Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:22, диссертация

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЕНБЕК РЕСУРС ДИССЕРТАЦИЯ.doc

— 169.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге, өңірлік  жұмыспен  қамту  мәселелерін  шешуде  жергілікті  атқарушы  органдардың  рөлін  біршама  арттыру  керек, өйткені, осы  органдар  арқылы  өңірлік жұмыспен  қамту  бағдарламалары  жасақталады  және  ең  бастысы, жүзеге  асырылады.

Яғни, жергілікті жұмыс  күшін тиімді пайдалану және бекітуді, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек ресурстарының  ұдайы өндірісі мен дамыту жүйесін  қалыптастыру жұмыспен қамту саласында маркетингтік басқаруды пайдалануды қарастырады. Жұмыспен қамту саласындағы маркетинг -  бұл әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында жоғары сапалы қызмет көрстеу бойынша мемлекеттік мекеменің қызметі.

Жұмыспен қамту саласындағы  маркетингтің қызметтері, ұйымдастыру  принциптері мен мақсаттары   2 - суретте көрсетілген.

 


                                         


                                                                                                          


 

 

 

 

 

 

 

Ескерту- автордың  құрастыруы

 

             Сурет 2 - Жұмыспен қамту саласындағы  маркетингтің ерекшеліктері

Жұмыспен қамту саласындағы  маркетингтің біздің ойымызша, әлеуметтік-экономикалық-этикалық бағыттылығы болуы тиіс, өйткені  жұмыс берушілер жұмыстан босатылған адамдарға жауапты болуы тиіс және халықты жұмыспен қамту органдары сияқты қаланың және ауданның, оның ішінде ең алдымен аймақтардағы еңбек нарығында тұрақты жағдайды сақтауға ықпал етуі тиіс.

Биліктің жергілікті органдарының, жоғары, орта арнайы және орта мектептердің басшыларына, жұмысшылар мен мамандардың даярлығының кәсіби-біліктілік құрылымы мен көлемін, еңбектің аймақтық нарығының қажеттілігіне сәйкестендіру және келістіруі қажет.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысы қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты республикамыздың білім беру мекемелеріндегі шәкірттің кәсіп таңдау мәселесіне жаңа талаптар қойылуда. 

Біздің пікірімізше, қазіргі қоғамымыздағы белең алып бара жатқан жұмыссыздық мамандықтың дұрыс таңдалмауынан туындаған күрмеулі мәселелердің бірі деп есептейміз.

Болашақ мамандық таңдау кезінде мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жас азаматтың аңсаған арманы мен шынайы қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, тұлғаның ерекшеліктері мен қандай нәрсеге икем екендігін ескеріп қадам жасаған дұрыс.

Біз, өз тарапымыздан, болашақ  жастардың еңбек нарығында сұранысқа  ие болатын мамандықты дұрыс таңдау үшін «Мамандық таңдау» үлгісін ұсынамыз.

 

 


ҚАЛАЙМЫН – ықылас, қызығушылық, талап

 

ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ –қабілеттілік, талант, денсаулық жағдайы

 

КЕРЕК – еңбек нарығының жағдайы, аймақтағы әлеуметтік –экономикалық мәселелер

 

- мамандықты тиімді таңдау зонасы

 

 

Ескерту- автордың  құрастыруы

 

Сурет 3 -   Мамандық таңдау үлгісі

Егер сіз «ҚАЛАЙМЫН», «ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ», «КЕРЕК» сөздерін біріктіре алсаңыз, онда сіздің мамандық таңдауыңыз сәтті болмақ. Яғни, сіз  мүмкіндіктеріңізге сәйкес келетін, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандық иесі боласыз. 

Қызылорда облысындағы  еңбек нарығының жағдайына талдау жасай отырып, біз халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру механизмдерін  ұсынып отырмыз.

Аталмыш механизмнің  қызметі төмендегідей:

  • мектептерде кәсіби бағдар беруді арнай пән ретінде енгізу керек. Онда Қазақстан Республикасы бойынша ЖОО туралы және мемлекетімізде дайындалатын барлық  мамандықтар бойынша толық мәлімет беру;
  • ЖОО мен мектептер арасында байланысты күшейту. ЖОО өздерінде дайындалатын мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіру жіне болашақта сол мамандық бойынша қайда жұмыс істеуге болатыны жөнінде ақпарат беру;
  • ЖОО мен жұмыс орындары арасында байланыс орнату. Өндірістік іс-тәжірибеден өтуді дұрыс жолға қою. ЖОО еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыратын және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды ұйымдастыру;
  • өңірде кәсіптік білім беруді дамыту. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай отырып әрекет етуге бейімдеу.
  • кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру. «Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» жобалары негізінде индустриялық секторды кеңейтуге қажетті мамандықтарды анықтау бойынша өңірде жұмыстар өз  жалғасын табу  қажет. Өңірдегі еңбек нарығы жан-жақты әрі терең зерттелсе, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандар тізбесі анықталады.
  • нарықтық экономика жағдайында еңбек биржасының қызметін жандандыру.

Еңбек биржалары арқылы қандай бос жұмыс орындары бар  екенін біліп жұмыспен қамтылуға  ниет білдіру.

Ұсынылған механизм бір-бірімен байланысып  толық жұмыс  жасаған кезде халықты жұмыспен қамтуды  жүзеге асыруда  тиімді болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ҚОРЫТЫНДЫ

 

Халықты жұмыспен қамтуды  жетілдіру жолдары туралы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1. Зерттеу нәтижелері  бойынша анықталғандай, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс күшіне ұсыныс пен сұранысты реттеуді қаматамасыз етуге бағтталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге, олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ерекше мемлекеттік органдардың құрылымы болып табылады.

2. Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың аса күрделi элементтерiнiң бiрi. Мұнда еңбектің құнын және оның қызмет ету шарттарын анықтауда тек жұмысшы мен жұмыс берушiнiң мүдделерi айқындалып қана қоймайды, сонымен бiрге, қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк - экономикалық құбылыстар  бейнеленедi.

3. Мемлекет, жұмыспен  қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде халықты жұмыспен қамтуды басқаруға тырысуда. Халықты жұмыспен қамтуды басқару, бір жағынан, маңызды мәселе- еңбек құқығын жүзеге асыруда мақсатты бағытталған болса, екінші жағынан, әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін қамтамасыз етуде кешенді бағытталған болуы тиіс.  

4. Қазақстанда орын алған өзгерістер қоғамның әлеуметтік құрылымы мен еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге жол ашты. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуында бірнеше кезеңдерді атап өтуге болады.

Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 16,4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан астамы еңбекпен қамтылған. Соның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлесі - 31,7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 16,5 пайызды құрайды. 2015 жылға қарай аталған бағдарламамен 1,5 млн халықты қамту жоспарланған. Соның арқасында еліміздегі кедейшілік деңгейін 6 пайызға төмендетіп, жұмыссыздық көрсеткішін 5,5 пайыздан асырмау міндеті қойылып отыр. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, республикадағы жұмыссыздықтың қазіргі деңгейі де 5,5 пайыздың шамасында.

2011 жылғы IV тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық  тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,4%-ға көп. Республика экономикасында 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%.  Өткен жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 287,7 мың адамға (3,5%-ға) артты.

2011 жылғы IV тоқсанда  жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 477,3 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 мың адамға немесе 0,5% өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2010ж. IV тоқсанда – 5,5%) құрады.

5. Қызылорда облысы бойынша экономикалық  белсенді халық саны 353,9 мың адамды  құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,4 мың адамға көбейген. Облыс экономикасында жұмыспен қамтылған халық саны 334,8 мың адам, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғаны – 125,1  мың адам, жалдамалы жұмысшылар – 209,7 мың адам. Жұмыссыздар саны  – 19,0 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздык пунктке төмендеген.

Қызылорда облысының  «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына жалпы қаржыландыру лимиті бойынша  республикалық бюджеттен бағдарламаның 3 бағытын қаржыландыру мақсатында барлығы 2898,7 млн теңге қаралды.

Қызылорда  облысы еңбек  нарығының жағдайына  жан-жақты  талдау жасалды. Сонымен бірге, облыс  аумағында аймақ жастарының жұмысбастылық  деңгейін, еңбек нарығында қалыптасқан  жұмыссыздыққа көзқарастарын айқындау, жұмыссыздық себептерін анықтау мақсатында жастар дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын қамтитын 15 жас пен 29 жас аралығындағы Қызылорда облысы жастары арасында  сауалнама жүргізілді.

Өңірдегі қалыптасқан  жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін талдау жасай отырып, біз келесідей тұжырым жасай аламыз: Қызылорда облысы жастарының жұмысқа орналасуындағы кедергілер ретінде бітіруші студенттердің еңбек дағдылары мен тәжірибелерінің аздығы, жұмыс берушілердің парақорлығын, тұрып жатқан ауданда жұмыс орындарының жоқтығын, алған білім мен бос орындағы мамандықтың сәйкес келмеуі, еңбек нарығында жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуын және басқа себептерді атауға болады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын зерттеуде  аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары ескерілу керек. Аймақтағы еңбек нарығының сұранысына қажетті мамандар дайындау жұмыстары жандандырылып, іске асырылу қажет. 

6. Халықты жұмыспен қамту мақсатында, ел экономикасын дамыту және қауіпсіздігін нығайту, адамдардың әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында  тиімді бағыт белгілеуіміз қажет. Осы орайда, біз өз тарапымыздан еңбек нарығын болжау тетіктері жасақталып, ұсынылды.

Қызылорда облысында  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Аймақтық  жұмыспен  қамту  мәселелерін  шешуде  жергілікті  атқарушы  органдардың  рөлін  біршама  арттыру  керек, өйткені, осы  органдар  арқылы  аймақтық  жұмыспен  қамту  бағдарламалары  жасақталады  және  ең  бастысы, жүзеге  асырылады.

7. Біздің пікірімізше, қазіргі қоғамымыздағы белең алып бара жатқан жұмыссыздық мамандықтың дұрыс таңдалмауынан туындаған күрмеулі мәселелердің бірі деп есептейміз. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңгерімнің бұзылуына әкеп соқты.

Осыны ескере отырып, мектептегі жұмыс оқушының өзі туралы білімін, арттыруғ, өзін -өзі тану процесін ынталандыру, еңбек нарығындағы мамандықтарды  таңдау мүмкіндіктерімен таныстыруға  бағытталуы тиіс.

Болашақ мамандық таңдау кезінде мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жас азаматтың  аңсаған арманы мен шынайы қажеттіліктерін  басшылыққа ала отырып, тұлғаның ерекшеліктері  мен қандай нәрсеге икем екендігін  ескеріп қадам жасаған дұрыс. Осыған байланысты, біз болашақ жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандықты дұрыс таңдау үшін «Мамандық таңдау» үлгісін   ұсынамыз.

Азаматтарды кәсіби бағыттау еңбек нарығын реттеу формаларының бірі болып табылады, адам ресурстарын  дамытуға ықпал етеді, кәсіптік білімнің, кәсіби білікті мамандарға нақты қажеттілігімен байланысын қамтамасыз етеді.

Ашығын айту керек, бізде  мамандық таңдау мен ішкі еңбек нарығы сұраныс арасында алшақтық орын алып отыр. Қазіргі таңда басты міндет - әрбір қазақстандыққа сұранысқа ие мамандықты таңдау және ол бойынша білім алу тәртібі мен шарттары туралы мемлекеттен толық ақпарат алу мүмкіндігін беру.

Осы орайда, біз халықты  жұмыспен қамтуды жетілдіру механизмдерін  ұсынып отырмыз. Ұсынылған механизм бір-бірімен байланысып  толық жұмыс  жасаған кезде халықты жұмыспен қамтуды  жүзеге асыру  тиімді болады.

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ

 

    1. Еңбек нарығының қалыптасуының теориялық-әдістемелік негіздері.

       // Поиск-Ізденіс.- 2012 ,- №2, - 66-70 б.

    1.   Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы. //«20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2012.
    2.   Халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу. // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай жас ғалымдардың еңбектерінің жинағы. Қызылорда, 2012.
    3. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қазіргі жағдайы.

Информация о работе Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды