Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ..............................................................................................................

1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........

1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................

1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................

1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....

2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................

2.1 Толық серіктестік.............................................................................................

2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................

2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫққққ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

      

      

      

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еліміздегі экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі кәсіпкерлік саясат болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда шаруашылық серіктестіктердің маңызы зор. Біз білетіндей азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдар мен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.

Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады [1,26].

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].

Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін. Алайда, бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушылардың саны екеуден кем болмауы тиіс.

Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, заңды тұлға және мемлекет шаруашылық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Мұнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматтар ғана толық серіктестіктердің қатысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады. Бұл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты [4,100].

Ел экономикасында болып жатқан маңызды өзгерістер қоғамның кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарға баса назар аударудың артуына ықпал етуде. Нарықтық экономикаға көшу барысында, мемлекет тез арада шешуді қажет ететін көптеген өзекті мәселелермен кездесті. Бұл мәселелердің қатарына шаруашылық серіктестіктердің қызметін құқықтық реттеу де жатады. Бірінші кезекте, бұл саладағы заңдарды жетілдіру қажеттігі болып отыр, себебі қабылданатын заңдардың рөлі мен мазмұны заман талабына сай болуы тиіс. Екінші кезекте, кейбір салық үстемелерінің жоғарылығы, кәсіпкерлік қызметтің баяу дамуына, шаруашылық субъектілер бастамаларының төмендеуіне алып келіп отыр. Осының нәтижесінде салықтарды төлеуден жалтару, кірістерін жасырып қалу және азайтып көрсету, кірістері жөнінде декларация беруден қашу сияқты көріністер орын алады. Ал, бұл көріністер өз кезегінде, нарықтық экономика бәсекелестігін әлсіретіп, мемлекеттің экономикалық жағдайын төмендетеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты зерттеудің әдістемелік негіздерін, методологиялық негізін, жүйелі, салыстырмалы-құқықтық әдістемелік негіздер құрайды. Жұмысты зерттеу барысында шаруашылық серіктестіктер мәселесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ ғалымдарың еңбектері мен арнайы әдебиеттер қолданылды. Зерттеу мақсаты – шаруашылық серіктестіктердің құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.

Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:

1.Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу;

2.Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.

Қазақстанда кәсіпкерлік қатынастардың қалыптасуы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы шаруашылық серіктестіктердің маңызы және ерекшеліктері, шаруашылық серіктестіктердің заңды тұлға ретіндегі ұғымы мен ерекшеліктері, шаруашылық серіктестіктердің түрлерінің толық сипаттамасы, шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшыларының және қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін зерттеу, жан-жақты талдау. Дипломдық жұмыстың мақсатына ғылыми әдебиеттегі тұжырымдамалар басшылыққа алына отырып, материалдарды зерттеу және бағалау жолымен жету көзделген.

Жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік-құқықтық қатынастарының көптеген өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ осы құқық саласының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде салық төлеушілердің мүдделерін есепке ала отырып жалпы ғылыми негізде ұсыныстар мен тұжырымдар және қорытындылар беру қолға алынды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Шаруашылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы, түрлері, қатысушылардың құқықтары өз кезегінде зерттеу объектісі болып табылады.

Шаруашылық серіктестіктерден туындайтын мәселелер күрделілігімен және көлемділігімен ерекшеленеді. Сонда да мен бұл еңбегімізде шаруашылық серіктестіктердің түсінігін, түрлерін қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашып көрсетуге тырыстық.

Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды. Құқықтық зерттеудің барысында келесі арнаулы тәсілдер: салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі, формальдық-логикалық тәсілдер және тағы басқалары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде шаруашылық серіктестіктердің және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінген. Құқықтың негізгі қайнар көзі – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті – Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық кодекстің нормалары қолданылады.

Ғылыми әдебиеттерде шаруашылық серіктестіктерге көп көңіл бөлінген. Жоғарыда аталған тақырыпты зерттеу барысында отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып осы тақырыпты жан-жақты зерттеп, өз алдымызға қойған ғылыми мақсаттарымызға жеттік деген ойдамыз. Отандық және шетел азаматтық құқық саласына еңбегі сіңген ғалымдар атап айтқанда: А.Г. Диденко, Ю.Г. Басин, Д.А. Колбасин., Төлеуғалиев Ғ., Жайлин Ғ.А., Лепесова А.К., Сулейменов М.К., С.И. Климкин., Е.Ш. Дүсіпов., О.К. Қағазов., О.С Иоффе., Мороз С.П. және тағы басқалары. Дипломдық жұмыстың негізгі қайнар көзі ретінде аталған ғалымдардың еңбектерін таңдадық.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау шараушылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы мәселесіне арналған. Екінші тарауда шаруашылық серіктестіктердің түрлерінің құқықтық реттелу мәселесі қарастырылған.

 

 

1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте заңды тұлғалардың ұғымы берілген: «меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады» . Заңды тұлғалардың түрлері екі түрге бөлінеді: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Азаматтық кодексте көрсетілгендей коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысанында құрылады. Аталған коммерциялық ұйымдардың басты мақсаты табыс келтіруді көздейді [6].

Қазақстан Республикасында жоғрыда көрсетілген коммерциялық ұйымдар туралы арнайы заңдар қабылданған, соның қатарына 1995 жылғы 2 мамырда қабылданған «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңды атап көрсетуге болады. Шаруашылық серіктестіктердің негізгі анықтамасы Қазақстан Республикасы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңында көрсетілген: «жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады». Шаруашылық серіктестіктердің құрылуы және қызмет етуі, сондай-ақ «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктердің құрылуы және қызмет етуі құрылтай құжатымен де реттеледі [2].

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарына нотариат куәландыруға тиіс жарғы және құрылтай құжаты жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде көрсетілгендей: «ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады». Құрылтайшылардың жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс [7,43]

Сонымен қатар, шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн. Серiктестiктiң құрылтайшылары осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады. Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi [8,66].

Шаруашылық серiктестiгiнің құрылтайшылары тіркелгеннен кейін қатысушылар мәртебесіне ие болады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайда құрылтайшылар деп, келесі жағдайда – қатысушылар деп атайды.

«Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық «құрылтайшылар» «қатысушылар» болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [9,125].

Жалпы ереже бойынша шаруашылық серiктестiктің құрылтайшысы заңды және жеке тұлға бола алады. Заңда шаруашылық серіктестік қатысушысы ретінде өкілдік, атқарушы және сот билігінің органдарына қатысуға тыйым салынады. Ал, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда шаруашылық серiктестiк қатысушылары ретінде осы мақсаттарда арнайы құрылған атқарушы органдар болуы мүмкін. Сонымен қатар, толық және сенім серіктестіктерінен басқа, бір тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден-бір қатысушысына тиесілі болады. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңға сәйкес серiктестiктердің жарғылық капиталына, олардың мөлшеріне белгілі бір талаптарды қояды және осы арқылы серiктестiктердің әр түрінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері, оны қалыптастыру және өзгертудің тәртібі мен мерзімдері айқындалады. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серiктестiк мүлкінің құнындағы үлестері жарғылық капиталдағы салымдарына тең болады [2].

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы