Адам проблемасы философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 20:36, реферат

Краткое описание

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады.Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп,соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, ал тас жанбайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 30.16 Кб (Скачать документ)

                                                Кіріспе.

     Философиядағы орталық проблемасы адам болып табылады.Адам туралы ілім «адам философиясы» немесе «философиялық антропологиясы» деп аталады.

   Адам-феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар , айталық антропология, тарих физиология, саясаттану, этнография, психология, дәрігерлік т.б ғылымдар сондай-ақ философия зерттейді.

   Ең алдымен айтарымыз , адам екі түрлі: табиғи(биологиялық) және қоғамдық(әлеуметтік сипат болады) Әрине адамның басты қасиеті –оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін - өзі  әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болды. Олай болса еңбек, сана, тіл - бәрі  қоғамдық құбылыс , олар қалыптасқан, даму тарихы бар.

     Адам – табиғаттың туындысы, оның бір бөлігі. Сондықтан, сол әсерді сезген алғашқы адамдар табиғат құбылыстарын құдіретті күш деп, аспанға: Айға, күнге, жұлдыздарға сыйынған, бұл әдет шамандық дінді ұстанған  халықтарға кеңінен таралған, одан соң саналы адам жер бетінде небәрі 50 мың жылдай өмір сүріп келе жатқан болса, жалпы адам тарихы  өте алыстан басталды, шамамен 3-3,5 миллиондай болады. Осы ұзақ дәуір ішінде адам тағылықтан саналы, қоғамдық сипатқа дейін көтерілген.

   Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады.Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен  адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп,соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, ал тас жанбайды. Мұның себебін білмейтіндігін  адам өзі түсінеді, онда бұған таңдауы сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың  психологиялық негізі адамның өзі  түсінбейтін , түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.

     Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл  сананың рухтың табиғатқа, материяға,  субъективтің(адамның) ішкі дүниесінің объективке(сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қортынды : адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының , тілі мен дүниетанымының  және оны өзгерту қабілетінің өзінің  қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның  адамға , оның ішкі рухани  дүниесіне тигізетін әсері қандай – осының бәрі философияның  ең түбірлі және түбегейлі мәселелері  болып табылады.

 

 

 

 

       2.1  Болмыс туралы жалпы ұғым. “Болмыс” ұғымы – қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

     Болмыс туралы ой толғау - дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр философ - дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi:

     1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы” болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал, жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды.

       2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi.  Бiрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.

     3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.

      4) Жаңа заман  философияда болмыс категориясың “субстанция” категориясымен тенiстiрген, болмыстың бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтың, өзгермейтiн субстрат, болмыстың негiзi. Бiр философияда ол-материалды, екiншiлерiнде - идеалды, ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да. Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағл. философы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп болған, дiн дi дәйектеп, материализмдi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты мойындап, универсалилердiн реалды өмiр сүредi деген және абстракциялық ұғымдар идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.

      Ал, Спинозашы (1632-1677, Нидерланд философы, Амстердамда туып өскен, математика мен жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп әлемнiң жалпы бiртұтас, ядросы табиғат пен құдайдың үлесiмдiлiгi болып табылатың, картинасың қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды интуиция деп, субстанцияның атрибуттары мен модустар туралы теорияны жасады; әлеуметтiк философияда еркiндiктi саналы қажеттiлiк ретiнде және қоғамдық келiсiмдi жақтады. “Этика”, “Дiншiл-саяси трактат”) нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана, тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде өмiр сүретiн материалды субстанцияны мойындады. Сонымен, қатар Спиноза субстанцияны құдаймен үйлестiредi, бұл- өзiн өзi тудыратың тотальды Табиғат.

      5) Қазырғы заман философияда болмыс категориясы әр түрлi талқыланады. Феноменология (Гуссерль) болмыс - сана арқылы танылатың заттар болмысы, мәннiң идеалды болмысы. Герменевтика да болмыс- бұл интерпритация, әр түрлi талдау, өйткенi болмыс адамға тек болмысты түсiнүде ғана танылады. Экзистенциализм де, болмыс- адамның өзi, оның дүнедегi болмысын уайымдау, адамға тiкелей тiршiлiк ету ретiнде берiлген.

     Болмыс мәселесiн әр түрлi талқылау, болмыс ұғымының кеңдiгiнең және абстрактiлiгiнен туады. Шынында да болмыс категориясы адамның және оны қоршаған әлемнiң ең маңызды қасиеттерiн бейнелейдi.Болмыс сөзiнiң әр түрлi мағынасын аңғартуға болады: а)болмыс- адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр сүретiн объективтi, материалдық дүниенi бiлдiредi; в) болмыс-бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң барлығын-материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды; с) болмыс- бар болуды, өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.

    Оның негiзгi белгiлерi: 1) мәнгi-әлем болды, бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта тудырып отырады; 2) шексiз- әлемнiң шетi де, шегi де жоқ; 3) бiртұтас- әлемнiң бiртұтастығы оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ олар жеке-жеке емес, өзара байланыста, белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында екендiгiнде; 4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi- табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың бәрiне ортақ нәрсе-олардың “бар” екендiгi, өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi әр қилы болғаны мен олар бар болуы арқылы шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн құрайды; 5) өзгермелiгi- дүниеде бар болатының бәрi үнiмi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте болуы; 6) объективтiлiгi- айнала қоршаған әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып, бұл дүниенiң өмiр сүрүiнiң iштей логикасы бар, ол адам санасында нақты бейнесiн таба алады.

     Болмыс - объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi.

     Басқаша айтқанда болмыс - еш себебi жоқ таза тiршiлiк. Болмыс- өзi өзiнiң себебi. Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы дүниенiң бар екенiне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты табамыз.

    Заттар болмысы “бiрiншi табиғат”- барлық материалдық денелердiн, табиғи процесстер мен күйлердiн болуы. Мысалы: Жер планетасы, бүкiл ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық, адам мен оның санасына алғанда бiрiншi, өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi, және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн емес.

     Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.

     Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.

     Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл-адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiлден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.

      Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.

     Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi.

      Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.):

      Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм денгейi т.б. Объективтендiрiлген немесе интерсубъективтi рухани болмыс- қоғамның рухани тәжiрибснiн қамтитың қоғамдық сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар. Объективтендiрiлген рухани өнiмдер мен процесстер, сөздер, дыбыстар табиғи және жасанды тiлдер арқылы iс жүзiне асады (кiтаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, сүреттер, ескерткiштер, музыкалық шығармалардың ноталары т.б.).Соңғы кезендерде адам әрекеттерiне байланысты “виртуалды реалдық”,”виртуалды болмыс” деген категориялар қолданылады. Бұл термин-компьютер арқылы жасалған нақтылықтың моделiн айтады. Сонда бұл жасанды, иллюзорлы елестету болып табылады. Оның белгiлерi: жасанды болуы, актуалдылығы, автономдығы, интерактивтiлiгi. Объективтi реалдыққа қарағанда екiншi, ссондықтан да субъективтi реалдық және уақыт керi қайтылады.

    Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.2 Адам проблемасы философия тарихында.

     Бұл мәселе  философияның пайда болуынан  қарастырылып келеді. Бұдан 25 ғасыр  бұрын Кун ФУ Цзы өз философиясында адамгершілік проблемасын қарастырды. Оның  ілімінің негізгі этикалық қағидасы «Өзіңе  тілемейтін нәрсені өзгеге жасама!» болды.

    Будизмді өмір қайғы қасіретке толы,  алайда оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі өзіне байланысты деп түсіндірілді. Арестотель адамды «адамды құдайдай» деп түсініп, адамның биік мақсаты – бақыт деп тұжырымдады. Бақыт пен жоғары игілік адамға тән, ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда, яғни белсенділіктің арқасында жетеді. Демек, жай ғана өмір сүрумен тыңбау керек, себебі өсімдіктер де тіршілік етеді, ал сана белсенділігі адамға тән.

     Ортағасырлық  томизм ілімінде  кез-келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің дұрыстығы айтылды: еркек пен әйелдің одағы, бала өсіріп тәрбиелеу – игілік , өйткені табиғат заңдылығы солай. Рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп, ақиқатқа ұмтылу жазылған.

     Ренессанс  дәуіріндегі, 15-17ғғ. гуманистік  қозғалысында  ізгіліктің  тағдырдан биік тұратыны  тұжырымдалады.

     « Адам өліп, шіріп кету үшін емес, өндіру үшін туады. Адам далақтап бос жүру емес, өзі қуана алатындай ұлы мен данқты істерге ұмтылу үшін , сондай-ақ жетілген қайырымдылығын пайдаланып, бақыт табу үшін туады. Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске тез жетеді. Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға дағдыланғандар ғана төзеді». ( гуманист, философ, математик, сәулетші Л.Альберти)

     Ренессанс  дәуіріндегі, адамды  «табиғаттың  кереметі» деп есептеді. Ф.Бэкон,Р. Декарт, Б.Спиноза  адам бақыты өз қолында деп санады. Адам Б. Франклинше еңбек құралын жасайтын хайуан. « Адамдық қасиеті тек оған туғанға ғана берілген ерекшеліктерімен емес, оның өзі жасаған құндылықтары арқылы өлшенеді» деп жазды Гете адамдар туралы. Марс бойынша « адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». Энгельстің пікірінше антропосоциогенезде шешуші рөлді еңбектену қызметі атқарады. Адамды еңбек жасаған. 20 ғасырда экзистенциалист Ж.П Сартер –адам еркіндік иесі және тұрақты түрде өз аясына болғандықтан фактуальдылық пен трансцендентальдықтың  бірлігі, тек заттар ғана шектеулі болуы деп түйді. Адам шектеулі емес.

       Тағы  бір экзистенциалист А. Камю адам өз маңдайына жазылған тағдырға мойынсұнбайды . Осыдан келіп метафизикалық   бүлік туады деп пайымдайды.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Адам проблемасы философия