Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 10:57, курсовая работа

Краткое описание

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың мақсаты – ағылшын тілін оқытуда бейне материалдарды пайдаланудың тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
3. Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Курстық жұмыстың зертттеу объектісі – Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері
Курстық жұмыстың теориялық маңызы:
1. Жалпы білім беретін орта мектептердің ағылшын тілі сабақтарында бейне материалдарды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.
2. Оқыту үдерісінде бейне материалдарды тиімді пайдаланудың дидактикалық – әдістемелік шарттары белгіленді.
3. Білім беру үдерісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде бейне материалдарды пайдаланудың жаңа нұсқаларын жасау.
4. Жалпы білім беретін орта мектептерде бейне материалдарды ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы – Аталған мәселе бойынша педагогикалық тәжірибе талданып, жинақталды; ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен жасалған бейнефильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық презентациялар мен интернет желісі сөйлеуге үйрету үдерісінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1.2-5]. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе.
Егемен елімізде болашақ мамандар кәсіби деңгейде даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісінде қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы [4.10].
Курстық жұмыста бейне материалдарды пайдаланып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау мектепте ағылшын тілі пәнін оқыту мысалында қарастылырған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 80.22 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

І. Жоғары сатыда монологтық сөйлеуге үйретуде мақал-мәтелдерді қолдану аясында оқушының сөйлеу қабілетін арттыру, дамытуға  жалпы сипаттама

1.1 Монологтық сөйлеуге анықтама және оның даму тарихы

1.2 Мақал-мәтел ұғымы және  даму тарихы

1.3 Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

 

ІІ. Жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету сөйлеу дағдысының ең тиімді әдісі ретінде (Қаракемер орта мектебі мысалында)

2.1 Мақал-мәтелдер арқылы шетел тілі сабағын да монологтық сөйлеуге үйретудің тиімділіктері (Қаракемер орта мектебі мысалында)

2.2 Жоғары сатыдағы оқушылардың өз ойын толық жеткізу

2.3 Мақал-мәтелдер жоғары сынып оқушыларын монологтық сөйлеуге үйретудің қайнар көзі

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

      Кіріспе

 

    Қазіргі заман талаптарының бірі мемлекеттік және халықаралық тілдерді жетік меңгеру болып табылады. Сондықтан қазіргі заман талабының қалауы оқыған, білімді, көкірегі ашық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сөйлеушілер саны миллиардтан асатын ағылшын тілі бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы тілдердің бірі болып отыр. Қазіргі кезде шетел тілінің қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Ол қоғамдық-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы айғақ болып отыр. Бұл айғақ шетел тілдерін оқытудың дәрежесін жоғарлатуда.

   Курстық жұмыстың тақырыбы: Жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету

     Курстық жұмыстың мақсаты - жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

- монологтық сөйлеуге  анықтама және оның даму тарихы;

- мақал-мәтел ұғымы және оның даму тарихы;

- жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

- жоғары сатыдағы оқушылардың өз ойын толық жеткізу;

- мақал-мәтелдер арқылы шетел тілі сабағын да  монологтық сөйлеуге үйретудің тиімділіктері;

- мақал-мәтелдер жоғары сынып оқушыларын монологтық сөйлеуге үйретудің қайнар көзі 

  Курстық жұмыстың зертттеу объектісі - жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету.

   Курстық  жұмыстың теориялық маңызы- монологтық сөйлеудің даму тарихын түсіндіру, мақал- мәтелдер халықтық нақыл сөздер жиыны, жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.

   Курстық  жұмыстың практикалық маңызы - мақал-мәтелдер арқылы шетел тілі сабағында монологтық сөйлеуге үйретудің тиімділіктері (Қаракемер орта мектебі мысалында). Мақал-мәтелдер жоғары сынып оқушыларын монолгтық сөйлеуге үйретідің қайнар көзі.

     Курстық жұмыстың өзектілігі - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  айтқандай «Үштұғырлы тіл»: Бәсекеге қабілетті ұлт болудың ең бірінші сатысы. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. [1]

     Біздің болашақ ұрпағымыз тек өз ана тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеруі хақ. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие процесін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін бірнеше әдістер арқылы оқыту.

     Қазіргі кезде шетел тілдеріне қоғамның сұранысы өсіп отырған жағдайда шетел тілдерін оқыту әдістемесіне оның кейбір мәселелерін шешуге басты назар аудару керек. Шетел тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты болады. Оның ең бастысы оқытудың алдына қойылған мақсаты, оқушының жас ерекшелігі, оқуға бөлінген уақыт т.б. Оқушының жас ерекшелігі бойынша жоғары сатыда, яғни 15-17 жас аралығындағы оқушылардың мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрету, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

     Шетел тілдерін оқытуда көптеген қиындықтар кездеседі. Егер бастапқыда дұрыс оқытылса алып кету оңай. Бірақ тіл болған соң оны жетік меңгеру, білу мүмкін емес. Өмір бойы үйренер тұстары көп. Оқушының негізгі базасы мектеп қабырғасында қаланылуы тиіс. Оқушылардың көбінің қызығушылығы қазіргі кезде артуда. Жоғары сынып оқушыларына сөйлеу үрдісін соның ішінде монологтық сөйлеуге үйретуде  көптеген мақал-мәтелдер, идиомалық сөздер, фразалық тіркестер, тұрақты тіркестерді көп қолданып оқушының қызығушылығын арттыру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек.

     Монологты сөйлеуді  дамыту сабақтары – шетел тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі.

      В.Л.Скаткиннің пікірінше, монологтық сөйлеу дегеніміз - ойлауға, еске күш түсіретін сөз, сөйлем шығару процесі. Сөйлеудің бір түрі монологтық сөйлеу алдын ала әзірленуді талап етеді. [2. 121 б]

     Оқушының сөйлеу процесінде ойын анық, әсерлі, таза, көркем, түсінікті етіп жеткізуде  мақал–мәтелдер, идиомалық сөздер, фразалық тіркестер, тұрақты тіркестерді қолданып сөйлей білуі тыңдаушыға жағымды, әсерлі естіледі. Сонымен қатар сөз байлығын , яғни сөздік қорын көбейтеді.

     Мақал-мәтел дегенде халық әдет-ғұрпын, ұғым-сенімін, дүниеге көзқарасын көрсететін өмір тәжірибесінен, тіршілік танымынан түйіп түзілген мақал-мәтелдердің оқушыларға берер тәлім тәрбиесі мол. Осы тұрғыда жоғары сатыда мақал-мәтелдер арқылы монологтық сөйлеуге үйрете отырып ұлттық сана-сезімін, ана тілін, салт-дәстүрін жақсы біліп, сыйлап, құрмет тұтуға үйрете отырып тәрбиелеу.

      Курстық жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

   

 

 

Жоғары сатыда монологтық сөйлеуге үйретуде мақал  –мәтелдерді қолдану аясында  оқушының сөйлеу қабілетін арттыру, дамытуға  жалпы сипаттама

 

1.1  Монологтық сөйлеуге анықтама және оның даму тарихы. 

   Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.

   Монологтық сөйлеуді дамытудың сабақтарының міндеттері мынадай:

1. Қарым-қатынас жасаудың белгілі бір шартында, белгілі бір адамға қаратып сөйлеу;

2. Өз ойын толық түсіндіруді көздеу;

3. Бір-бірімен жалғасқан логикалық ойды жеткізу;

4. Фразалары тоқтамайтын жылдамдықпен сөйлеу. [2. 121-22б]

   Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады. [3.]

   Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.

   Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.)әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар(автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сөз т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы(риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.)оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.

   Монологтық сөйлеудің біліктіліктері

  • хабарды хабарлама, баяндама, шағын сөз сөйлеу түрінде бере алу;
  • хабарламаның тақырыбын, мәселесін, негізгі ойларын құрастыра алу;
  • хабарламаның ауызша жоспарын жасай алу;
  • ауызша реферат дайындай алу;
  • фактілерге, құбылыстарға, жағдайларға түсініктеме бере алу;
  • фактілерді, жағдайларды, құбылыстарды, кейіпкерлерді мазмұндау;
  • афоризмдерге, ұлылардың сөздеріне түсініктеме беру;
  • нақты фактілерді логикалық бірізділікпен бере алу;
  • оқылған немесе тыңдалған мәтіннің мазмұнын қысқаша,толық айтып беру;
  • оқылған немесе тыңдалған мәтін бойынша түйін (резюме) жасай алу;

  Монологтық сөйлеудің құрылымы

  • негізгі бөлім: түсініктемелер, толықтырулар, көрнекіліктер, дәлелдермен берілетін негізгі ой;
  • қорытынды: негізгі бөлімде айтылғандармен сәйкес жасалған түйіндер.

   Монологта сөйлеушінің басты мақсаты–тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу. Әрбір тыңдаушының келіп түскен хабарды қабылдау, түсіну, қорыту сапасы түрліше болғандықтан, сөйлеуші түрлі лингвистикалық құралдарды, тәсілдерді қолдана алады.

  Оларға мыналар жатады:

- қаратпа сөз және т.б. толықтырылған  жай және құрамалас сөйлемдер; 

- риторикалық сұрақтар;

- етістіктің 1 жағы көпше түрі (оқимыз, қарастырамыз);

- байланыстыру құралдары (біріншіден, сонымен, яғни, қорыта айтқанда);

- сонымен қатар қайталаулар  т.б. 

   Монологтық сөйлеу логикалық құрылған сөйлемдері, бір-бірімен қатысты 
белгілі бір мақсатқа бағытталған бір адамның сөзі монологты сөйлеуді жүзеге асыру үшін оның мынандай жүзеге асыру сатылары бар.

1. Алғашқы сатысында заттың атын айту,оның түсін көрсету, мөлшерін, орналасуын, қатысын, өзінің сол затқа қатысын көрсету т.б. 
2. Жаңағы сөйлеу бірліктерін жинақтап қатысын айту керегін таңдау. 
3. Жадыдағы тілдік бірліктерді құрастырып оларға эмоционалды анық бояу беру.[3.] 

  1.2  Мақал-мәтел ұғымы және даму тарихы

   Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойы тәжірибесі негізінде пікір айтылады. Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады. Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

   Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызы, шебер беруге тырысады. Сөйтіп, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін” жинақтап, қорытып береді.

[ 4. 22-23 б]

   Мақал-мәтелдердің тақырыптары. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды. Шарушылық кәсіпке, тіршілік тұрмысқа байланысты мақал-мәтелдерде төрт-түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты тәжірибелер жинақталып, қорытылып берілген. Мақал-мәтелдердің бұл түрінде малдың адамға тигізетін пайдасы, өнімі, т.б қасиеттері сөз болады. Мысалы, “Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын”, “Жылқы-малдың патшасы”, “Сиыр судан жериді”, “Сиыр алсаң танып ал, танымасаң тарғыл ал”, т.б.

   Отанды сүю, ерлік  тақырыбында “Ерлік тәрбиеден  туады”, “Ерлік білекте емес, жүректе”, “Отанын сүйген ер болар”, т.б.  көптеген мақал-мәтелдер туған. Ерлік пен еңбек егіз деп ұққан қазақ халқы бір топ мақал-мәтелдерін еңбектің мән-мағынасын ашуға арнаған. Мәселен, “Еңбек ер атандырады”, “Еңбекпен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер”, “Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей”, “Еңбек түбі-береке”, т.б. деп, еңбектің адам өміріндегі орнын айқындауды көздеген.

   Өнерді пір тұтқан  ата-бабамыз “Өнерлі өлмейді”, “Өнерді үйрен, үйрен де жирен”, “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнерлінің қолы алтын” деп, өнердің тіршіліктің тұтқасы екенін кейінгі ұрпаққа сездіруді мақсат еткен.

    Содай-ақ халқымыз  білімді адам өмірін жеңілдету  үшін, алға қойған мақсатқа жеткізу  үшін қызмет ететін күшті құрал  деп білді. Мысалы: “Оқусыз білім  жоқ, білімсіз күнің жоқ”, “Білімдіге  дүние жарық. Білімсіздің күні  ғаріп”, “Оқу- білім азығы, білім-ырыс  қазығы”, т.б.

Информация о работе Ағылшын тілі сабағында бейне материалдарды қолдану тиімділігі және тәсілдері