Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 21:17, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

rfgbnfk.docx

— 282.16 Кб (Скачать документ)

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

                                                         

 

Кіріспе

 

Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпкерлік. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.

  Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға көшкелі бері ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды. Әсiресе, елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi терең әрi  ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсеке қабiлеттiлiк, еркiн сауда, жеке меншiк билiгi т.б. осы сияқты ұғымдар ене бастады. Ал, өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет көрсетуi, өнiм өндiруi - бәсеке және бәсеке қабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi.

  Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді . Кәсіпорындарды айналым қаражаттарымен жеткілікті  түрде қамтамасыз ету  кәсіпкерлік қызмет айналысатын ке-келген ұйымның өзекті мәселесі, өйткені айналым капиталы  меншік иесінің   түпкілікті пайда алуының басты кепілі.Бұл тақырыптың өзектілігінің мәні де осында.

Бұл курстық жұмыстың    мақсаты -  кәсіпорындардың айналым құралдарын басқару тиімділігінің мәнін,айналым капиталын тиімді қолдану көрсеткіштерін  ұдайы анықтап отырудың маңызын түсіндіру,оны есептеу жолдарын көрсету,айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігін жоғарылату жолдарын анықтау болып табылады.

 

 

ТАРАУ 1 Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері

 

1.1 Айналым капиталының экономикалық  мәні

 

Айналым капиталы- кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі.Материялдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының құрамына:еңбек заттары,кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім,қайта  сатуға арналган тауар,ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.

Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелелікпен жоғары жылдамдықпен айналады.Өндіріс процесінде айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың  рөлінен өте ерекшеленеді.Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым капиталының мүліктік элементтері әрбір өндірістік циклде тұтынылады.Ол өзінің табиғи нысанын толықтай жоғалтады сондықтан жасалған өнімнің құнына толықтай енгізіледі.Капиталдың ауыспалы айналымы:дайындау ,өндірістік және өткізу деген үш кезеңді қамтиды.

Кез келген бизнесті бастау үшін  қолма-қол ақшаның біраз соммасы қажет,осы сома өндіріске арналған  белгіленген ресурстың мөлшеріне айналды.

Айналым капиталы сату сатысында тауарлық нысанынан өндірістік нысанға өтеді.Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға,жұмысқа немесе қызметке айналады.Осы сатының нәтижесінде айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлық нысанға өтеді.

Айналым капиталы сату сатысында тауарлық нысаннан ақшалай нысанға қайтадан өтеді.Ақщаның бастапқы соммасы (Д)және өнімді сатудан түскен түсімнің (Д`) мөлшері үйлеспейді.Бизнестің нәтижесі сәйкессіздіктің себебін түсіндіреді. (3-сурет)

 

  



 

                                           

 

                    Д-Т-...П...Т` - Д`

 

    Айналым капиталының элементері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады.Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық  берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады.Өндіріс  даяр өнімнің артуына жол ашады,сатып алу дебиторлық берешектің ,сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражатың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе қайталанады және қорытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі.

Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады .

Аталмыш цикл шикізат пен материялға ақша төлеу және даяр өнім сатудан түсу арасындағы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзақтығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі,кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі,шикізат пен материял запаста болатын кезең, дайын өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ықпал етеді.

    Айналым капиталының  элементтері өндіріс саласынан  айналым аясына үздіксіз өтіп ,өндіріске қайтадан оралады. Айналым  капиталының бөлігі өндіріс саласында ,ал басқа бөлігі –айналыс  аясында үнемі болады.Сондықтан  кәсіпорынның айналым капиталының  құрамы мен мқлшері қндірістің  қажеттілігімег ғана емес, айналыс  қажеттілігімен де байланысты .

     Шаруашылық  қызметтің сан алуан түрлерімен  айналысатын өндіріс саласы мен  айналыс саласы,тіпті бір саланың  жекелеген кәсіпорны айналым  капиалын әр түрлі қажет етеді.Аталмыш  қажттілік айналым қаражатының  мүліктік  мазмұнына және айналымнығ  жылдамдығына,сонымен бре өндірістің  мөлшеріне ,өндіріс технологиясы  мен  оны ұйымдастыруға, сондай-ақ  өнімді сату және шикізат пен  материял сатып алуға және  басқа да факторларға байланысты  болады.

Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:

• Кәсіпорынның   салалық   ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет  көрсету саласындағы кәсіпорындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);

• Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);

• Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;

• Тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).

Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:

• Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);

• Кәсіпорынның баға саясаты;

•Тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған  құн, ФиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді

Кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның ағымды активтердің - құрамында материалдық құндылықтар мен дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ереқшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына байланысты ағымды активтердің бұл элементтерін жоспарлау, болжамдау және алдын-ала есёптеп анықтау өте қиын. Бұл активтерді басқару барысында өзге де әдістерді қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің тиімділігін қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен арттыра алады.

Дебиторлық қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымдағы активтердің айналымнан шығып қалған бөлігін қөрсетеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынды қосымша қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып келеді.

Коммерциялық есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар дебиторлық қарыздың көлемінің барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы айналым жылдамдығын арттырады, нәтижесінде жалпы ағымды активтердің тиімділігінің өсуіне алып келеді. Мәселен, сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың тиімді қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар өндірістік процестен шығып қалмай, тауарлық нысаннан ақшалық нысанға ауысады.

Аталған ағымдағы активтердің құрамдас бөліктердің қолдану тиімділігін арттыру жолдарына келесілерді жатқызуға болады:

•  есеп айырысу жэне төлем тәртібін нығайту;

• өзге кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен     тікелей шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;

• келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше келісім   шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;

1.2 Айналым капиталының жіктелуі

 

Айналым капиталы жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:

   1)Өндіріс процесіндегі  функционалдық рөліне байланысты  – өндірістік  айналым қоры  және айналыс қоры.

   2)Бақылау,жоспарлау  және басқару практикасына байланысты  –нормаланатын айналым капиталы  және қарыз айналым кпиталы.

   3)айналым капитал  қалыптасатын көзге байланысты-меншік  айналым капиталы және қарыз  айналым капиталы.

  4)Өтімділікке байланысты  –абсолютті өтімді қаражат, жылдам  сатылатын айналым қаражаты,баяу  сатылатын айналым қаражаты.

  5)Капиталды салу тәуеклінің  дәрежесіне байланысты –салу  тәуекелі шамалы айналым капиталысалу  тәуекелі орташа айналым капиталысалу  тәуекелі жоғары айналым капиталы.

  6)Материялдық-мүліктік  маңызына байланысты-еңбек құралы ,даяр өнім мен тауар, есептердегі  ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.

      Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.

 


 






 

 



 

 

 


 

   Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша нормаланатын және нормаланбайтын болып бөләнеді.Нормаланатын қаражатқа ,әдетте,барлық өндірістік айналым қоры,сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы сатылмаған өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.

Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері ,яғни тұтынушыларға жіберілген ,алайда әлі төленбеген  өнім мен ақшалай қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды.Кәсіпорындар арасында есеп айрысудың қолданылатын тәртібінде мемлекет тарапынан төлеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалық санкциялар жүйесі қарастырылған.

Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінде жоспарланбайтын обьект болып табылады.

Айналым қаражатын меншікті және қарыз қаражатқа бөлу кәсіпорынға тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыққан тегі мен оның нысандарын көрсетеді.

         Кәсіпорынның айналымдағы қаражатының  сапасы айналым капиталының өтімділігі  мен қаржы тәуекелінің дәрежесі  бойынша жіктеледі.Жіктеуде қойылатын  мақсат-сатылуы екіталай ағымдағы  активті анықтау.Кәсіпорыннын айналым капиталын тиімді басқару үшін қосымша қаржыландыру көзін іздестіріп қана қоймай ,оны кәсіпорын активінде,әсіресе ағымдағы   активте ұтымды орналастыру.(кесте 2)

Кесте 2.Кәсіпорын    балансы    бойынша       айналым      капиталының    жіктелімі2

Айналым капиталының топтары

Баланс активінің бөлімдері

Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері

Кассадағы ақша қаражттары

есеп айырысу шотындағы қаржаттары

Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары

Басқа да ақша қаражаттары

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

Сатуға арналған бағалы қағаздар

Өтеуге дейін ұсталатын борыштық бағалы қағаздар

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

Тиелген тауарлар

Тауарлар мен қызметтер үшін дебиторлар мен есеп айырысу

Еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу

Алынған вексельдер бойынша дебиторлармен есеп айырысу

басқа да дебиторлармен есеп айырысу

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар

Материалды айналым капиталдары (қорлар)

Өндірістік қорлар

Өсіріліп жатқан жануарлар

Аяқталмаған өндіріс

Болашақ кезең шығындары

Дайын өнім

Тауарлар

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

Өзге де қысқа мерзімді активтер

Ағымдағы салықтық активтер

Ағымдағы салықтық активтер

Қосылған құн салығы,корпорациялықтабыс салығы бойынша салық активтері

Өзге де айналым қаражаттары

Өзге де қысқа мерзімді активтер, болашақ кезең шығыстары

4.Айналым капиталының  жалпы сомасы

 

Информация о работе Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері