Аэрозолдер . Ұнтақтар Суспензия. Суспензия тұрақтылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 11:18, реферат

Краткое описание

Аэрозольдің мөлшері оның массасы мен бөлшек саны бойынша анықталады. Олардың сұйық бөлшегінің радиусы 10-5 — 10-1 см, ал қатты бөлшектерінікі 10-8 — 10-3 см болады. Аэрозоль дисперстену (ірі бөлшектердің ұсағырақ бөлшектерге айналуы, мысалы, шахта шаң-тозаңы) және конденсаттану (ұсақ бөлшектердің ірірек бөлшектерге бірігуі, мысалы, тұманнан бұлт пайда болуы) салдарынан түзіледі.
Дисперстену жолмен көбінде полидисперстік және тұрпайы дисперстік аэрозоль түзіледі, ал жоғары дисперстік және біртекті (монодисперстік) аэрозоль конденсаттану арқылы алынады.

Содержание

Кірспе
Негізгі бөлім
1 Аэрозолдер . Ұнтақтар
2 Суспензия. Суспензия тұрақтылығы
3 Эмульсия.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұлбике.docx

— 32.12 Кб (Скачать документ)

Эмульсияларды агрегативті тұрақтылығына  орай үлкен екі топқа бөледі: сұйытылған және концентрлі. Бүкіл эмульсия көле-міндегі  дисперсті фазаның үлесі 0,1%-тең аспайтын болса, оны бірінші топқа, яғни сұйытылған эмульсиялар тобына жатқызады. Бұдан бу машиналарындағы минералды майлардың конденсаттағы эмульсиясы мысал болады. Мүндай эмульсиядағы дисперстік фаза тамшысының бетінде адсорбцияланған иондардың болуы оны коалесценциядан сақтайды. Сондайақ, эмульсияның электрокине-тикалық потенциалы айтарлықтай жоғары болса, онда мундай жағдайда да коалесценция процесі жүрмейді. Концентрленген эмульсияларда дисперстік фазаның көлемі үлкен болуы мүмкін. Монодисперсті эмульсиялардағы дисперсті көлеміңе 74%-ін алады. Бірақ, кейде мұндай эмульсиялар әрі полидисперсті, әрі дисперсті фазаны құрастыратын тамшылар түрлі күш әсерінен түрін өзгер-тіп, майысатындықтан, оның көлемі 99%-ке, кейде 99,9%-ке жетеді. Концентрлі эмульсиялар бөлшектің электр заряды болса да тұрақсыз болады. Эмульсиялардың тұрақтылығын арттырып, коалесценция құбылысын болдырмау үшін оларға эмульгатор деп аталатын заттар қосады. Эмульгатор ретінде молекула құрамындағы полюсті және полюссіз тобы айқын көрінетін беттік активті заттар мен жоғары молекулалык қосылыстар қолданылады. Мысалы жоғары молекулалық қосылыс өкілі белок сұйық фазаның кішкене тамшысыньвд беткі қабатына адсорбцияланады және ол осы сәтте екі жақты байланыстыратын жүқа қабықша түзеді. Ал мұндай қорғаушы қабықшасы жоқ өзге тамшылар бірімен-бірі түйіскенде тез бірігеді, яғни коалесценция қүбылысы жүреді. Ендеше сольватты кабат пен кішкене тамшы арасындағы жұқа қабықша оларды өзара бірігіп, коалесценцияланудан сақтайды. Эмульсия-дағы шар тәрізді тамшы үстіне адсорбцияланған беттік активті заттардын, молекулалары өздерінің полюсті жағымен полюссіз сұйыққа, ал полюссіз жағымен полюсті сұйыққа бағытталып орнаасады. Мұнын нәтижесінде тамшы үстінде екі өлшемді, құрылымдьіқ кристалл тәрізді қабықша пайда болады. Бұған кәдімгі сабын көбікшелері мысал болады. Суды қаншама көпіртсе де, сабын болмаса ондай көбік тұрақсыз және сол сәтте-ақ жойылады. Ал, сабын көбігінен түрлі өлшемдегі шар үрлеуге болады және олар едәуір механикалық әсерге шыдайды.

Әдетте М/В тектегі

 гидрофилді, ал В/М тектегіні олеофилді эмульгаторлармен тұрақтандырады. Тұрактандыру механизмі қатты үнтақ көмегімен тұрақтандырудан айқын байқалады: гидрофилді ұнтақты екі сұйық қоспасымен араластырганда ондағьі түйіршіктер олардың жанасу шегіндегі беткі қабатқа орна-ласады жәнесу жақсы жұғысқандықтан, ол сол су жағына орналасады. Егер ұнтақ гидрофобты болса, онда ол маймен жұғысып, сол майлы жаққа тартылады .Суретте гидрофилді ұнтақтың. эмульсиядары жанасу шекке адсорбциялануы кескінделген: а) М/В тектегі, б) В/М тектегі эмульсиялар. Бұдан ұнтақ түйіршіктері өз сипатына сәйкес жанасу шегіндегі беткі қабатқа орналасып, тамшыны коршайды және оны басқамен біріктірмейді. Демек мұндай ұнтақтар су тамшысын коалесценциядан қорғамайды екен . Олай болса мұндағы су тамшылары өза-ра жолыққанда оңай бірігеді де үлкейе түседі, ал гидрофобты ұнтақтар керісінше В/М тектегі эмульсияларды тұрақтандырады.

Эмульсиялардың бұзылуы мен айналуы. Эмульгатор көмегімен тұрақтандырылмаған сұйық эмульсияларды бұзу үшін, оларға шамалы ғана электролит қосса жеткілікті, осы кезде эмульсияның электрокинетикалық потенциалы төмендеп, ол оңай бұзылады. Мысалы, бу машинасында пайда болатын конденсатты эмульсияны бұзу үшін, оған алюминий сульфатын А12(SО4)з қосады. Мұндағы май тамшысының зарядын анықтайтын кері ион ролін алюминий немесе сульфат иондары атқарады. Кейде, эмульсияларды бұзу үшін оған беттік активті заттарды деэмульгатор ретінде қосады.

Күнбағыс майы мен суға гидрофилді тұрақтандырғыш ас тұзын қосып шайқаса, М/В тектегі ақ түсті сұйық эмульсия түзіледі. Гидрофилді ас тұзының орнына гидрофоб-ты кальций хлоридін қосса, В/М тектегі ашық сары түсті, түтқыр эмульсия пайда болады. Егер осындай ас тұзымен тұрақтандырылған М/В тектегі эмульсиялар кальций хлориді мен ас тұзыньщ сәйкес 5: 1 мөлшерін қосса, онда эмульсия В/М тектегі эмульсияға айналады. Ал кальций хлориді мен ас тұзы мөлшері сәйкес 4 : 1 болса, онда эмульсия тұрақсыз болады. Мұндай майдың орташа тамшысыь да судың бірнеше түйіршіктері пайдалады. Онан әрі осы судың әрбір тамшысында май түйіршіктері пайда болуы мумкін

Берілген эмульсия тегін анықтауның бірнеше тәсілі бар. Айталық, берілген эмульсия үлгісінде суда жақсы еритін мысалы, метиленді көк бояуын қосады. Егер эмульсия М/В тектес болса, онда микроскоп арқылы карағанда судың көк бояуымен қатар майдын түссіз тамшысы көрінеді. Ал егер В/М тектегі эмульсия болса, онда түссіз май тамшысының, тұсында судың көк бояуы байқалады. Мұндайда судың барлык тамшыларының бояла беруі шарт емес. Сондай-ақ эмульсия тегін анықтау үшін оның электр өткізгіштігін өлшеу де қолданылады. М/В тектегі эмульсиялар электр тогын өткізеді, өйткені ондағы үзіліссіз фаза су. Ал үзіліссіз фазасы май болатын В/М тектегі эмульсиялар электр тогын өткізбейді.

Аэрозольды ыдыстардағы препараттарды  пайдалану туралы Автокосметика , Мебель, Әйнек, Тат кетіріл т. б. мақаланы қараңыз. әйнек(тазалау). Терезе, айна, хрусталь және сәндік фарфорды жуып, тазалау үшін пайдалануға дайын сұйық заттар («Свет-1», «Акноль», «Нитхинол», «Нитхинол-1») немесе концентратты сұйық препараттар («БЛО», «Миг», «Быстрый») ұсынылады. Концентрат ты препаратты пайдаланар алдында су қосып (1:10 үлес) араластырады. «Свет-1» препаратының майлы болуға зияны жоқ, сондықтан онымен терезе әйнегін жақтауымен қоса жууға да болады. Сұйық заттар немесе концентратты препараттармен тазалаған кезде, алдымен сұйықты мақта, дәке немесе жұмсақ шүберекпен жағын, ол кеппей тұрғанда құр ғата сүртеді. Тазаланған жерге сұйықты бүріккіш арқылы шашырата жағуға болады. «Секунта-75» әйнек тазалағыш аэрозолы арнайы құтыда шығарылады. Аэрозольды препараттарды тазаланатын нәрсенің бетіне 10— 20 ем қашықтықтан бүркіп, сосын шүберек пен құрғата сүртеді. Автомобиль шынысын жууға және оның қыстыгүні қырауланбауына қарсы арнайы препараттар шығарылады (Автокосметика мақаласын қараңыз). Көзәйнек және оптикалық приборлардың (мәселен, дүрбі) шынысындағы шаңды, майлы дақтарды кетіру үшін арнайы сұйық сіңдірілген жұмсақ қағаз түріндегі салфеткалар шығарылады. Салфетканы пайдаланғаннан кейін шынының бетінде жұқа қорғағыш қабат түзіледі. Ол шыныны буланудан және тез кірлеуден сақтайды. Салфетканы бірнеше рет пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дәуренбеков  Қ.Н., «Бейорганикалық химия физколлоидтық  химия.»  Шымкент,2004ж.

2. М.С. Сәулебекова «Химия анықтамасы 8-11 сыныптар.» – Арман-ПВ баспасы, 2005 ж.

3.Құлжанов Қ.С.  «Аналетикалық химия.» Алматы,1994 ж.

4.Глинка Н.Л. Общая химия, М.1990 г.

5.Харитонов Ю.А. Аналитикалық  химия. Т.1-М.:ВШ,2001 г

6. Харитонов Ю.А. Аналитикалық  химия. Т.2-М.:ВШ,2001 г

7.Интернет желісі (ғаламтор: www.google.kz, www.yandex.kz) 8.Габриэлян О.С. «Химия, 9 класс», М.2009 ж.

9. Патсаев Ә.Қ., Махатов Б.Қ., Жайлау  С.Ж., Мамытова В.К., «Бейорганикалық  химия» - Шымкент, 2008ж. 

10. К.Аханбаев. «Химия негіздері»  Алматы:Эверо-2009ж.

11. Патсаев Ә.Қ.,ЖайлауС.Ж., «Органикалық  химия негіздері.» Шымкент, 2005ж

 

 

 


Информация о работе Аэрозолдер . Ұнтақтар Суспензия. Суспензия тұрақтылығы