Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 19:22, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе 3
1 Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы 5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы 5
1.2 Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері 15
1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі 21
1.4 Банктің тартылған қаражаттары 37
1.4.1 Банктің депозиттік операциялары
1.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
2 «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау
2.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау
2.2 «Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама
2.4
3
3.1 «Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 939.50 Кб (Скачать документ)

 

Сонымен қатар, меншікті капиталдың күмәнді несиелерге қатынасы 2005 жылдың 1 қаңтарына 0,60 құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 0,34 мөлшеріне дейін төмендеген. Бұл дегеніміз банктің несиелік қоржынындағы күмәнді несиелер көлемінің артуын баяндайды. Ал меншікті капиталдың үмітсіз несиелерге қатынасы 2005 жылдың 1 қаңтарына 10,38 құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 13,54 мөлшеріне дейін артқан. Бұл дегеніміз банктің несиелік қоржынындағы үмітсіз несиелер келемінің азайғандығын көрсетеді. ЕДБ-дің топтастырылған түрлері талдаудан, олардың қандай жағдайда меншікті капиталдарының деңгейі қалыптаскандағын көруге болады.

Банк жүйесіндегі «А» тобындағы үш банктің капиталы жоғары қарқынмен өскен. 2000 жылы олардың үлесі 22,5%-ды құраса ал, 2006 жылдың аяғында 2,5 есе өсіп, 56,5%-ды құраған немесе ол дегеніміз банк жүйесіндегі капиталдың жартысынан жоғары көрсеткішке ие. «В» тобындағы банктердің банк жүйесіндегі меншікті капиталдары да 5,7 есе ескен. Яғни олардың үлесі 2000 жылы 5,3%-ды құраса, ал 2006 жылдың аяғында 5,7 есе өсіп, 30,5%-ды құраған немесе банк жүйесіндегі капиталдың үштен бірін алады. «С» тобындагы өзге 23 банктің капиталдары өсуі баяу, яғни олардың үлесі 2000 жылы 72,2%-ды құраса, ал 2006 жылдың аяғында 5,9 есе темендеп, 12,2%-ды құраған.

 

10 кесте - ЕДБ-дің меншікті капиталының серпіні, млрд теңге

 

Капиталы

2001ж

2002 ж

2003ж

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

А тобы

ҚКБ

11,7

14,6

21,3

39,6

48,2

74,0

223,3

259,3

ТӘБ

5, 0

8,9

14,8

19,7

51,5

91,9

167,5

384,9

Халық Банкі

5,6

8,1

8,3

21, 1

34,4

60,3

113,5

138,1

Барлығы

22,3

31,6

50,9

80,4

134,1

226,2

504,3

782,3

БЖ үлесі, %

22,5

25,9

31,6

36,0

38,7

38,5

57,3

56,5

В тобы

АСҚ банкі

1,5

1,9

4,4

9, 1

18,9

27,8

64,4

82,4

Центркредит Банкі

1,4

2, 1

3,2

7,6

12, 2

25,9

39,8

64,4

Альянс Банкі

1,2

1,3

2,1

4, 1

16,3

29,2

83,4

150,1

Темірбанк

1,3

1,8

2,3

4,4

5,4

14,7

27,6

53,3

Каспий банкі

1,0

1,2

1,6

3,6

8,7

13,4

21.5

31,3

Нұрбанк

-

-

4,7

6,2

7,2

10,4

13,6

24,3

Еуразия банкі

-

3,8

4,2

4,3

8,5

11,6

18,2

20,2

Барлығы

6,4

12,1

2?,5

39,3

77.2

133

268,5

426,

БЖ үлесі, %

6,5

9,9

13,9

17,6

22,3

22,6

30,5

30,8

С тобы

Өзге банктер

68,9

78,4

87,8

103,8

135,5

228.0

106,7

176,6

БЖ үлесі, %

70,6

64,2

54,5

46,4

39,1

38,9

12,2

12,7

Барлық ЕДБ-дің капиталы

97,6

122,1

161.2

223,5

346,8

587,2

879,5

1384,9

Ескертпе - «Қазақстан кор биржасы» АҚ-ның сайтындағы ЕДБ-дің қаржылық есептері және ЕДБ-дің 2001-2008 жж. есептік мәліметтері негізінде


 

ЕДБ-дің депозиттік қоржындарының қүрылымына жасалған талдаудан қай банктік топтың депозиттік нарықта бәсекелестік артықшылықтарды пайдаланып, ресурсты қалыптастыру мәселесін шешуде белсенділік танытып отыргандығын байқауға болады (5-кесте).

Кестеден көріп отырғанымыздай банк жүйесіндегі «А» тобындағы үш банктің депозиттері жоғары қарқынмен өскен. 2001 жылы олардың үлесі -31,0%-ды құраса ал, 2008 жылдың аяғында 2 еседей өсіп, 58,7%-ды құраған немесе ол дегеніміз банк жүйесіндегі депозиттердің жартысынан жоғары көрсеткішке ие. «В» тобындағы банктердің банк жүйесіндегі депозиттері де 3 есе ескен. Яғни олардың үлесі 2001 жылы 9,8%-ды құраса, ал 2008 жылдың аяғында 3 еседей өсіп, 30,3%-ды қүраған немесе банк жүйесіндегі депозиттердің үштен бірін алады. «С» тобындағы өзге 23 банктің депозиттерінің өсуі баяу, яғни олардың үлесі 2001 жылы 59,2%-ды құраса, ал 2008 жылдың аяғында төмендеп 5,3 есе төмендеп, 11,0%-ды құраған.

Кестедегі талдаудан, «А» тобында жататын үлкен үштіктің депозиттік нарықтағы үлесінің өте жогары болуы олардың аталған нарықта клиенттер үшін тиімді депозиттік саясатын жүргізуін көрсетсе, ал «С» тобына жататын банктердің депозиттерінің азаюы, олардың отандық депозиттік нарықта бәсеңдеу саясатының іске асырылуын көрсетеді. «В» тобына кіретін банктердің де депозиттік нарықтағы үлесі орташа деңгейде қалуда, аталған банктерге бәсекелестік артықшылықтары ескеріледі.

 

11 кесте 2001-2008жж ЕДБ-дің депозиттерінің серпіні, млрд теңге 

Депозиттер

2001ж

2002 ж

2003ж

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

А тобы

ҚКБ

               

ТӘБ

24,2

46,9

131,9

187,2

375,5

624,5

1052,1

1344,9

Халық Банкі

45,6

97.2

134,6

147,8

223,9

311,1

621,6

919,4

Барлығы

90,3

196,6

З86.,3

506,2

781,2

1207,4

2302,5

3951,7

БЖ үлесі

31,0

44,2

63,3

69,0

61,5

48,7

34,2

58,7

В тобы

АСҚ Банкі

7,3

10,9

23,3

30,9

43,8

66,7

412,9

467,3

Центркредит Банкі

9,8

13,5

22,5

50.8

93,2

137/1

317,8

470,4

Альянс Банкі

3,9

6,1

16,4

36,8

66,2

162,7

349,4

539,8

Темірбанк

5,4

8,4

13,0

10,2

12,2

40,9

108,2

187,2

Каспий банкі

1,9

5,4

8,2

18,1

28,5

43,3

65,8

73,8

Нұрбанк

-

-

23,4

34,9

47,4

42,5

105,4

78,3

Еуразия банкі

-

3,1

-

21,5

28,6

62,6

75,0

82,9

Барлығы

28,3

47,4

106,8

203,2

319,9

556,1

1434,5

1899.7

БЖ үлесі

9,8

10,7

17,5

27,7

25,2

22,4

21,3

30,3

С тобы

Өзге банктер

172,0

200,8

116,9

23,8

169,7

719,1

2996,9

422,4

БЖ улесі

59,2

45,1

19,2

3,3

13,4

28,9

44,5

11,0

Барлық ЕДБ-дің депозттері

290,6

444,8

610,0

733,2

1270,8

2482,6

6733,9

6273.8

Ескертпе - «Қазақстан кор биржасы» АҚ-ның сайтындағы ЕДБ-дің қаржылық есептері және ЕДБ-дің 2001-2008 жж. есептік мәліметтері негізінде


 

Талданған жылдар ішінде банктің депозиттік емес ресурстарының көздері өскендігін көреміз. Банкаралық депозиттері 2004 жылдың 1 қаңтарына 69,0 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 319,9 млрд теңгеге дейін 4,6 есеге көтерілген. Банктердің басқа банктер мен банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардан алған займдарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 217,4 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1798,2 млрд теңгеге дейін немесе 8,3 есе өскен. ҚР үкіметінен алған займдарының мөлшері де 2004 жылдың 1 каңтарына 7,5 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 7,7 млрд теңгеге дейін ескен.  

Қазақстанның  бүгінгі қаржы және банк секторы  ТМД мемлекеттері арасында мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы дей тұрсақ та, антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық тудыруда.

Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігінің пікірлері ескерілмей ҚР Парламенті депутаттарының екі палатасынан өткен аталмыш заң екінші деңгейлі банктердің кірісін азайтып, шығысын көбейтіп қана қоймай, сыртқы, яғни халықаралық нарықтағы қатынастарды күрделендіріп отыр.

 

 

Сурет 4   Көрсеткіштердің өзгеру серпіні

 

Банктерде өтімділікке  қатысты уақытша қиындықтар туындаған  жағдайда монетарлық биліктің оған көмек  көрсету мүмкіндігі мен құралдары  жеткілікті. Өзге инвесторлар болмаған жағдайда әлемдік банк дағдарысына  төтеп беру тәжірибесіне сәйкес мемлекет меншік иесі ретінде банк жұмысына қатыса алады.

 

Сурет 5 -  Күмінді активтер мен шартты міндеттемелер

 

Шетелдік инвесторлардың республика қаржы нарығына деген  қызығушылығы ылғи да өсу үстінде. Соңғы  үш жылда бірқатар шетел банктері, соның ішінде ресейлік "Сбербанк" пен итальяндық UniCredit тобы бірқатар екінші деңгейлі отандық банктерді сатып алған болатын. Бірқатар шетел банктері Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуға ниет білдіріп отыр. Бұл шетелдік инвесторлардың отандық қаржы жүйесіне деген сенімі мен Қазақстанның даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективасын есепке алсақ, Қазақстандағы қаржы ұйымдарының шетелдік компанияларға жұтылуы әрі қарай да жалғаса бермек. Былайша айтқанда, шетелдік капиталдың рыноктағы үлесі арта түседі.

 

 

          2.1 «Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

 

«Тұран Әлем» банкі көп жылдар бойы жеке тұлғаларға арналған депозиттер рыногында алдыңғы қатарда келеді. Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін таңдай алу мүмкіндігі Нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын жоспарлауға көмек береді. «Тұран Әлем» банкі Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, депозит рәсімдеу үшін үйіңізден алысқа   ұзаудың   қажеті   жоқ.  ТӘБ   филиалдық   желісінің   тағы   да   бір

ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде (нақты  бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға да, жабуға да болады.

Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2006 жылда банк табыстарының негізгі  бабы болып табылады. Есеп беру жылында  банктің осы қызметінен түскен табыстардың  сомасы 2005 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2006 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.

 Банк шығындарының жалпы көлеміндегі үлкен үлесті (37%) процентік шығындар иеленіп отыр. Бұл шығындар несиелік мекемелердің және клиенттердің банк міндеттемелеріндегі қаражаттар үлесінің ұлғаюымен себепші болып отыр. Проценттік табыстардың проценттік шығындардан 1,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы банктің жемісті жұмысын растап отыр.Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың пайдаға ықпалы өте зор. Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 57,6% -ке өсті. Банктің проценттік емес табыстарының құрамында үлесі жоғары көрсеткіштер: қызмет көрсеткені үшін төлем, төлемдерді аудару, комиссиондық жинақтар және қаржы операциялардан табыс. Бұл операциялардың құрамына бағалы қағаздарды, асыл металдарды және шетел валютасын сатып алу-сату бойынша табыстар кіреді.

Банктің клиенттермен өзара қатынастарының келешекте  дамуы барлық клиент сегментін мұқият зерттеуін талап етеді. Осы мақсатта банк мамандары қаржы нарығының  тұтынушылық талғамдарын және даму тенденцияларын күрделі зерттеуін  жүргізу шараларын қолданады. Осы зерттеулердің нәтижелері банктің ұзақмерзімді клиенттік саясатының негізін құрамақ. Оның ішіндегі маңызды принциптерінің бірі «банк-клиентке» қатысты  серіктестік  жағдайларын  және  өзара  тиімділікті  құру болып табылады. Бұндай қатынастарды құрудың инструменттеріне тарифтік саясатты жетілдіру және де сатуды ынталандыру және қолдау бағдарламаларын құру және іске асыру кіретін болады; осы шаралардың кешені банктің клиенттік менеджерлерінің құрамын күшейтуге, олардың білімдерін және мотивация деңгейін жоғарлатуға бағытталған.2007 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша Тұран Әлем банкінің активтері жыл басынан бері 18,5 пайызға өсіп, 19,4 млрд. долларды құрады, нәтижесінде активтер бойынша ТӘБ-нің нарықтағы үлесі 24,6 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштер 2007 жылдың 1-тоқсанының соңында активтердегі үлесі 66,5 пайызды құраған банктің несиелік портфелінің өсуімен байланысты. 1- тоқсанның соңында шағын, орта бизнес және бөлшек саудаға берілген несиелер барлық несие портфелінің шамамен 40 пайызын құрады.

Қызмет көрсетудің артықшылықтары:

  1. Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
  2. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
  3. Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  4. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  5. Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

2007 жылғы 01 сәуірде таза пайда 103 млн. долларды  құрады, бұл өткен жылдың осы  мерзіміндегі көрсеткіштен 1,9 есеге  өскенін көрсетеді және пайданың 65 пайызынан тұрады, сыйақы мен  комиссия бойынша – 15%, сондай-ақ қазынашылықтың саудалық мәмілесі бойынша -20%-ды құрайды. ROAA 2,17%б, ROE 24% және сost to income 27,6%-ды құрайды.

1-тоқсанда  депозиттер көлемі 23,1%-ға өсті. Депозиттер  қорландыруды 26,4 пайыз активтермен  қамтамасыз етті. 2007 жылдың 1 тоқсанының соңында міндеттемедегі жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 21,1 %-ды , заңды тұлғалар депозиттерінің үлесі 15,5 %-ды құрады. Осылайша ТӘБ депозиттік қорының өсу қарқыны ЕДБ депозиттік қорының өсу қарқынынан 3 пайызға асып түсті.

Халықаралық нарықтардан капитал тарту әлі де болса банк қорының өсуінің негізгі көзі болып табылады. Банк жыл басында жария етілген халықаралық нарықтардан қаржы тарту жоспарын әрі қарай жалғастырады. Аталған жоспарға сәйкес банк жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайтын еурооблигациялар шығару және синдикатталған несиелер арқылы ашық түрде  қаржы   тартпақ   ниетте. 

 

 

 

 

 

2.2 «Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.

Информация о работе Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы