Бюджеттік емес қорлар

Дата поступления: 30 Ноября 2015 в 18:39
Автор работы: a*******@bk.ru
Тип: реферат
Скачать полностью (17.04 Кб)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Скачать документ  Просмотреть файл 

Бюджеттік емес қорлар.doc

  —  61.50 Кб

                            Бюджеттік емес қорлар

Жоспар:

Кіріспе

   1.Бюджеттен тыс қорлардың мәні

   2.ҚР бюджеттен тыс қорлары

Қорытынды

1.Бюджеттен тыс қорлардың мәні 
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. 
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады. 
Бюджеттен тыс қорлар - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. 
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дережеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа экономиканы тұрақтандыру қоры (кейін экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды. 
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті - бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының Бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді. 
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді. 
Экономикалық қорлар - экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар, Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар - бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар. 
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін. 
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар: 
-жарғылық қызмет; 
-артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау; 
-коммерциялық қызмет. 
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар - бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны. 
Арналымы - мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру: 
а) арнаулы мақсатты салықтар; 
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен; 
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен; 
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары; 
г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары. 
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен: 
отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға; 
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге; 
зейнетақылар, жәрдемақылар тәлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрлымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге; 
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады. 
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының - орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады. 
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін: 
а) салық төлеуден босату; 
ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды). 
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді.

2.Қаржы институттарының-бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалады.

    Жасалу көздері:

1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары

2 )мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;

3 )санаторийлерге ,курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;

4) басқадай көздері;

 Қордың қаражаттары  мыналарға жұмсалады:

1.Жәрдемақылар төлеуге .

2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.

3.Кәсіподақтардың  қызметін материалдық қамтамасыз  етуге.

 Мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қоры.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:

a) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау

ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу

 Зейнетақы ұорының  жұмсалу бағыттары:

1) зейнетақылары төлеу;

2 )балаға қарау жөніндегі жәрдемақылар төлеу;

3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары

4) зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар

    Бюджеттен  тыс қорлардың органдары

 -Басқару;

-Атқарушы органдар;

-Тексеріс комиссиясы ;

-Қордың аймақтық бөлімшелері

    Қазақстанда  бюджеттен тыс қорлардың жүйесі  реформалауға жиі ұшырайдыды:біраз уақыт олар өзін-өзі билейді,мемлекттік бюджет құрамында “Мақсатты қаржыландыру қоры”бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды. Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін “Жаңа Астана” қоры сақталынған.

Қорытынды

 Баяндаманы қорытындылай  келе, төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.

Жалпы жұмыстың жазылу құрамы кіріспе,екі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерді қамтып отыр.

Бірінші бөлімде,бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні,оның түрлері мен қызметтері жан-жақты қарастырылған. Сонымен , бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысының негізгі буыны болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар - бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны болып табылатынын байқадық 

Екінші бөлім ҚР бюджеттен тыс қорларының даму жағдайына экономикалық-қаржылық талдау жасалған. ҚР-ң тәуелсіз алған жылдардан бері бюджеттен тыс қорлардың жүргізіліп келе жатқан даму бағыттары қарастырыла отырып ,олардың қызметтеріне талдау жасалынған.

Пайдаланылған әдебиет көздері:

1. http://kontrosha.net/221851322029126_a.html

2. http://referat.nur.kz/

3. www.topreferat.com

4. http://stud.kz/referat/show/5099/68/1

 


Краткое описание
1.Бюджеттен тыс қорлардың мәні
2.ҚР бюджеттен тыс қорлары
Содержание
содержание отсутствует