы 9-10 сандарында және «Қазақ» газетінің 1913-ші жылғы 34-інші және одан әрі қарайғы сандарында «Жазу мәселесі» деген көлемді мақалалар жариялап, оларда қазақ дыбыстарын білдірмейтін араб алфавитінің кейбір таңбаларын қазақ жазуына енгізбеу керектігін, тұтас сөздің жіңішкелігін білдіру үшін дәйекші деп аталатын белгі қою қажеттігін дәлелдейді. Осы кезден бастап қазақ лингвистикасының терминдері жасалып, қалыптаса бастайды. Былайша түзетілген алфавит сауат ашудың дыбыстық әдіске сай келетін кесте екендігін айтады. А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер қауымы қуана қабыфлдайды, себебі бұл қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп жасалған болатын. А. Байтұрсынов түзеткен жазу 1912-ші жылдардан бастап іс жүзінде қолданыла бастады, яғни осы жазумен кітаптар шықты, 1913-ші жылдардын бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де осы жазу қолданылды. А. Байтұрсынов реформалаған араб жазуы 1924-ші жылы ресми түрде қабылданды. Бұл - өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиеттің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды. А. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары үлгі тұтып, өз жазуларына өзгерістер енгізді. Ғалым ширек ғасырдай күш жұмсап, тер төккен бұл еңбегін, яғни «реформаланған қазақ жазуы қазақ мәдени талаптарын әбден өтей алады» деген көзқарасын латын алфавитіне көшу жаында әңгіме басталғанда, кейін 1926-щі жыы


Информация о работе XX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы