Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 20:39, автореферат

Краткое описание

Зерттеудің өзектiлiгi. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек – ҮІI-ІХ ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштері тiлi түркi жазба тiлiнiң бiзге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт-бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кыпчакполовец язык2.doc

— 509.50 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ  811.512.1       Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

Ескеева Мағрипа  Қайнарбайқызы

 

 

ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

 

 

 

10.02.06 – түркi тiлдерi

 

 

Филология ғылымдарының докторы

ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007 

 

Жұмыс Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігі  А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.

 

 

Ғылыми кеңесші:  ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы,

профессор Ә.Т.Қайдар

 

 

Ресми опоненттер:  филология ғылымдарының докторы,

профессор Б.САҒЫНДЫҚҰЛЫ

 

филология ғылымдарының докторы,

профессор З.М.БАЗАРБАЕВА

 

филология ғылымдарының докторы,

профессор М.Б.САБЫР

 

 

Жетекші ұйым:  Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 

университеті

 

 

Диссертация 2007  жылы «28» қыркүйекте  сағат 14.00 де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы  10.02.06. –  түркі тілдері және  10.02.02.– қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01. диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29.)

 

 

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында  танысуға болады  (480100, Алматы қаласы, Шевченко  көшесі, 28.)

 

 

Афтореферат 2007 жылы «28»  тамызда  таратылды.

 

 

 

Диссертациялық  кеңестің

ғылым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор   Ж.А.Манкеева

Жұмыстың жалпы  сипаттамасы

 

Зерттеудің өзектiлiгi. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек – ҮІI-ІХ ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштері тiлi түркi жазба тiлiнiң бiзге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт-бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді. Көне жазба мұралар тілінің лексикалық құрамы, фонетикалық жүйесі мен морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі қазіргі түркі тілдерінен де көрініс тауып отыруы тек табиғи-генеалогиялық сабақтастықты ғана көрсетіп қоймайды, жалпытүркілік рухтың, тілдік сананың беріктігіне де дәлел бола алады. Түркi халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтiк сипатын танытуға қызмет ететiн жалпытүркiлiк танымды жаңғыртып, түркi жұртшылығы арасындағы рухани үйлесiмдiлiк пен тарихи тұтастықты сақтауға жол ашады. Бұл көне түркi жазба мұраларын зерттеудiң тек түркiлiк тiлтану ғылымында ғана емес жалпы түркi әлемi аясындағы өзектi мәселе екенiн көрсетедi.

Көне түркі дәуірінде өмір сүріп, артына мол жазба мұра қалдырған мемлекеттік деңгейдегі түркілік бірлестіктер тек этникалық негізде ғана емес,  географиялық-аумақтық негізде де құрылғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ аумақты алып жатқан түркі елі өзіндік тілдік ерекшеліктері бар бірнеше түркі этникалық топтарын қамтығанын, сол көне тайпалардың қазіргі түркі халықтарының этностық құрамына шашырай таралғанын ескерсек, көне түркі жазбаларының барлық түркі халықтарына ортақ жәдігер, ортақ құндылық екені анық. Көне тілдің ерекше белгілері қазіргі тілдердің тек біреуінен ғана емес, әр топтағы бірнеше тілдерден көрініс беруі де кезінде өзiндiк диалектiлiк ерекшелiктерi бар жалпытүркілік ортақ жазба әдеби тілінің қолданыста болғанының куәсі. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік деңгейдегі тайпалық бірлестіктер құрамындағы саны жағынан басым топтардың немесе билеуші тайпалардың тілі де басымдыққа ие болатынын естен шығармау керек. Соған орай, көне түркілердің қазіргі мұрагерлерінің көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысы қаншалықты дәрежеде, үлес-салмағы қандай деген мәселелердің туындауы да заңды. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде көне түркі тілінің фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-дәл қайталайтын бірде-бір тіл жоқ. Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, бұл – табиғи лингвистикалық заңдылық. Сондықтан ҮII-ІХ ғасырлардағы көне түркі елінің ортақ әдеби тіліне арқау болған тайпа тiлiн немесе диалектісін анықтау көне жазба мұралар тілін қазіргі түркі тілдерімен бірден жеке-дара салыстыру негізінде емес, сол дәуірлерде өмір сүріп, түркі қағанаттарының құрамында болған көне тайпаларға тікелей қатысы бар қазіргі түркі тілдерінің макротоптарын құрайтын бірнеше тілдер деректері негізінде қарастырса нәтижелі болмақ. Сондай түркілік макротоптардың бірі – көне түркі бірлестіктерінің құрамында болған көне қыпшақ тайпаларымен тікелей генетикалық-тарихи жалғастықта қалыптасқан, қазіргі түркі тілдерінің қыпшақ тобын құрайтын – қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, қырым татарлары, башқұрт, құмық, қарайым, қарашай-балқар халықтарының тілдері. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi салыстырмалы-тарихи негiзде арнайы зерттеу нысаны ретiнде алынбауы көне мұралар тiлiн оғыздық, ұйғыр-оғыздық, қырғыз-қыпшақтық сипатта тануды қалыптастырып, батыс қыпшақ тiлдерiне қатысы күңгiрт қалып отыр, бұл жұмыстың өзектiлiгiнiң тағы бiр қырын анықтайды.

«Ескерткіш тілін зерттеудің көп  жолының тиімді де нәтижелі бір жолы – ол түбі бір түркі тілінің  түбіріне тереңірек үңілу» (Ә. Қайдар) ескерткіштер тілі мен қазіргі түркі тілдеріндегі моносиллабтардың фоно-морфо-семантикалық ерекшеліктерін айқындау. Орхон, Енисей, Талас көне түркі жазбаларының тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі бір буынды түбір-негіздердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау аталған тілдердің дыбыстық жүйесін, морфологиялық құрылысы мен семантикалық құрылымын тереңірек тани түсуге жол ашады. Түркi тіл біліміндегі түбiртану өзiндiк тарихы бар, жан-жақты талданған сала болғанымен, түбiр сөздердiң құрылымдық типтерiн анықтауда әлi даулы мәселелердiң болуы да ескерткiштер тiлiн моносиллабтық деңгейде саралаудың көкейкестiлiгiн көрсетiп, зерттеу жұмысының өзектiлiгiн танытады.

Соңғы жылдары тіл біліміндегі  когнитивті бағыттың, тіл бірліктерін  танымдық тұрғыдан зерделеу мәселесінің  жандана бастауына орай мазмұн мен  мағынаға ерекше мән беріліп, сыртқы тұлға, оның тарихи өзгерістері назардан тыс қалып жатқаны да белгілі. Шын мәнінде туыс тілдердегі сабақтастық гомогенді түбірлер мен түбір-негіздердің тұлғалық сәйкестіктерін олардың мазмұнымен, архитұлға мен архисеманың лингвогенездік негізімен, алғашқы дыбыстық тіл бірліктерінің акустикалық қалып-бейнесі мен идеялық бейнесін тұтастықта қарағанда ғана айқын ажыратылады. Сондықтан түркi тiлдерiндегi моносиллабтарды құрылымдық-жүйелiлiк, тарихи-салыстырмалы және антропоцентристiк парадигмаларды ұштастыра отырып зерттеу де қазіргі тіл білімінің даму бағытына сәйкес көкейкестi мәселелердiң бiрi.

Зерттеу нысаны – Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi бiр буынды түбiрлер мен түбiр-негiздердiң құрылымы; моносиллабтар құрамындағы фоно-корреляттар.

Зерттеу жұмысының мақсаты  мен мiндеттерi. Зерттеу жұмысының мақсаты Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi бiр буынды түбiр-негiздердi қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi сәйкес нұсқаларымен салыстыра отырып, түркi тiлдерiнiң көне түркiлiк қабатындағы түбiрлер жүйесінің құрылымдық модельдерiн нақтылау, көне жәдiгерлер тiлi мен қыпшақ тiлдерiнiң  қатыс-дәрежесiн моносиллабтар құрамындағы фоно–корреляттар негізінде анықтау. Осы мақсатқа орай мынадай мiндеттердiң шешiмiн табу көзделедi:

– Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерiнiң тілдік тұрғыдан зерттелу деңгейiн саралау;

– ҮII-ІХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiн моносиллабтық деңгейде салыстыра зерттеудiң тарихи-лингвистикалық негiзiн көрсету;

– ескерткiштер тiлi мен қыпшақ тiлдерiндегi ортақ моносиллабтық жүйенi анықтау;

– V және СV модельдерiнің  түркілік  моносиллаб концепциясындағы тарихи орнын зерттеу нысанына сәйкес YII-IX ғасыр ескерткіштері және қазіргі қыпшақ тілдері деректері негізінде бағамдау;

– VС, СVС, VСС, СVСС модельдi моносиллабтардың тарихи эволюциясы мен өзгерiстерiн түбірлес сөздер аясындағы табиғаты негізінде шамалау;

– көне түркi және қыпшақ тiлдерi моносиллабтар  жүйесiндегi тарихи дыбыс сәйкестiктерiнiң  толық құрамын көрсету;

– ескерткiштер тiлiнiң өз iшiндегi және қыпшақ тiлдерiнiң бiрi – қазақ тiлiнiң iшiндегi дыбыс сәйкестiктерiн салыстыру арқылы көне түркі тілі мен қазіргі қыпшақ-ноғай тілдері моносиллаб жүйесіндегі ортақ фонологиялық заңдылықтарды анықтау;

– дыбыс сәйкестiктерiнiң фоно-семантикалық қырларын V, VС, СV модельдерi негiзiнде зерделеу;

– моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгiн  құрылымдық– жүйелілік, тарихи–  салыстырмалы, антропоцентристік парадигмаларды ұштастыра отырып бағалау;

– көне түркiлер мен қазақтардың таным ортақтығының тiлдегi бейнесiн анықтаудағы моносиллабтық деңгейдің мәнін көрсету;

– көне түркi және қазақ тілдері ономажүйесіндегі ортақ моносиллабтық негiздiң этно-мәдени қырлары арқылы ескерткіштер тілі мен қазақ тілінің (қыпшақ тілдерінің) сабақтастығын көрсету.

Зерттеу жұмысының  дереккөзi. Орхон ескерткiштерi – Бiлгеқаған, Күлтегiн, Туниқуқ, Күлi Чор, Мойун Чур, Онгин жазбаларының, Енисей ескерткiштерi – Уюк-Тарлақ, Уюк-Аржан, Барык жазбаларының, Талас өңiрiнен табылған Айыртам-ой ескерткiштерiнiң, Шу, Талас бойынан табылған басқа да шағын жазбалардың мәтiндерi (В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ғ.Айдаров,  А.Аманжолов, Қ.Сартқожаұлының оқылымдары мен аудармалары бойынша); И.А.Батманов, З.Б.Арагачи т.б. авторлардың «Современная и древняя Енисейка» (1962), «Древние тюркские диалекты и их отражение в современных языках. Глоссарии. Указатель аффиксов» (1971), Д.Д.Васильевтiң «Корпус рунических памятников Енисея» (1983), «Древнетюрский словарь» (1969), Э.В.Севортянның «Этимологический словарь тюркских языков» (1974, Т.I; 1978, Т.II; 1980, Т.III, 1989, Т.IҮ), Л.З.Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» (1869, Т.1; 1871, Т.2.), В.Вербицкийдiң «Словарь алтайского и аладагского наречий тюркского языка» (1884, 2-басылымы, 2005), М.Қашқаридың «Девону луғат-ит түрк» (Муталибов, 1960, Т.1; 1961, Т.II; 1963, Т.III), Ә.Құрышжановтың «Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника ХII в. “Тюркско-арабского словаря”» (1970) еңбектерiндегi деректер; Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi, 10 томдық (1974, 1976, 1978, 1979, 1980, 1985, 1986), I.Кеңесбаевтың «Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi» (1977), «Қазақ тiлiнiң диалектологиялық сөздiгi» (1996), сондай-ақ қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, құмық т.б. тiлдердің түсiндiрме, диалектологиялық және екi тiлдi сөздiктерi қолданылды.

Зерттеудiң  әдiс-тәсiлдерi. Жұмыста зерттеудiң лингвистикалық әдiс-тәсiлдерiнiң бiрнеше түрi пайдаланылды. Олардың негiзгiлерi – дәстүрлi сипаттама әдiсi, тарихи-салыстырмалы, диахронды-синхрондық, типологиялық салыстыру әдiстерi, морфемдiк-компоненттiк талдау, ретроспективтi талдау тәсiлдерi, тарихи-семантикалық, этимологиялық, семасиологиялық, танымдық-логикалық талдау әдiстерi.

Зерттеудiң  ғылыми жаңалығы. Жұмыста Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiнің моносиллабтық деңгейі арнайы зерттеу нысаны ретінде алынды, әрi көне түркiлiк моносиллабтардың тұлғалық ерекшелiктерi қыпшақ тiлдерi аясында алғаш рет арнайы қарастырылып отыр.

–Орхон Енисей Талас ескерткіштері деректері негізінде ҮII-ІХ ғасыр түркiлерi тiлiнiң моносиллабтық жүйесі анықталды;

– ескерткiштер тiлiмен салыстырыла отырып, батыс қыпшақ тiлдерi ортақ моносиллабтық жүйесiнің көне түркілік қабаты жіктелді;

– көне түркi тiлiндегi моносиллабтардың құрылымдық типтерiнiң тарихи даму бағыты айқындалды;

– ескерткiштер тiлi мен  қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар  жүйесiндегi дыбыс сәйкестiктерiнiң  толық құрамы ажыратылды;

– ескерткiштер тiлiндегі қыпшақтық белгілер ҮII-ІХ ғасыр түркiлерi тілі мен қыпшақ-ноғай топшасындағы тiлдердiң өзара жақындығын көрсететiн моносиллабтар құрамындағы дыбыс сәйкестiктерi негізінде дәлелденді;

– V, СV модельдi моносиллабтар құрамындағы  фоно-корреляттардың сөз мағынасына ықпал ету мүмкiндiгi бастапқы архетиптердiң  полифонды және полисемалы болып  келуiмен байланысты құбылыс екені анықталды;

  • моносиллабтар дамуындағы тұлға мен мазмұн үйлесiмдiлiгiн қалыптастырудағы фоно-корреляттардың мәні ашылды;
  • ескерткiштер тiлi мен қазақ тiлi онимдік жүйесiнiң ортақ моносиллабтық негiзi лингво-танымдық сабақтастықтың көрiнiсi ретінде бағаланды;

– ескерткiштер тiлінiң қыпшақ-оғыздық сипаты зерттеу мақсаты мен нысанына сәйкес фоно-корреляттар негізінде дәйектелді;

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы.

Тақырыптың теориялық  маңызын жұмыстың өзектiлiгi айқындайды. ҮII-ІХ ғасыр ескерткiштер тiлi мен қазіргі қыпшақ тiлдерiнiң моносиллабтық жүйесінiң негiзiн анықтап, олардың құрылымдық модельдерiнiң даму эволюциясы мен тарихи орнын саралау түркілік моносиллаб концепциясын теориялық тұрғыдан дәйектеп, түбіртанудың күрделі мәселелерін шешуге, жалпытүркілік түбірлер корпусын сомдауға септігін тигізеді. Қазiргi түркi тiлдерiнiң үлкен бiр бұтағын құрайтын қыпшақ тобындағы тiлдер мен көне түркi мемлекеттерi қалдырған жазба ескерткiштер тiлiн моносиллабтық деңгейде зерделеу тарих пен тіл сабақтастығы арқылы жалпы түркiлерге тән онтологиялық, семасиологиялық стереотиптердi модельдеуге жол ашады.

Зерттеу жұмысының  практикалық мәнi. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында түркiтануға кiрiспе, көне түркi тiлi, түркi тiлдерiнiң салыстырмалы грамматикасы, қазiргi түркi тiлдерi, қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы пәндерi бойынша ғылыми курстардан дәрiс оқуда,  қыпшақ тiлдерiнiң тарихи морфологиясы, тарихи дыбыс өзгерiстерi, түбiр мәселелерi бойынша арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткiзуге, көмекшi оқу құралдарын дайындауда септiгiн тигiзедi. Сондай-ақ жинақталған тiлдiк материалды тарихи этимологиялық зерттеулер мен лексикографиялық еңбектерде де пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негiзгi тұжырымдар:

– Орхон, Енисей, Талас  ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiн салыстыра зерттеу негізінде моносиллабтардың құрылымдық ерекшеліктерін анықтаудың тарихи-лингвистикалық негiзi бар;

Информация о работе Жұмыстың жалпы сипаттамасы