Альянс банк» АҚ мысалында ипотекалық несиелеудің даму деңгейін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 06:31, курсовая работа

Краткое описание

2001 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ негізгі акционерлері ауысты. Банктің жаңа акционерлерінің қатарына кірген компаниялар: «Алматықұс» ААҚ, «Астық Астана 2030» ЖШС, «Байт Корпорациясы» ЖШС және «Жаңа Ғасыр-НС» ЖШС. Аймақаралық деңгейден республикалық деңгейге ауысуды және атауын «Альянс Банк» деп өзгертуді қамтитын тұрақты өсу стратегиясы қабылданды. «ЕртісБизнесБанк» ААҚ жаңа менеджменті республиканың банктік саласының жетекші мамандарынан құралды [17].ы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

«Альянс банк» АҚ.doc

— 550.50 Кб (Скачать документ)

2 «Альянс банк» АҚ мысалында ипотекалық несиелеудің даму деңгейін талдау

2.1 Банктің қаржылық қызметіне сипаттама

 

 

«Альянс Банкі» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банкілердің бірі болып табылады және банкілік қызмет көрсету нарығында 19 жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді [16].

Банктің тарихына тоқтала кететін болсақ, 1993 жылы Павлодар қаласында (Павлодар облысы) Қазақстанның алғашқы аймақтық банктерінің бірі – «ЕртісБизнесБанк» АҚ негізі болып қаланды.

1999 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ мен «Семей қалалық банкі» АҚ бірікті. Бас офисі Павлодар қаласында орналасқан жаңа «ЕртісБизнесБанк» АҚ Алматы, Астана, Екібастұз, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларында да филиалдарын ашты.

2001 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ негізгі акционерлері ауысты. Банктің жаңа акционерлерінің қатарына кірген компаниялар: «Алматықұс» ААҚ, «Астық Астана 2030» ЖШС, «Байт Корпорациясы» ЖШС және «Жаңа Ғасыр-НС» ЖШС. Аймақаралық деңгейден республикалық деңгейге ауысуды және атауын «Альянс Банк» деп өзгертуді қамтитын тұрақты өсу стратегиясы қабылданды. «ЕртісБизнесБанк» ААҚ жаңа менеджменті республиканың банктік саласының жетекші мамандарынан құралды [17].

2002 жылы «ЕртісБизнесБанк» АҚ «Альянс Банк» ААҚ болып қайта тіркелді (13 наурыз). Бас офисі Павлодар қаласынан Алматы қаласына (наурыз-сәуір) көшті. Банктің Петропавл қаласында (Солтүстік Қазақстан облысы) филиалы ашылды, жарғылық капиталы 2,1 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды, алғаш рет Ресей банктер тобынан 6 миллион АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған заем тартылды, сондай-ақ 3 миллиард теңге сомаға бірінші субординацияланған облигациялар шығарылды. Жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банк» ААҚ Қазақстан Республикасының он ірі банкінің қатарына кіріп, активтерінің өсу динамикасы бойынша көш бастаушы болды. Өсім көлемі 167%.

2003 жылы Банктің Қарағанды (Қарағанды облысы), Атырау (Атырау облысы) қалаларында филиалдары және Зыряновск қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) өкілдігі (есептік-кассалық бөлім мәртебесімен) ашылды. «Альянс Банк» АҚ on-line режімінде бизнесін орталықтандыруды аяқтаған Қазақстандағы екінші банкке айналды. «Тұрақты» болжаммен алғашқы «E+»/«Ba3»/«NP» кредиттік рейтингтері, сондай-ақ жетекші «Moody’s Investors Service» рейтинг агенттігінен «E+» деңгейінде қаржы тұрақтылығы рейтингісіне ие болды. 10 миллион АҚШ доллары сомасында шетелдік банктер тобынан синдикатталған заем тартылды. Жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банк» АҚ Қазақстан Республикасының ең ірі сегіз банкінің қатарына енді және активтерінің өсу динамикасы бойынша қатарынан екінші жыл көшбасы болып келеді - 131%.

