Витамин таризди заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:31, реферат

Краткое описание

Егер бауырда холин жеткіліксіз болса, диацилглицерін
ТАГ синтезіне пайдаланып,фосфалипидтер синтезі баяулайды, бауырдың майлануына әкеліп соғады.
• Холин инозитпен бірге әсер етіп,майлар мен холестериннің пайдалануына жағдай жасайды. Гематоэнцефалды барьер арқылы отіп, ол тағам қурамыда миға барып, миды турақсызданудан сақтайды және тікелей ми клеткаларына тусіп, онда мидың есте сақтауын жақсартып, химиялық байланыстарды синтездейтін заттардың бірі. Мидың есте сақтау қәбілетін реттейтін нерв импулстерін өткізеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Витаминдер 8 стр.doc

— 84.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

  • Витамин тәрізді заттардың жіктелуі, олардың маңызы
  • Суда еритін витамин тәрізді заттардың табиғатта таралуы, организмдегі әр турлі синтездерге қатысуы, медицинада қолданылуы
  • Майда еритін витамин тәрізді заттарға сипаттама
  • Витамин тәрізді заттар деп аталу себебі, олар жануарлар мен адам организмінде синтезделуімен ерекшеленеді. Олардың жеткіліксіздігінен авитаминозға тән сыртқы белгілер байқалмайды, дегенмен осы заттардың жеткіліксіз молшерде тузілуі жануарлар мен адам организміндегі алмасу процестерінің бұзылуына әкеліп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Витамин тәрізді заттар:

 

  • Суда еритін:
  • Холин
  • Инозит
  • Липой қышқылы
  • Карнитин
  • Орот қышқылы(B13)
  • Пангам қышқылы (В15)
  • S-аденозилметионин(B-U)
  • Парааминобензой қышқылы
  • Майда еритін:
  • Убихинон;кофермент Q (KoQ)
  • F тобының витаминдері

 

Холин(B4)-аминоэтил спирті 
Фосфатидтердің, ацетилхолиннің синтезіне қатысады, трансметилдену реакцияларында СН3-тобының  доноры болып табылады, мисалы пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердың биосинтезінде.

    Фосфатидтердің диацилглицеринмен синтезінде холиннің ролы:

  Бул синтез кобіне  бауырда,окпе және май тіндерінде  жүреді:

 

даг + цдф-холин            фосфатидилхолин +цмф

 

    Егер бауырда  холин жеткіліксіз болса, диацилглицерін

ТАГ синтезіне пайдаланып,фосфалипидтер синтезі баяулайды, бауырдың майлануына әкеліп соғады.

  • Холин инозитпен бірге әсер етіп,майлар мен холестериннің пайдалануына жағдай жасайды. Гематоэнцефалды барьер арқылы отіп,  ол тағам қурамыда миға барып, миды турақсызданудан сақтайды және тікелей ми клеткаларына тусіп, онда мидың есте сақтауын жақсартып, химиялық байланыстарды синтездейтін заттардың бірі. Мидың есте сақтау қәбілетін реттейтін нерв импулстерін өткізеді.
  • Бауыр жұмысын жеңілдетеді.Организмден үулар мен дәрілердің шығарылуын жеңілдетед. Альцгеймер ауруін емдеуде қолданады.

 

  • Қарсыластары:су, сульфаниламидті препараттар, эстерогендер, алькогол
  • Кеңес:Әр қашан холинді В тобының витаминдерімен бірге қолдану керек. Егерде сіз жиі қобалжып,ашуланшақ болсаңыз холин молшерін кобірек қабылдауыңыз керек.
  • Табиғы коздері: жұмыртқаның саруызы,ми, жүрек, жасыл жапырақты коконістер, ашытқыларда,бауырда, бидай қабыршағы (завязь пшеницы),лецитин құраминда  
  • Холи  ішек микрофлорасында синтезделеді. Тәуліктік қәжеттілігі 250-600 мг тәуліктік қәжет
  • Холиннің жеткіліксіздігі эксперимент арқылы бауырдың май инфильтрациясы және липидтердің синтезі бұзылуы түрінде корінеді.                 

Инозит(6 атомдық циклдық спирт)

 

  • Жануарлар организминде инозит липотропты заттың ролын атқарады. Оның жеткіліксіз болуы нәтіжесінде ФЛ синтезі бұзылады, бауырда ТАГ жиналып, бауырды май басу дыстрофиясы дамиды.
  • Инозіт бауыр, ет, жұмыртқа белогы, нан, картоп, қауында, мейізде, грейпфрутта, капустада, арахиста, саңырауқұлақтарда коп. Тәуліктік қәжеттілігі 1-1,5г
  • Бұлшық ет дистрофиясында липотропты препарат ретінде қолданады.
  • Инозит шашты түсуден сақтайды, оның саулығын қамтамасыз етеді. Организмде инозит томендеуінен Экзема ауруы келіп шығады.
  • Қарсыластары:су, эстерогендер, алькогол, кофе
  • Кеңес:инозитпен бірге холин, В тобының витаминдерін қабылдау керек. Егер сіз коп кофе ішетін болсаңіз, сізге инозитті қосымша пайдалану керек. 

Карнитин(В7)

 

  • Карнитин адам ағзасында қатар қызметтер атқаратын витамин тәрізді зат. Карнитин адам ағзасынан ХХ ғ басында табылды.1905ж орыс зерттеушілері П.З.Кримбергпен В.С.Гулевич карнитинді бұлшұқ ет тінінің экстрактінен тапты(осыдан:лат. Carnis-ет)
  • 1959 жыл карнитин май қышқылдарының тотығуында маңызы бар екендігі анықталды.
  • Карнитин ұзынтізбекті май қышқылдарының цитоплазмадан митохондрияларға тасымалдануына қатысады. Митохондрия мембранасы  ұзын тізбекті май қышқылдарын өткізбейді.  
  • Ұзын тізбекті Ацил-Коа карнитин деген арнайы тасымалдаушының көмегімен цитоплазмадан мембранаға тасымалданады. Осыған байланысты БМҚ тотығуын тездетіп энергия тузілуіне ықпал етеді.

 

  O

  •     R-CH2-CH2-C-O
  •         CoA-SH             ATФ
  •        Aцил- KoA-      
  •         синтетаза            AMФ+PP
  • Ацил – SKoA R-CH2-CH2-C-S  CoA

                       O

 

  • Митохон-я мембр карнитинмен тасымалдану

           

  • b-тотығу

       

  • Карнитин табиғы формада (L-карнитин) барлық тіндермен мүшелерде кездеседі,негізінен коп молшерде организм ушін маңызды мушелерде(бұлшық ет, журек, ми, буйрек,бауыр).Карнитинге тәуліктік қажеттілік орташа есеппен 200-500мг. Ой,физикалық және эмоциялық жүктемелерде,әр турлі ауруларда қежеттілігі 4-20 рет оседі.
  • L-карнитин жетіспеушілігі не онің сіңуі бұзылуі, бұлшық ет немесе журек клеткаларында b-тотығудың бузылыстарына әкеледі.
  • Карнитиннің ең бірінші майлардың метоболизміне қажет,                       L-карнитинсіз май қышқылдары энергияға айнала алмайды. Оның тағы бір қізметіне организмді тазартуы кіреді. Ол алмасу процестерінен болінген токсиндермен байланысады. Бұл комплекстер организмден буйрек арқылы шығарылады.

 

Ет тағамдары карнитинге бай. Тәуліктік дозасы:

500 мг

Бұлшық ет қызметін, ұйқы безінің  сыртқы секрейиясын стимульдеуге

, миокард дистрофиясында қолданады. 

ЛИПОЙ ҚЫШҚЫЛЫ (вит N)-

 

  •  8 комиртегіден тұратын органикалық қышқыл
  • Тотыққан және тотықсызданған формада болуына байланысты(ТТР на қатысады)түрлі белоктардың, соның ішінде ферменттердің активті топтарының тиосульфгидрилдік айналуларына тікелей қатысады.
  • Мультиферменттік комплекстің құрамына кіре отырып, кетоқышқылдарының тотығудан декорбаксилдену реакцияларына қатысады. Осылайша комірсулар және энергия алмасуының метаболиттерін тотықтыруға қатысады.

 

  • Липой қышқылы осімдіктер бойында, микроорганизмдерде ұшырасады. Ашытқыда, етте, сутте коп.
  • Липой қышқылын бауыр ауруларын, қант диабетін, атеросклерозды және түрлі интоксикацияларды емдеуде, бұлшық ет дистрофиясында липотропты препарат ретінде қолданады.

 

ОРОТ ҚЫШҚЫЛЫ(В13)-

 
уроцил-4-карбон қышқылы

  • Активті формасы оротидин -5-фосфат, пиримидин негіздерінің, нуклеотидтердің синтезіне қәжет.   
  • Белок синтезін, жасушалардың бөлінуін, организмнің өсуі мен дамуын стимулдейді. Галактозаның өзгерулеріне қатысады.   
  • Ферменттердің активтілігіне әсер етеді.
  • Орот қышқылы жануар өнімдерінде кең тараған.
  • Өсіп келе жатқан организм үшін және регенерация кезеңінде қәжеттілік артады.
  • Шала туылған балалар бойын өсіруге, бұлшық ет дистрофиясында, регенерация процестерін кушейтуде стимулятор ретінде қолданады.                         

S-аденозилметионин(вит U)

  • Активті метил топтарының доноры, холин, креатин және т.б метилі бар заттардың синтезіне қатысады.(сурет-5) АҚЖ кілегей қабатының регенерациясын қамтамасыз ететін процестерге оң әсер ететіндігі анықталған.
  • U-дәрумені шикі көкөністерде, әсіресе капустада, жаңа сауылған  сүтте, бауырда кездеседі.
  • Ас қорыту жүйесінде зақымданған ішек қуыстарының шырышты қабатарының қалпына тез келуіне ықпалы зор.

