Атлантик-Ляхс балығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 00:10, реферат

Краткое описание

Балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

балы0тар тусябай.docx

— 48.00 Кб (Скачать документ)

 

Албырт балық тәрізділер (Salmoniformes) - сүйекті балықтар отряды. Ұзындығы 2,5 мм-ден 1,5 м дейін. Дене скелеті және бас сүйегі толық сүйектенбеген. Жоғарғы жақ сүйектерінің шеті, жоғарғы жақ сүйектері және алдыңғы сүйектерінен құралған. Ашық торсылдақтылар. жүзбеқанаттары тікенексіз. Құрсақ жүзбеқанаттары 7-15 сәуледен құралған, арқа қанаты жалғыз, оның соңында көптеген түрлерінің майлы жүзбеқанаттары болады. Қабыршақтары циклоид типтес. Бүйір сызықтары жақсы жетілген. Албырт балықтардың 27 тұқымдастары белгілі; олардың арасында албырт балықтар тұқымдасы, ақсахалар, қараауыздылар, корюшкала сланксалар, күмістілер, шортандар, умбриелар, даллилер, галаксиелер, гоностомалар, жылтырбастылар т.б. бар. Тұщы су, өткінші теңіз жағалауы және терең Су балықтары. Әлемдік мұхиттың солтүстік және оңтүстік жарты шарларының салқын, қоңыржай және тропикалық суларын мекендейді. ТМД-ның тұщы Сулары мен теңіз жағалауларында 16 тұқымдастары таралған. Албырттар, ақсақалар, қараауыздылар, корюшкалар, сланксалар; Охот және Беренгов теңіздерінде, Тынық мұхитта жағалауын мекендейді, Камчатка мен Куриль аралдары жағалауларында, үлкен терендікте Bathylagidae, Stomiatidae және жылтырбас тұқымдастары таралған. Албырт балықтәрізділер кәсіпшілік, қолдан өсіру және қорғау, жерсіндіру, көбейту және спорттық аулаудың маңызды балық түрлері болып саналады

 

 

 


Информация о работе Атлантик-Ляхс балығы