Ba мен Hg химиялық элементтер

Дата поступления: 16 Июня 2013 в 15:18
Автор работы: s************@mail.ru
Тип: реферат
Скачать полностью (51.90 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

Астана медицина университеті.docx

  —  56.15 Кб

«Астана медицина университеті»АҚ

«Жалпы және биологиялық химия» кафедрасы

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: «Ba мен Hg химиялық элементтер»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Башарова С.С.

105 ОМ

Тексерген: Мадиева Ш.А.

 

 

 

 

 

Астана 2013

Жоспар 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Ва химиялық және физикалық қасиеттері

          Медицинада қолданылуы

  1. Hg химиялық және физикалық қасиеттері

          Медицинада қолданылуы

  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барий (Barium, гр. barys «ауыр») Ba —  химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, реттік нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Жерсілтілі элементтерге жатады. Табиғатта барит (Ba2SO4) және витерит (BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан.

Физикалық қасиеттері:

Барий — жұмсақ, күміс түсті металл. Химиялық активтілігі жоғары, ауада тез тотығады, сумен реакцияға түсіп, барий гидрототығын түзеді. Басқа да көптеген элементтермен қосыла алады. Қосылыстарда валенттілігі 2+. Оның қорытпалары газ жұтқыштар ретінде, электронды лампыларда, ал оның оксиді катодтарға қаптау жасау үшін қолданылады. Қатты соққы кезінде жарылады. Оның  екі аплотропты модификациясы бар: 375° дейін шыдай алатын α- барий мен одан жоғары төзімдірек β- барий. Минералогиялық шкаласы бойынша қаттылығы 1,25. Керосинде немесе парафин қабатының астында сақтайды.

 

Химиялық қасиеттері:

Барий – жер сілтілік металы. Барлық реакцияларда белсенді тотықсыздандырғыш. Ауада тез тотығып барий оксиді BaO мен барий нитратын Ba3N2 түзеді. Температураның көтерілуінен жанады. Сумен белсенді әрекеттесіп барий гидроксидін Ba(ОН)2 түзеді.

Сонымен қатар әртүрлі  қышқылдармен белсенді әрекеттеседі. Барий тұздарының көбі суда аз еритін не мүлдем ерімейтіндер: барий сульфаты BaSO4, барий сульфиті BaSO3, барий карбонаты BaCO3 және барий фосфаты Ba3(PO4)2. Алайда барий сульфиді BaSO3 кальций  сульфидіне CaS қарағанда жақсы ериді.

Сутекпен әрекеттесіп жылытқанда барий гидридін BaH2 түзеді, ал оның өзі литий гидридімен  LiH бірге комплексін  Li[BaH3] түзеді. 

Жоғарғы температурада аммиакпен реакцияға түседі:

Барий оксидтер, галогендер мен сульфидтерді қажетті металлға дейін қалпына келтіреді.

Медицинада қолданылуы:

Оптикада барий фториді монокристаллдар  (линзалар мен призмалар) ретінде қолданылады.

Ал улы емес әрі ерімейтін  барий сульфаті асқазан іш жолдарын тексерген кезде рентгеноконтрастық зат ретінде қолданылады.

Сынап (Hydrargyrum), Hg –элементтердің периодтық жүйесінің ҚҚ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 80, ат. м. 200,59. Табиғатта 7 тұрақты изотопы бар, олардың ең көп тарағандары Hg200 (23,13%) және Hg202 (29,8%) Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған.

Бұдан 2000 жылдай бұрын Үндістан, Қытай, т.б. елдерде бояу, дәрі және косметик. зат ретінде сынап минералы – киноварь (HgS) қолданылған. Грек дәрігері Диоскорид (б.э. 1 ғасырда) киноварьды темір ыдыста қыздырып, оның ақ буын “сұйық күміс” деп атаған. Алғаш қатты сынапты И.Браун мен М.Ломоносов алған (1759).

Физикалық қасиеттері:

Табиғатта бос күйінде сирек, көбіне суда еріген және газ қалпында кездеседі. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5×10–6%, шашыранды элемент. Белгілі 35 минералының ішіндегі өндіріс үшін маңыздылары: киноварь, метацианобарит, ливингстонит. Бөлме темп-расында сұйық күйде болатын жалғыз металл; жарқылдаған күміс түсті ақ, ромбылық сингонияда кристалданады, буы улы, тығыздығы 13,52 г/см3 (20%-та), балқу t –38,89°С, қайнау t 357,25.

 

Температура °С

ρ, 10кг/м3

Температура °С

ρ, 10кг/м3

0  

13,5951 

50

13,4723

5

13,5827

55

13,4601

10

13,5704

60

13,4480

15

13,5580

65

13,4358

20

13,5457

70

13,4237

25

13,5335

75

13,4116

30

13,5212

80

13,3995

35

13,5090

90

13,3753

40

13,4967

100

13.3514

45

13,4845

300

12,875


 

Металлдардың көбімен қатты және сұйық ерітінді түзеді – амальгамдар. Амальгамдануға төзімді металлдар: V, Fe, Mo, Cs, Nb, Ta, W.

Химиялық қасиеттері:

Сынап – белсенділігі төмен металл. Ол тотығу қасиеті жоқ қышқылдық ерітінділерде ерімейді, бірақ патша арағы:

мен азот қышқылында ериді

 
азот қышқылындағы сынап көп мөлшері еріген кезде суықта нитрат түзеді

Hg2(NO3)2.                                          

Температурасы  300 градусқа көтерілген кезде сынап оттекпен реакцияға түседі:

Бірақ бұл 340 градуста қайтымды процесс:

Сынап сонымен қатар галогендермен  де реакцияға түсе алады, суық температурада  реакция баяу жүреді.

Оны біз калий перманганаты сілті ерітіндісінде тотыға аламыз:

Медицинада қолданылуы:

Зиянды әсері өте күшті  болғандықтан ол медицинада өте сирек  қолданылады. Оның қосылыстары (көбінесе, мертиолят)  вакциналардағы консервант ретінде қолданылады. Сынаптың өзі медициналық термометрлерінде кездеседі, бір термометрдің құрамында 2 г сынап болады. Алайда 1970 жылдарға дейін ол медицинада өте жиі қолданылған:

  1. Сынап хлориді (каломель) – іш жүргізетін дәрі ретінде;
  2. Меркузал мен промеран – несеп айдағыш дәрі;
  3. Сынап хлориді мен цианиді антисептика ретінде, сонымен қатар майлардың құрамында;

Амальгаманы стоматологияда тіс пломбасы ретінде қолданады, ал сынаптың өзі радиофармакологиясында кеңінен таралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

  1. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0 
  2. Қазақстан Энциклопедиясы
  3. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7

Краткое описание
Барий (Barium, гр. barys «ауыр») Ba — химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-шы периодының ІІ тобына жататын элемент, реттік нөмірі 56, атомдық массасы 137,34. Жерсілтілі элементтерге жатады. Табиғатта барит (Ba2SO4) және витерит (BaCO3) деген минералдары кездеседі. Барийді 1774 жылы Карл Шееле ашқан.
Содержание
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ва химиялық және физикалық қасиеттері
Медицинада қолданылуы
Hg химиялық және физикалық қасиеттері
Медицинада қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер