XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 23:24, реферат

Краткое описание

Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ хандығы.docx

— 31.49 Кб (Скачать документ)

Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды.

Қазақтар көктемде 22-наурызлы күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» –деп атап өтуді әдетке айналдырған.

XV-XVII ғасырларда қазақтар  арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында  терең тамыр жойған жоқ. Оған  себеп дүркін-дүркін жүргізіліп  отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі  ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген  нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде  отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.

XVI-XVII ғасырларда ауыз  әдебиеті кең өріс алды. Ауыз  әдебиетінің асыл қазыналарын  жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған  халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.

Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. 
Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.

“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.

Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.

“Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.

XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан  территориясында өмір сүрген  қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ  тайпалар одағының дәуірінен  бастап 1600 жылға дейінгі тарихы  баяндалады.

Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.

Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.

“Жамих Ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.

Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 жылы Қазанда жарық көрген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Қорытынды

 

 Қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Пайдаланылған әдебеттер:

 

1.Қазақстан тарихы. Очерк.

2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

3. Рысбайұлы К. Қазақстан  Республикасының тарихы, 4-бөлім

4.Жолдасбайұлы С. Ежелгі  және орта ғасырдағы Қазақстан.

5. Қазақстан тарихы. Қ.С. Қаражан. Алматы:Заң әдебиеті 2009ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Жоспар

 

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

   1.XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебеттер.

 

 


Информация о работе XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы