Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 14:14, реферат

Краткое описание

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әр бір жасөспірімнің субъективті талап-тілегін ескеріп, бейім-қабілетін және тіршілік өмір өрісін, белсенді саналы шығармашылык қасиетін одан әрі - дамыту кезек күттірмейтін мәселе.
Саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде 5
1.1 Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігі 5
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі 8
2 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны 11
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар 11
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі 13
2.3 Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

Прикрепленные файлы: 1 файл

диванты окушылар.docx

— 97.10 Кб (Скачать документ)

Кіріспе 3 
1 Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде 5 
1.1 Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігі 5 
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі 8 
2 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық  
іс шаралар мазмұны 11 
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар 11 
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының  
атқаратын қызметі 13 
2.3 Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесі 18 
Қорытынды 20 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22

 

 

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әр бір жасөспірімнің субъективті талап-тілегін ескеріп, бейім-қабілетін және тіршілік өмір өрісін, белсенді саналы шығармашылык қасиетін одан әрі - дамыту кезек күттірмейтін мәселе. 
Саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы. 
Күнделікті өмірде мінез-құлық ерекшеліктері және жеке ерекшеліктер мен өзгешеліктер арасындағы байланыстар байқалады, осы ерекшеліктердің дүрыс құрылмауы мінез-құлықтың кері әрекеттерінің пайда болуына әкеліп соғады. Осыдан зерттеу тақырыбының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады. 
В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез-құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, окушыларды екі қатарға бөледі. 
Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез-құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар: тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дерекі, өтірікші балалар. Мінез-құлықтың тәртіптілігі және тәртіпті емес белгілері бөлініп карастырылады. Тәртіптілікті мынандай қалыптасқан тәртіпті қатаң сақтау, берілген тапсырманы тез және нақты орындауға тырысу, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақылық сияқты және т.б. көрсеркіштер бойынша айқындайды. Тәртіпті емес мінез-құлықты осыған қарама-қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтырап кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау адал еместік жеке қызығушылыктарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан т.б. байқалады. 
Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез-құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы - бұл жеке бітімдегі аса күшейген, мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі катардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бүзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың (өткір жан күйзелісі реакциясы, жүйкенің ауруы, психопатиялық даму, реактивті жынданып ауру, мінез - құлықтың патологиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады). 
Зерттеу жұмысының мақсаты: қиын балалар тәрбиесі 
Зерттеу міндеттері: 
- Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу; 
- Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу; 
- Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау; 
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу; 
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету; 
- Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау; 
- Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну 
Зерттеу объектісі: қиын балалар 
Зерттеу пәні қиын балаларды тәрбиелеуге қатысты құбылыстар мен процесстер 
Зерттеу әдістері: талдау, жүйелеу, эксперимент, тәжірибежүргізу, сараптама жасау, ғылымилылық. 
Зерттеу болжамы: кез келген қоғамда мінез құлқында қиындығы бар балалар қалыптасады, олармен жұмыс істеу ерекше педагогикалық проблема туындайды, сондықтан бұл мәселені жетік зерттеуден қиын балалар тәрбиесінің жетістігі тәуелді.

 

 

КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет. 
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады. 
Жұмыстың мақсаты: Қиын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі. Қиын бала мәселесін ғылыми-методологиялық тұрғыда зерттеу. 
Жұмыстың міндеттері: 
- қиын жасөспірімдердің пайда болу себептерін айқындау; 
- қиын жасөспірімдердің ерекшеліктерін қарастыру; 
- қиын жасөспірімдерге әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету жолдарын ескеру; 
- қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда отбасы және мектептің өзара байланысын арттыру; 
- қиын жасөспірімді әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық қорғау; 
- құқық бұзушы балаларға профилактикалық және диагностикалық көмек; 
- қиын жасөспірімді қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты іс-жүзіне асыру.

 

 

 

 2.2.Агерсивті балалармен  жұмыс жасау ерекшелігі 
 
Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді. 
 
Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі –ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой - өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады. 
 
Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл – сезімі нашар, жігерсіз нәресте келетіні шындық. Ежелгі Қытай трактаттарында, үнділердің киелі жазбаларында бала құрсағында оны дүниеге әкелудің нақты әрекеттерінен көп бұрын-ақ биоэнергетикалық жағынан қалыптасатыны айтылған. Бала ата-анасының психобиоэнергетикалық жағдайынан және олардың сүйіспеншілік сезімінен, жан-дүниесінің толқыныстарынан пайда болады. Осынау көзсіз де мөлдір қарым-қатынастар арқылы ерлі-зайыптылар ғарыштан балаға тіршілік дәнін егетін қуат, қазақша айтсақ, баланың жанын таратын көрінеді . Егер ерлі – зайыптылардың ортасында махаббат болмаса және рухани жағынан мүгедек болса, әлгі ғашықтық қуатты толық тартуға шамалары келмей, олардан туған сәбилер өмірдегі жағымсыз құбылыстардың алдында әлсіз болып жаратылады. Айналадағы зиянды әрекеттерді бойына тез сіңіріп алатын, тиянақсыз, жақсы нәрселерге жуымайтын содырлар осындайлардың арасынан шығады. Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор.  
 
Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез – құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі оларға ата – анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою талабы педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болмақ. 
 
Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі: «балам төбелесе береді, бір орында тыныш отыра алмайды, немесе тақтада жауап беруге қорқады, не істеу керек ?» деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымынан: Қазіргі балалар өзгеше «қиын» болып кеткен деген лебіздер естиміз. Бұл сұрауларға мектеп мұғалімі, дәрігер, ата-ана, әлеуметтік педагог, психолог бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере аламыз. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінде әсіресе «ерекше» балалар мінез құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агресивті балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар тобы жатады. 
 
Болашақ қоғамның негізін – мектеп оқушылары құрады десек, соларға жан жақты дұрыс тәрбие беріп, білікті азамат етіп өсіру бәріненде бұрын мұғалімдердің еншісінде. Мұндай абыройлы мақсатты атқару үшін, әрине мұғалімдердің өздері сауатты, білмді, ұлттық тәлім - тәрбие мен мінез – құлық мәселелеріне барынша қанық болуы керек. Бірақ олардың өздері осындай білімді қайдан алады деген сұрақ бой көтерері анық. 
 
Міне, соған байланысты болашақ ұстаз мамандарға балалармен тиімді қарым-қатынаста болу , әсіресе агрессивті балалармен жұмыс жүргізу бағдарламасын ұсынып, әдістемесін үйретуді жүзеге асыру қолға алынды. 
 
Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болады. 
 
Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне байланысты болады. Айталық «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. 
 
Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э. Фром екі түрі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз». 
 
Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады. 
 
Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады. 
 
Ал, З. Фрейд пен К. Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген. 
 
Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін. 
 
Бүгінгі кино, бейнефильмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдейді. 
 
Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын, ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайларда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды. 
 
Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де агрессивті қылық көрсетеді.  
 
Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі , мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады. 
 
Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын т әртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет: 
 
І. Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету; 
 
ІІ. Балаларды әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету; 
 
ІІІ. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру; 
 
ІV. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру. 
 
Дарынды психолог әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, жанын сауықтырады» (8.) деген қанатты қағидасын әрқашан жадымызда ұстауды ұмытпағанымыз абзал. 
 
 
3 сызба 
 
 
АГРЕССИЯ 
 
  
Жағымсыз 
 
(оппозициялық қылық) 
 
 
 
Бағытталған  
 
(өсек, мысқыл, тілмен шағып алу) 
 
Бағытталмаған 
 
(көпшілік ішіндегі айқай, тепсіну т.б.) 
 
 
 
^ 2. 3.«Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары 
 
 
«Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» (13.) деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла»деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз.  
 
Орта білім дамыту тұжырымдамасында «Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек» делінген. Бұл үшін психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, нарықтық экономикаға сай дені сау, ұлттық сана – сезімі жоғары, рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу- міндетіміз.  
 
Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қамауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар-құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкігіне түсіп кете барады.  
 
Тәрбиесі «қиын» балалардың пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның бастылары: - біріншіден, баланың күнделікті жүріс-туыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу;  

  •  
    екіншіден: тәрбиенің көзі- баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық;

  •  
    үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау. Оқушының жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады. 

 
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленсе түсетіндігі айқын. Себебі мектепте де баланың жеке басын силамай, әкімшілік көрсету баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «қиын» айтуымен, ұрысу ар-ожданына тию тәрізді. Педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады.  
 
Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді төмендегіше топтан өткізуге болады.  

  1.  
    Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Мұғалімдердің кейбіреулері оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармаған. Ұжым арасындағы қарым қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын нәтижелі ұйымдастырмаудан деп санаймын.

  1.  
    Тәрбиесі «қиын» оқушылармен тіл таба алмай, яғни жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдері: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазаламау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б. қолдану, дұрыс қолданылмаған шара жас өспірімдердің ыза кегін туғызып, қарсылық көрсетеді. 

  1.  
    Кейбір педагогтердің кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығынан, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен өткізуде методикалық шеберліктер дәрежесі төмен болуы себеп болған. 

 
Қиын оқушылардың проблемаларын шешуде оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.  

  1.  
    Оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі- сынып жетекшілері. Сынып жетекшілері жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады. Сондықтан ол әр уақытта оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыру тиіс. Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты білуге ұмтылған дұрыс. Оқушылардың тәрбиелік деңгейі нақты анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға, өнерге бейімділігін тағы басқа ескеруі керек. 

 
Сынып жетекшілері туралы әдістемелік хатта: Сынып жетекшісі әр уақытта оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. М. Дулатов «Жақсы білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек.»(51.) деген.  
 
Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды, бейғамдықты көтермелейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады» дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «Адам» болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең , жауапкершілігі мол күрделі процесс екенін ұқтырса керек. 
 
Қазіргі таңда тәрбиесі «қиын» балалар мәселесі қатты алаңдатып отыр. Ахмет Байтұрсынов айтқандай (балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін ұлт қайдан болсын.) 
 
«Қиын» оқушылардың ерекшеліктері. Ең біріншісі олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.  

  1.  
    Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері) 

  1.  
    Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері ( ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)

  1.  
    Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі. 

  1.  
    Жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адагершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі .

 
Қиын бала туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, сыныптастарының қиын балаға қатысы, қиын оқушының оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы. 
 
Педагогикалық шешім: 
 
а) отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар баланың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына әсер ететіндігін анықтау. 
 
ә) қиын баланың бағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болмаса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау.  
 
б) дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгершілікті сыр сипатын, оқу тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және басын сыйлау, оның дамуына обьективті жағдайлар туғызу. 
 
Қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар.  

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұны