Вирустар және ДНҚ РНҚ бар вирустар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:36, реферат

Краткое описание

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны
ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың
қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский
ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден
өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы
қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш
құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым
У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін
тапты.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі.
2.2 Құрамында ДНҚ және РНҚ-сы бар вирустар.
III.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

mbg.rtf

— 2.26 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

        

      Жоспар:

 

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

  2.1 Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі.

  2.2 Құрамында ДНҚ және РНҚ-сы бар вирустар.

III.Қорытынды бөлім

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Кіріспе

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны

ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың

қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский

ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден

өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы

қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш

құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым

У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін

тапты.

   XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар

екендігі дәлелдендібВирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз

тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан

құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан -

кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын

сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында

нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және

мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген.

Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді,

жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі

организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды

омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі

белгілі болып отыр.

Вирустардың пайда болу табиғаты

Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар -- клеткаға дейін

пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм

дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) -- өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше

құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит -- жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа -- секіреді,

құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады.

Бұл -- организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)--организмге

жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге

жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды организм деуге

болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек.

Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни

көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі

жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы,

кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана

кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді.

Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді.

Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың --

бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен

канадалық микробиолог Д'Эррель).

       Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі.

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.

 1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай

вирустарға «вирус -- клетка кешені» деген синоним қолданылады.

2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда «вирион» деген ұғым

қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір

иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді.

Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?

Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май,

тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады.

Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын

пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер,

энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен

, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар

басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін істету үшін байланыс органдарын

қолына алып өз үкімін жүргізеді. Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері

құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді. Ол

«нұсқауды» вирустың нуклеин қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар

заттардан ерекше болады.

Вирустардың негізгі ерекшеліктері

  1. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде

ғана көбейеді.

 2. Вирустардың көбею ерекшеліктерін «дисьюнктивтік» түрге жатқызады. Себебі барлық

жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан

да ерекше.

Вирустар клетка ішінде болады да жоғалып кетеді. Себебі вирус бөлшектерін,

серологиялық не микроскоп әдістері арқылы клетка ішінен кездестіре алмаймыз, клетка

ішінде белок пен нуклеин қышқылына бөлініп кетеді. Ал болашақ вирустың компоненттері

клетканың әр жерінде пайда болады: нуклеин қышқылы -- ядрода, цитоплазмада,

белоктары -- цитоплазмада, содан кейін барып вириондар кұралады.

Күрделі вирустардың өсіп-жетілуі бұдан көп ерекше. Олар уақыт және кеңістікте бірнеше

сатыға бөлінеді. Себебі олардың, көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады.

 3. Вирустардың белок құрайтын жүйесі -- рибосомдары жоқ. Демек вирустар өздері

белок құрай алмайды.

4. Вирустар -- генетикалық деңгейдегі арамтамақтар. Вирустар жасанды орталарда (ЕПА,

ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, диссимиляция, тыныс алу деген жоқ,

қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі клетка керек, тек

клетканың ішінде ғана, клетка материалдарын пайдаланып қана көбейе алады. Вирустар

өзінің геномымен (РНҚ не ДНҚ) клетка геномына әсер етіп белгілі бір байланысқа түседі.

Осылайша клетка бірге жұмыс істейтін күйге түседі, мысалы, рак ауруының вирустары.

Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы зақымдалады,

сондықтан торшалық РНҚ-лы құралмай, вирус геномы рибосомға еніп, оны жеңіп шығуы

мүмкін.

Осындай зақымға ұшыраған клеткаларда вирустар көбейе бастайды. Демек вирустар

клетканың генетикалық аппаратына «өз дегенін» істетіп көндіреді.

 5. Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометрмен өлшенеді. 1 нм --

метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1000000000 м. Демек 1 метрде -- 1 000 000 000 нм, ал 1

м -- 1 000 000 нм, 1 мкм -- 1 000 нм, 1 нм -- 10 А°.

 Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының мөлшері жөнінен бактерияға жақындайды.

Үлкендігі 250 -- 350 нм. Ең кіші вирустың ірілігі (мысалы, аусыл ауруын қоздыратын вирус)

20 -- 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен ғана көруге

болады. Себебі ондай микроскоп 200000 -- 500000, не 1 -- 2 млн рет үлкейтіп көрсетеді.

Вирустардың осындай ұсақ болуына байланысты оларды зерттеу үшін сүзгіден өткізу

тәсілдері қолданылады. Сондықтан да уақытында » Сүзгіден өтетін вирус» деген ұғым

пайда болды. Қазіргі кезде «Вирус» деген ұғым ғана қолданылады.

 6. Вирустардың тағы бір ерекшелігі -- олар кристалл ретінде де кездеседі. Мұндай қасиет

тек өлі дүниеде ғана болады (минералдарда). Темекі жапырақтарының ауруын

қоздыратын вирусты кристалл түріндегі вирусты американдық ғалым -- биохимик,

вирусолог Уэнделл Стенли алған еді. Оған сол еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілді.

1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының кристалл түрі алынды.

Вирустардың кристалл түрін жай микроскоппен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше

миллион вирус болады. Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез

келген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін.

 7. Вирустардың кейбір түрлері торша ішінде «денешіктер», «қосылыстар» ретінде

кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп көбейген жерде ғана болады. Мысалы:

құтырық жұқтыратын вирус -- цитоплазмада, аденовирустар -- ядрода болады.

Вирустардың тағы бір айта кететін ерекше қасиеті бар -- ол тек белгілі органдар

клеткаларында және клетка ішіндегі органеллаларда өніп-өседі. Демек, вирустар клетка

ішіндегі ядрода, ядрошықтар мен рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі.

     Құрамында ДНҚ және РНҚ-сы бар вирустар.

 Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы)

немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы

немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық

генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.

 Нуклеин қышқылдары вирус бөлшектерінің ең маңызды бөлігі. Нуклеин қышқылдарын

екіге бөледі: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және рибонуклеин қышқылы (РНК).

Бүлардың барлығы дерлік нуклеотидтер деп аталатын «кірпіштерден» түрады. Адам,

жануарлар, әсімдіктер және бактериялар клеткаларында РНҚ және ДНК міндетті түрде

кездеседі, ал вирустарда бұның тек біреуі ғана болады. Сондықтан олар құрамында РНК

және ДНК-сы бар вирустар деп ажыратылады. Мәселен, шешек вирусы, аденовирустар,

бактериофагтарда ДНК, ал тұмау және полиомие-лит вирустарында тек РНҚ болады.

  Вирустарды өсімдіктер вирустары; жануарлар вирустары; бактериялар вирустары -- деп

үш топқа бөлуге болады.

Осы вирустардың бәрін бір категорияға жинап, «Урга» әлемі деп атауға болады. Себебі

олардың планетада алатын орны ерекше. Демек, вирустар организмдер емес, тіршіліктің

ерекше бір түрі және олар жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюция заңына

бағынады.

    Аденовирустар (грек. adēn -- без және лат. vіrus -- у) -- құрамында дезоксирибонуклеин

қышқылдары (ДНҚ) бар вирустар тұқымдастығы. Оны алғаш 1953 жылы А.У. Роу тамағы ісініп

науқастанған баланың аденоиды мен бадамша безінен тапқан. Табиғи жағдайда аденовирустар

сүтқоректілер мен [[құстар]] денесінде болады. Вириондар (вирустық бөлшектер) 252 белоктық

қабықша (капсид) мен ДНҚ-дан тұрады. ДНҚ-сы -- қостізбекті, шұбалаңқы. Аденовирустың әсерінен

болған аурулар жедел өтеді не ұзаққа созылады. Вирионның жиналатын орны -- торша.

Аденовирустар кеміргіштер денесінде қатерлі ісік туғыза алады. Аденовирустар негізінен: тыныс

жолдары мен көзге жұғады. Балалардың жоғарғы тыныс жолдарының қабынуының 20%-і

аденовирустар үлесіне тиеді. Ересектерде созылмалы тонзиллит, бронхит сияқты аурулардың жиі

қайталанып өршуі аденовирустардың әсеріне байланысты. Емделу аурудың клиникалық белгілеріне

қарай жүргізіледі. Аденовирустарға қарсы егілетін не тікелей әсер ететін дәрі әзірше жоқ.

 Д. И. Ивановскийдің жұмыстарынан кейін ауру жүқтыратын қоздырушыларды бактерия

сүзгісінен өткізудің арқасында көптеген вирустар бар екені анықталады. Мысалы, 1898

жылы немістің Фридрих Леффлер және Пауль Фрош ғалымдары малды көп шығынға

ұшырататын аусыл коздырушысының вирус екенін дәлелдеді. Осыдан кейін көптеген

жұқпалы аурулардың вирустары белгілі болды.

1902 ж. -- ірі қараның оба вирусы (Николь және Адильбей) және Ауески ауруының вирусы табылды (Венгрия ғальшыАуески).

1903 ж. -- шошқа обасының вирусы (американдық ғалымдар-Швейниц пен Дорсе).

1904 ж. -- жылқы иифекциялық анемия деп аталатын жұқпалы аурудың вирусы (француз ғадыадары Карре мен Валле).

1905 ж. -- ит обасының вирусы (француз ғалымы Карре).

1908 ж. -- трахома вирусы.

1909 ж. -- балалардың полиомиелит вирусы.

1909 ж. -- сары безгек вирусы (жапондык бактериолог Хидейо Ногучи).

1911 ж. -- тауықтардың саркома қатерлі ісік ауруы вирусы (Раус).

1915 -- 1917 жж. -- бактериофагтар (Туорт және Д Эррель) т. б.

 

Қорытынды бөлім.

 

 Қорыта келгенде XX ғасырдың басында негізгі 3 түрлі вирус белгілі болды. Олар бактерия,

өсімдіктер және жануарлар ауруының вирустары еді. Содан кейінгі жылдар тап бүгінге дейін

вирусология ғылымының ете терең жаңалықтары ашылған жылдар болды. Бұл кезең вирустардың

өсіп-өнуін зерттеп, олардың клетка ішінде өсуін, клеткадан калай бөлініп шығуын, санын есептеуді

және электрондық микроскоп арқылы зерттеуді қолға алған жылдар еді. Сондай-ақ америкаңдық

ғалым У. Стенлидің 1935 жылы темекі ауруының вирусын кристалл ретінде алуы үлкен табыс болды.

1941 жылы американдық вирусолог Херст г»»»»емаглютинация феноменін ашты (вирустың әсерінен қан

түйіршігінің бірігуі), осы жағдай вирус пен клетка арасындағы байланысты зерттеуге көмектесті

(тұмау вирусы мен эритроцит арасындағы реакция).

  Содан бері жыл сайын вирустардың жаңа түрлері ашылып келеді. Кейбір вирус арқылы тарайтын

жұқпалы ауруларды зерттеуде Л. А. Зилвбер, М. П. Чумаков, Е. Н. Левкович, А. К. Шубладзе, В. Д.

Соловьев және т. б. вирусологтардың еңбегі зор. Олар кене арқылы жұғатын энцефалит ауруының

вирусын тауып, ол аурудың жұғу жолдарын, қоздырушысын зерттеп, табу жолдарын, емдеу және

сақтану мүмкіндігін айқындады. Ал М. П. Чумаков пен А. А. Смородинцев американдық

ғалымдармен біріге отырып балалардың полиомиелит (сал) ауруынан сақтандыратын вакцина алды.

Информация о работе Вирустар және ДНҚ РНҚ бар вирустар