Бірінші текті электродтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 13:06, реферат

Краткое описание

Бірінші текті электродтар. Ондағы металл тотықсызданған түр-ге жатса, ал осы металдың ионы тотыққан болып есептеледі. Бұған мысал ретінде мыс пен мырыш электродтарын алуға болады. Бұл электродтардағы потенциал айырымы катиондардың активті-лігінен функционалды тәуелділікте болғандықтан, оны катион арқылы қайтымдылықта болатын электродтар дейді.
Сондай-ақ бірінші текті электродтар қатарында аниок арқылы қайтымды болатын электродтар да бар. Мысалы, селенді элек-тродта Sе + 2е=Sе2~ реакциясы жүреді. Мұндағы потенциал айыр-масы:E=E-
Сол сияқты амальгамды электродтар да осы топқа жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

cөж.docx

— 26.36 Кб (Скачать документ)

C6Н4О2- + 2Н+-С6Н4(ОН)2

С6Н40+ 2Н+ + 2е-С6Н(ОН) 2

Бұдан тепе-теңдік сутек иондарының концентрациясына тәуел-ді екенін көреміз. Егер хинон-гидрохинон ерітіндісіне плат^ина не алтын пластинкасын батырса, тотығу-тотықсыздану элёктроды пайда болады. Ол электродтың потенциалы келесі теңдеу бойын-ша анықталады:

E=E +

Ерімеген қатты хингидрон  артық болғанда ерітіндідегі хинон  мен гидрохинонның концентрация қатынасы тұрақты шама:

E=E++=E°хг -0,059 рН.

Егер берілген ерітіндінің  рН-ын анықтау ,кажет болса, онда зерттелетін сұйық затқа шамалы ғана хингидронды салады да платина пластинасын батырады. Пайда болған жарты элементтің (электродтың) электр қозғаушы күшін салыстырма электроды арқылы тез өлшейді де берілген ерітіндінің рН-ын анықтайды. Ал, хингидрон электродымен қатар электролит ерітіндісінің рН-ы белгілі электродты пайдаланып, стандартты потенциалды (Е°) анықтауға болады.

Хингидронды электрод әрі оңай, әрі тез әзірленеді және жақсы нәтиже көрсететіндіктен, ол ерітінділердің рН-ын өлшеу үшін жиі қолданылады. Алайда оны сілтілі ортаға, яғни рН>8 болғанда пайдалануға болмайды. Сол сияқты хингидронды электродты тотықтырушы мен тотықсыздандырғыш және кейбір тұздар болатын ортаға пайдалануға бола бермейді.

Сутек ионының қатынасуымен жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары биохимиялық процестерде де жиі кездеседі. Мыса-лы, пирожүзім қышқылының тотықсыздануы арқылы сүт қышқылы алынады: 

 

 

 

CH3C-C+2H++2e—H3C—C–C

Бүл алмасу биохимиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларында кездеседі. Олар үшін

E=E+

Көбінесе биохимиялық системаны E1° = E°+  шамасымен сипаттайды. Ал, әр түрлі тотығу-тотықсыздану реакцияларын са-

112

лыстырғанда E°-дің Е ұқсас болатындығы байқалады. Әдетте, мұндай салыстырулар рН = 7,0 және і=30°С жағдайында жүргізі-леді. Осы кезде Рң= 1 атм болса, сутек электродының потен-циалы E° = 0,420 В. Мұндай мәліметтер арнайы таблицаларда толық келтіріледі.


Информация о работе Бірінші текті электродтар