 

Парааминобензой қышқылы

  • Адам организмінде атқаратын басты функциясы- коферменттік. Суда ериді, организмде синтезделуі мумкін. Фолациннің құрамына кіреді.
  • Ішек микрофлорасының тіршілік етуі ушін қажет. ДНҚ, РНҚ синтезіне және тирозиннің меланинге айналуына қатысады.
  • Фотоқорғаныштық әсерге ие.
  • Табиғи көздері: бауыр, бүйрек, тазартылған дән, күріш, сұлы, қара сірне(черная патока)
  • Күнге күюден қорғайтын косметикалық заттарда қолданады.
  • Теріні жұмсақ, әрі тегіс сақтайды. Әжім түсуден сақтайды. Күйіктерде ауру сезімін азайтады.
  • Кейбір адамдар фол қышқылымен ПАБҚ байланыстары ағарған шаштарға олардың табиғи түсін қайтарды деп  айтады. Бұл жұмыс жануарларда қолданғанда оң нәтиже алынды. Сол үшін оны қолдануға болады(1.000мг ПАБҚ ұзартылған түрде аптасына 6 рет). Егерде сіз пенициллин, не кез келген сульфаниламидті препарат қолданғанда ПАБҚ да қабылдау керек.

 

ПАНГАМ ҚЫШҚЫЛЫ(В15)-

 
глюкон қышқылының N-диметил  
глицин эфирі

Метионин сияқты метил  топтарының көзі болып табылады. Холинның ,ФЛ, креатин және т.с.с биосинтезіне қатысады.

В15  витаминін енгізгенде оттектік тапшылыққа (аноксия) деген төзімділік артады, тіндерде оттегінің пайдалануы кушейтеді. Дене еңбегі кезінде бауыр гликогені сақталады және лактат артық мөлшерде жиналмайды, бауырдың май инфильтрациясы баяулайды.

Экспериментальдық атеросклероздың  дамуы тежеледі.

Көптеген тағамдар құрамына кіреді. Бауыр аурулары кезінде, атеросклерозда липотропты зат ретінде қолданады.

 

УБИХИНОН:кофермент- Q(KoQ)

 

  • Химиялық табиғаты жағынан бензохинон туындысы. Өсімдіктен бастап микроорганизм, жануарларға дейін табиғат дүниесінде кең тараған. Сондықтан да ағылшын тіліндегі “кең  таралған” деген ұғымды білдіретін ”ubi” ге ”хинон” –ды қосып убихинон деп атаған. Оның құрамында изопреннің қалдығынан тұратын алыфатты бүйір тізбегі бар, майда жақсы еріді. Сондықтанда мембранада фосфолипиттермен бірге кездеседі. Организмде синтезделеді.
  • Ол биологиялық тотығу тізбегінде флавинферменттерінен екі сутегі атомын қосып алып, тотықсызданған гидроксиубихинонға айналады.  Кейін  ол электрондарды цитохромдарға тасымалдап тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады.
  • Бұлшық ет дистрофияларында, жүректің жиырылу қызметі бұзылғанда, анемияның кей бір турлерін емдеуде қолданылады.

 

F тобының витаминдері

 

  • Оларға линол- C17H31COOH ,линолен -C17H29COOH , арахинон -C19H31COOH қышқылдары жатады.
  • Тағам құрамында міндетті түрде көп қанықпаған май қышқылдары болуы керек. Олар организмде синтезделмейді. Демек, бұл май қышқылдары өсімдік текті тағамдар немесе теңіз жануарларынан жасалған тағамдар арқылы міндетті түрде түсіп тұруы қәжет. Сол себепті оларды алмастырылмайтын май қышқылдары деп атайды.
  • Өсімдік майларында көп кездеседі.Тәуліктік қәжеттілігі 5-10г

 

F-тобының  витаминдерінің атқаратын функциясы:

  • Биологиялық мембрананың құрамына кіре отырып, оның сұйықтық күйін қамтамасыз етеді.
  • Атеросклероздың тууына себеп болатын тығыздығы төмен липопротеидтердің (ТТЛП) синтезін тежейді
  • Қабынуға қарсы эффект көрсетеді
  • Қанның ұюын төмендетеді және тромб түзілуін тежейді.
  • Көздің көру қуатын жоғарылатады.
  • Атеросклероздың алдын алуда, тері ауруларында қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  • У.Сайпіл, С.М.Плешкова, “Ферменттер. Энергия алмасуы.

    Витаминдер.” 2001

  • С.М.Плешкова, С.А.Абитаева “Белоктар ”
  • Витамины и витаминные препараты, В.А. Яковлева,

    «Медицина», 1973 г.

  • Рысс С. : Москва, «Витамины», 1963 г.
  • Интернет.
  • Витаминдер әліппесі
  • «Денсаулық» журналдары 2007 ж., 2008 ж.
  • Сейітқұлов: «Дәрумендер»

 

 

 


Информация о работе Витамин таризди заттар