Адам организміне шолу.Жасуша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 15:56, реферат

Краткое описание

Адам денесі көп жасушалы организмдер сияқты жасушалық құрылысты болады. Оны құрылысы мен атқаратын қызметі әр түрлі миллиардтаған жасушалар құрайды. Біз әр түрлі әдемі кірпіштен – жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар тітіркенуге белсенді жауап қайтарады, зат алмасуға қатысады, өседі, көбейеді, регенерацияға (қайта қалпына келуі) және тұқым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге қабілетті.
Біздің организміміздегі жасушалар пішіні (форма) бойынша әр түрлі: жалпақ, дөңгелек, ұршық тәрізді, кейбіреулерінің өсінділері бар. Жасушаның пішіні организмдегі орны мен атқаратын қызметіне байланысты. Олардың мөлшері де әр түрлі: бірнеше микрометрден (кішкентай лейкоцит) 200 микрометрге дейін (жұмыртқа жасушасы)

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 27.99 Кб (Скачать документ)

Гидра.

338.Гидраның ішкі қабаты:Эктодерма.

339.Гидраның сыртқы қабаты:Энтодерма.

340.Гидраның қорегі:Ұсақ шаян, су бунақденелерінің дернәсілі.

341.Гидраның сыртқы қабатындағы қорегін ұстаушы жасушасы:Атпа.

342.Гидра денесін қаптайтын жасуша:Жүйке.

343.Ақсұламаның асқорыту жүйесі:Ауыз – жұтқыншақ – ішек.

344.Шұбалшанның асқорыту жүйесі:

Ауыз қуысы – жұтқыншақ  – өңеш  – жемсау – қарын  – ішек.

 

             Адам организміне шолу.Жасуша

Адам денесі көп жасушалы организмдер сияқты жасушалық құрылысты  болады. Оны құрылысы мен атқаратын  қызметі әр түрлі миллиардтаған  жасушалар құрайды. Біз әр түрлі  әдемі кірпіштен – жасушалардан салынған ғимарат сияқтымыз. Жасушалар  тітіркенуге белсенді жауап қайтарады, зат алмасуға қатысады, өседі, көбейеді, регенерацияға (қайта қалпына келуі) және тұқым қуалау ақпаратын келесі ұрпақтарына беруге қабілетті.

Біздің организміміздегі жасушалар пішіні (форма) бойынша  әр түрлі: жалпақ, дөңгелек, ұршық тәрізді, кейбіреулерінің өсінділері бар. Жасушаның  пішіні организмдегі орны мен атқаратын  қызметіне байланысты. Олардың мөлшері  де әр түрлі: бірнеше микрометрден (кішкентай  лейкоцит) 200 микрометрге дейін (жұмыртқа жасушасы). Құрылысы мен атқаратын  қызметтері әр түрлі болғанымен, жасушалардың жалпы құрылысы ұқсас, олар: жасуша мембранасы (қабықшасы), цитоплазма және ядродан тұрады.

Ядро жетілген эритроциттен басқа (жаңа түзілген эритроциттердің  яросы болады) әрбір жасушаға тән. Ядро нәруыз (белок) түзілуді реттейді. Ядродағы ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) молекулаларында тұқым қуалаушылық  ақпараты болады.

ДНҚ хромосоманың негізгі  бөлігін құрайды. Адам денесіндегі  әрбір сомалық жасуша ядросында 46 хромосома, ал жыныс жасушаларының  ядросында 23 хромосома болады.

Ядроны сыртынан ядро мембранасы қоршайды. Ядро ішінде ядро шырыны мен рибосомалар түзілетін бір немесе бірнеше ядрошық болады. Рибосомалар жасушада нәруыздарды синтездейді.

Ядро пішіні әр түрлі жасушаларда  ғана емес, бірдей жасушаларда да жай-күйіне байланысты өзгергіш. Олар сопақша, дөңгелек, таяқша тәрізді, кейде сегменттелген  болады.

              Ұлпалар. Эпителий және дәнекер.         

               Ұлпалар қызметі мен құрылысы.

 

Барлық тірі организмдер  сияқты адам организміне де жасушалық  құрылыс тән. Жасушалардың жалпы  құрылысы бірдей, бірақ құрылысы мен  атқаратын қызметтерінде кейбір ерекшеліктер болады. Жасушалар мен  жасушалар аралығын толтыратын жасушааралық заттардан ұлпалар түзіледі. Ұлпа дегеніміз – құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Адам организмінде  ұлпалардың эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйкелік дейтін төрт типін ажыратады.

Эпителий ұлпалары терінің беткі қабатын, ішкі мүшелердің (ас қорыту жолы, тыныс және несеп жолдары) сілемейлі қабығын және көптеген бездерді түзеді.

Терінің, көздің қасаң қабығының (роговица) эпителийі оларды қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғайды, ал асқазан, ішек эпителийі олардың қабырғаларын ас қорыту сөлінің қорыту әсерінен сақтайды. Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар қанға сіңіріледі, ал өкпеде эпителий жасушалары арқылы газ алмасу іске асырылады.