2004 жылы Банктің Жезқазған (Қарағанды  облысы) және Талдықорған

(Алматы облысы) қалаларында өкілдіктері (есептік-кассалық бөлім мәртебесімен) ашылды. Банктік ақпараттық жүйені  автоматтандыру және сертификаттау  бөлігіндегі халықаралық бухгалтерлік  есеп стандарттарына өтті. VISA International халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын шығара бастады. Банк Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қорының (ҚИККБҚ) алғашқы қатысушысына айналды. «Moody's Investors Service» халықаралық агенттігі «Альянс Банк» АҚ «Ва3» шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингісінің және «FSR» – «E+» қаржы тұрақтылығы рейтингісінің болжамын «тұрақты» дегенді «оң» деп өзгертті. Шетелдік банктер синдикатынан 23,5 миллион АҚШ доллары мөлшерінде кезекті синдикатталған заем тартылды.

2004 жыл қорытындылары бойынша  «Альянс Банк» АҚ Қазақстан  Республикасының ірі алты банкінің  қатарына енді, үшінші жыл қатарынан  активтерінің өсу динамикасы  бойынша көшбасы – 138%.

2005 жылы Қостанай (Қостанай облысы), Ақтау (Маңғыстау облысы), Жезқазған (Қарағанды облысы), Шымкент (Оңтүстік Қазақстан облысы), Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Орал (Батыс Қазақстан облысы) қалаларында филиалдары және Алматы қаласында (Алматы облысы) екінші филиалы ашылды. «Moody’s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі «Альянс Банк» АҚ «Ва2» шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер рейтингісінің болжамын «тұрақты» дегенді «оң» деп өзгертіп, «Е+» қаржы тұрақтылығы рейтингісі болжамын «оң» деп растады. «Fitch Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі «Альянс Банк» АҚ шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша рейтингісін «В+» деңгейінен «BB–» деңгейіне, қолдау рейтингісін «4» деңгейден «3» деңгейіне көтерді. 2005 жыл қорытындылары бойынша «Альянс Банк» АҚ Қазақстан Республикасының бес ірі банкінің құрамына кірді және төртінші жыл қатарынан активтерінің өсу динамикасы бойынша көшбасы болып келеді – 178 %.

2006 жылы Банк Талдықорған (Алматы  облысы), Алматы (Алматы облысы, Алматы  қаласындағы үшінші филиал –  «Алатау»), Ақтау (Маңғыстау облысы), Талғар (Алматы облысы), Тараз (Жамбыл облысы) қалаларында филиалдарын ашты. 2006 жылдың шілдесінде Банк Қазақстанда активтер және меншік капиталы мөлшері бойынша (2006 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша) төртінші болды. Активтер 521 969 млн. теңгені, меншік капиталы - 37 155 млн. теңгені құрады. Таза пайда 2005 жылы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары 2 104 млн. теңгені құрады. «Казпочта» АҚ-мен бірлесіп зейнеткерлерді кредиттеу жөніндегі жоба шығарылды.

2007 жылы мамырында Альянс Банкі Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінің (ЕҚДБ) тиісті бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес процесін дербес басқару мүмкіндігін алды.

Осы кезге дейін пайдаланылған «Альянс банк»  АҚ байланыс арналарына тоқтамастан, халықаралық VISA International төлем жүйесімен тікелей қосылуды белгіледі. Осы қадам Банкінің төлем карталары үшін транзакциялық операциялар бойынша тарифтердің кешенді төмендеуін хабарлауға мүмкіндік туғызды.

Альянс Банкі Лондон қор биржасына (GDR) ғаламдық депозиттік қолхат түрінде 17,4% жай акционерлік капиталды орналастырды. Ұсыныстың жалпы құны 704 млн. АҚШ долларын құрады.

2008 жылы Альянс Банкі тұтынушылық несиелеу моделін түзетті және дербес тұтынушылық несиеден жақсы несиелік тарихы бар клиенттерге жаңартпалы кредит карталарын беруге көшті. Меншік процессинг орталығын жетілдіруді ойдағыдай аяқтады.

Альянс Банкінің төлем карталарының қызметі «Компас плюс» ресей компаниясынан толығымен қазіргі күнгі жоғары технологиялық бағдарламалық-аппараттық Tranz Ware плтформасына аударылды. Бұл қадам ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге, сондай-ақ банктің барлық карточкалық жүйелерінің және эквайрингтік құрылғылардың тұрақтылықтан бас тартуын арттыруға мүмкіндік берді.

2009 жылы ақпанда Альянс Банкінің  басты акционері – «Сеймар Альянс» Қаржы корпорациясы банк акцияларының бақылау пакетін «Самұрық-Қазына» қорына сату туралы келіссөздер жүргізуді бастады.

Наурызда экономиканы қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Альянс Банкі ҚР Үкіметінің шешімі бойынша шағын және орта бизнесті, үлестік құрылысты және жоғары білім беруді қолдауға бағытталған қаражатты игеру жөніндегі операторлардың бірі болды. Жиынтығында осы бағдарламалар бойынша банк жыл ішінде шамамен 50 млрд. теңге мемлекеттік қаражатты игерді.

Сәуірде Альянс Банкі әлемдік қаржы дағдарысынан туындаған өтімділік проблемасына байланысты борышты қайта құрылымдау ұсынысымен кредиторларға жүгінді.

Желтоқсанда Банкінің жалпы жиналысында кредиторлардың көпшілік дауысы (95,1%) Қайта құрылымдау жоспарын қабылдады. Өзгелердің қатарында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен және халықаралық қаржы институттарының тобымен Банкінің акционерлік капиталына енуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

31 желтоқсанда, келісімдер шеңберінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Банкінің 100% жай және артықшылықты акцияларын сатып алды. Банкінің берешекті қайта құрылымдау және капиталды ұлғайту жөніндегі рәсімі басталды. Дамудың жаңа стратегиясы айқындалды.

2010 жыл 10 ақпан Альянс Банкі меншік  қаражаты есебінен шағын және  орта бизнеске (ШОБ) кредит беруді қайта бастау жөнінде хабарлады. 

30 наурыз Альянс Банкі берешекті  қайта құрылымдаудың аяқталғандығы  туралы хабарлады.

Берешекті қайта құрылымдау жоспары бойынша барлық шараларды орындау нәтижесінде Альянс Банкі капиталды 547,9 млрд. теңгеге ұлғайтты, ал оның меншік капиталы едәуір 50 млрд. теңгені құрады.

Қайта құрылымдау нәтижесінде борыш мөлшері 4,5 млрд. АҚШ долларына (есептелінген пайыздарды қоса) 1 млрд. 80 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды, оның ішінде: 850 млн. доллар – еуробондтар бойынша ескі борыш, 85 млн.-нақты сауда қаржыландыру, 145 млн. бағынышты облигация.

Барлық шаралардың аяқталуымен «Альянс Банкі» АҚ акциялары төмендегідей бөлінді:

Жай : 67% - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», 33% - кредиторлар.

Артықшылықты: 67% - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ», 33% - кредиторлар.

1 сәуір Банк тұрғындардан және  заңды тұлғалардан депозиттер  қабылдауды қайта бастады.

17 мамыр Жеке тұлғаларды несиелеуді қайта басталды.

2011 жылы мамырда Альянс Банкі  ШОБ секторының клиенттеріне  борышын өсімпұлсыз және пайызсыз  өтеу мүмкіндігін ұсынды. Акция төрт айдан аса уақытқа созылды және оған берешекті қайта құрылымдаудың әр түрлі нұсқаларын көздейтін 4 опция енді.

Акция шарттарын өз кәсіпорындарының кредит тарихын қалпына келтірген және  негізгі борыш бойынша  730 млн. теңгеде сомасын өтеген 229 клиент пайдаланды.

«Альянс банк» АҚ қазақстандық нарықта проблемалық бөлшек қарыздардың пулын сату бойынша ерекше мәмілені аяқтады. Банк капиталына нәтиже сәйкес 14 миллиард теңгені құрады, сонымен қатар осы мәміленің арқасында проблемалық қоржын едәуір азайды.

Осы жылдың қыркүйек айында «Альянс банк» АҚ-ы ШОБ қаржыландыру үшін Инвестициялық бағдарлама шеңберінде Азия Даму Банкінің серіктесі болды. Бағдарлама шеңберіндегі қарыз қайта құрылымдау кезінен бастап сыртқы қаржыландыруды тарту бойынша алғашқы сынақ болды.

Қараша айында  «Альянс банк» АҚ-ы 9 ай үшін 16,6 млрд. теңге мөлшеріндегі пайдамен ХҚЕС бойынша есепті бекітті. ХҚЕС бойынша меншік капиталының тапшылығы 78% қысқарды.

2011 жылғы өзінің сыртқы міндеттемелерін  орындау үшін банк жалпы сомасы 76,4 млн. АҚШ долларына еурооблигациялар бойынша екі купондық сыйақы төлемін, сондай-ақ  жалпы сомасы 24,1 млн. АҚШ долларына өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін облигациялар бойынша төрт төлем жүргізді [18].

Альянс Банкінің мақсаты - банкілік қызметтердің алдыңғы стандарттарына сәйкестене әрбір клиент үшін сенімді серіктес болу.

Банкінің даму перспективаларының көрінісі:

  • корпоративтік басқарудың дамыған жүйесімен және халықаралық деңгейдегі тәуекел-менеджмент жүйесімен коммерциялық тиімді, тұрақты және транспарентті банкілік ұйым;
  • активтер мөлшері бойынша Қазақстандағы ең ірі жеке банкілердің бестігіне кіретін жүйе құрастырушы банк;
  • тұрғындарға қызмет көрсету, ЗТ операциялық қызмет көрсету және ШОБ қаржыландыруды орталықтандырумен нарықтың барлық сегменттерінде жұмыс істейтін әмбебап банк.

Бүгінгі күні «Альянс Банкі» АҚ активтер мөлшері бойынша елімізде алтыншы орында және бөлшек нарықта артықшылық фокуспен бизнестің барлық бағыттар бойынша, сондай-ақ ШОБ субъектілерін кредиттеу әмбебап

қаржы институты ретінде дамуда.

«Альянс Банкі» АҚ төмендегілерге қатысушы болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) қорына;
  • Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына;
  • Қазақстандық қор биржасына (KASE);
  • Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына;
  • S.W.I.F.T. және REUTERS телекоммуникациялардың халықаралық банкаралық жүйесі;
  • Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы;
  • VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің негізгі мүшесі.

«Альянс Банкі» АҚ ҚР Ұлттық Банкімен белгіленген зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияға, сондай-ақ депозиттерге орналастыру үшін қаржы қаражатына сенім білдіретін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ екінші деңгейдегі банкілер тізбесіне енгізілген.

«Альянс Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының 51 қалалық және ауылдық елді мекендерінде 19 филиалдар және 108 бөлімшелер есептелетін тармақталған филиалдық желіге ие. Сонымен қатар 953 банкомат, оның ішінде 322 қолма-қол (cash-in) қабылдап алу қызметімен, сондай-ақ қолма-қол ақша беретін пункттердегі 135 POS-терминалдар және сауда-сервис кәсіпорындарындағы 696 POS-терминал есептелінетін көлемді эквай­рингтік құрылғы желісіне ие.

Банкіге төмендегідей рейтингтер берілген:

  1. Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі:

"В-" контрагентінің  ұзақ мерзімді кредит рейтингі;

"С" контрагентінің  қысқа мерзімді кредит рейтингі;

Ұлттық шкала бойынша Банкіге "kzBB-" рейтингі берілді;

Рейтингтер болжамы - "Стабильный".

Артықшылықты қамтамасыз етілмеген борыш: "B-" рейтингі;

Бағынышты борыш: "CCC" рейтингі.

  1. Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі:

"B-" шетел валютасындағы  эмитент дефолтының ұзақ мерзімді  рейтингі (ЭДР), «Стабильный» рейтингінің  болжамы.

"B-" ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР, "Стабильный" болжамы;

B-" шетел валютасындағы  қысқа мерзімді ЭДР;

"E" жеке рейтингі;

Артықшылықты қамтамасыз етілмеген борыш: "B-" рейтингі, "RR4" активтердің қайтымдылығы рейтингі;

Информация о работе Альянс банк» АҚ мысалында ипотекалық несиелеудің даму деңгейін талдау