Безді эпителий жасушалары зат (секрет) бөледі. Безді эпителий бездер түзеді. Сыртқы және ішкі секреция бездерін ажыратады. Сыртқы секреция бездерінде түзінділер (секреты) арнайы өзек арқылы дененің бетіне немесе дене қуысына (тер, сілекей, сүт) бөлінеді. Ішкі секреция бездерінің өзегі болмайды, олардың гормондары тікелей қанға түседі.

 

 

 

 

 

 

        Ішкі  секреция бездерінің бөлетін  гормоны

 

 

 №

 

Ішкі секреция бездері

 

Бөлінетін гормоны

 

Пайда болатын ауру түрлері

1

Гипофиз безі

   

  2

Қалқанша безі

   

3

Бүйрек үсті безі

   

4

Қалқанша маңыз безі

   

  5

Айырша безі

   

 

 

 

 

 

 

                        Қаңқа бөлімдері

Тірек-қимыл жүйесінің  маңызы. Егер адамның тірегі – қаңқасын алып тастаса қалай болар еді?

Кеңістікте қозғала алу  қабілеті – тірі организмнің маңызды  қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек-қимыл жүйесі атқарады.

Қаңқа сүйектерден және олардың  байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге  тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық  және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ-қол  сүйектері иінтірек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістіктегі қимыл-қозғалысы  жүзеге асырылады.

 

 

Қаңқа бөлімдері

Оны құрайтын сүйектер

Бас сүйек

 

Омыртқа жотасы

 

Кеуде қуысы

 

Иық белдеуі

 

Қол сүйектері

 

Жамбас белдеуі

 

Аяқ сүйектері

 

 

 

 

                         Саңырауқұлақтар

Оқулықты пайдалана отырып, ашытқы (қант саңырауқұлағы), зең саңырауқұлақтарының  және қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысындағы  айырмашылықтарды кестеге жаз.

 

Ашытқы саңырауқұлағы

Зең саңырауқұлағы

Қалпақшалы саңырауқұлақ

     
     

 

 

                            Саңырауқұлақтар

Өсімдікке ұқсайтын белгілері

Жануарларға ұқсайтын белгілері

   
   
   

 

 

Бактериялардың көбеюі

Саңырауқұлақтардың көбеюі

   
   
   

 

 

 

                      Біржасушалы балдырлар

Балдырлар – көбінесе суда, ылғалды топырақта, таста және ағаш діңінде тіршілік ететін төменгі  сатыдағы өсімдіктер. Олардың табиғатта  біржасушалы, шоғырлы және көпжасушалы  түрлері бар. Балдырлардың көпшілігінде тамыр, сабақ және жапырақ болмайды, сондықтан денесі қатпаршақ (таллом) деп аталады.

Балдырлар хлорофилден және пигменттерден құралады (сондықтан  жасыл, қызыл, қоңыр, т.б. түсті болып  келеді).

Балдырлар өсімді жолмен (денесінің  бір бөлігімен), жыныссыз (спора арқылы) және жынысты (жыныс жасушалары арқылы) көбейеді.

Жасыл балдырлардың өкілі  – хламидомонада, хлорелла, хлорококк. Олардың құрылысында өзіндік  ерекшеліктер болады.

                Көпжасушалы жасыл балдырлар

 Табиғатта біржасушалы  және көпжасушалы жасыл балдырлардың 13 000 түрі бар. Солардың бірі – спирогира және улотрикс. Олар өсімді жолмен (спирогира), жыныссыз және жынысты жолмен (улотрикс) көбейеді. Бұлар өзге жасыл балдырлар тәрізді күн сәулесінің қатысымен хроматофорына судағы еріген көмірқышқыл газды сіңіру арқылы ағзалы зат түзіп, қоректенеді. Фотосинтез кезінде оттегін газ түрінде бөліп шығарады. Судағы тірі ағзалар оттегі газымен тыныс алады.

                          Теңіз балдырлары

Теңіз суында қоңыр және қызыл  балдырлар тіршілік етеді. Табиғатта  қоңыр балдырлардың 1500 түрі бар. Бұлар  – ядролы төменгі сатыдағы өсімдіктер. Қоңыр балдыр теңіздің 180-200 м тереңдігінде өседі. Олардың ұзындығы 30-50 метрге дейін жетеді. Қызыл балдырлардың 4 мыңға дейін түрі белгілі. Олардың 200-ге жуығы тұщы суқоймалары мен  топырақта өседі. Ұзындығы 2 м шамасында  болады.

 

 

 

Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» – ішкі, «сrino» – бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» – қоздырамын, козғалыска келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» – асты, төменгі жағы, «tаlаmое» – бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар – нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат

5-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері 
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері 
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады 
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді 
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді 
Глюкагон —- Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді 
Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді 
Норадреналин —- Қантамырларын тарылтады 
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді 
Гиреотропты гормон —- Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді 
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) —- Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді 
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді 
Вазопрессин —- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады 
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді 
Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (5-кесте).

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ – меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте).

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» – аяк-қол сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Информация о работе Адам организміне шолу.Жасуша