Білім беру жүйесіне түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 17:31, лекция

Краткое описание

1. Химиялық зақымдану аймағындағы халықтың іс-әрекеті
2. Хлор және аммиак
3. Жұқпалы аурулар туралы түсінік,алдын алу шаралары,дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
4. Халықтың карантин,обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі

Прикрепленные файлы: 1 файл

маган керек.doc

— 121.50 Кб (Скачать документ)

                    Қазақстан  Республикасың Білім және Ғылым министрлігі

                   Шәкәрім атындағы  Семей  Мемлекеттік  университеті

                                              

                          

 

 

                   

       СӨЖ

         Тақырыбы:

Химиялық зақымдану аймағындағы  халықтың іс-әрекеті.

Хлор және аммиак.

Жұқпалы аурулар туралы түсінік,алдын алу шаралары,дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері.

Халықтың карантин,обсервация кезіндегі  жүріс-тұрыс тәртібі.

 

 

                          

 

 

                                                                           Орындаған:  Советбаева Жаннур

                                                                            Тобы:             ОЗ-407

                                                                            Тексерген:    Бакирова. Л.С

                                            

                                                

                                                  Семей 2014

Жоспары:

  1. Химиялық зақымдану аймағындағы  халықтың іс-әрекеті
  2. Хлор және аммиак
  3. Жұқпалы аурулар туралы түсінік,алдын алу шаралары,дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
  4. Халықтың карантин,обсервация кезіндегі  жүріс-тұрыс тәртібі

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

                                                

 

         

 

 

 

 

 

                                                                               

 

                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химиялық зақымдану аймағындағы  халықтың іс-әрекеті

Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.

Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап:  

- қауіпті аймақта  болуы мүмкін барлық адамдарға  тез арада  хабарлау;  

- қажет болған  жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы  қозғалып бара жатқан аймаққа  тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;  

- көмекті қажет  ететін зардап шеккендерді сонымен  қатар құрылыс қирандыларының  немесе ғимарат бөлшектерінің  астында қалып қалғандарды іздеуді  ұйымдастыру қажет;  

- қандай да бір  себеппен қауіпті аймақтан шыға  алмайтын барлық тұлғалар   қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;  

- ҚӘУЗ – дің  одан ары төгілуін тоқтату  үшін зақымданған участкелер  өшіріледі, бекіткіш  құрылғылар жабылады;

- зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;

- жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның   қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.

 ҚӘУЗ зақымданған  аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі  ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен 

қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған

ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді. Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін   аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жертөле ғимарат-тарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.

                               Хлор және аммиак

Хлор. Газ, көкшіл-сарғыш  түсті, ерекше иісті, адамды тітіркендіреді.  Ауадан 2,5 есе ауыр сондықтан жел бағытымен жер бетіне жылжиды,  туннель, құдық, жертөле сияқты пәс жерлерде шоғырланады.Қасиеттеріне қарай оны өндіріс кеңінен, сонымен қатар дезинфекциялаушы құрал ретінде пайдаланады. Ол жоғары қысым арқылы сұйық күйінде сақталынады.Атмосфераға шығарылған кезде түтіндейді. Органимзге әсеріне  келетін  болсақ, көзбен  теріні тітіркендіреді. Адамның жоғарғы тыныс  жолдарын тітіркендіріп, өкпесін қабындырады.Тыныс жолдарын қорғау үшін өзіңізді немесе балаңыздың кіші дәретімен шайылған мата таңғышын  қолдануға болады.Биік концентрациясында бір-екі дем алудан-ақ адам өледі,ал 100-200 мг/м3 шоғырлануында 30-60 минут әсерінде қауіп төндіреді.Газқағар болмаса хлорға қарсы соданың 2%-ті ерітіндісіне малынған матаны қолдануға болады.

Төгілген кезде биік орындарға көтерілу қажет:

-егер төменгі  қабаттағы пәтерде болған  жағдайда,жоғарғы  қабатқа көтерілу қажет.

-егер көшеде  болғанда, биіктеу жерге шыққан  жөн.

Хлормен зақымданған адамға алғашқы көмек:таза ауаға шығарып,оны жылытып тыныштық жағдай жасау керек.Оттегімен ингаляциялау жақсы көмек береді.Зақымданған адамға бұдан былайда дәрігерлік көмек қажет болады.

Аммиак.Әдеттегі жағдайда түссіз,мүсәтір спиртінің иісі бар газ,ауадан 2 есе жеңіл атмосферада түтіндейді.Қысым арқылы сұйықтық түрінде тасымалданады.Қауіп-қатерлі концентрациясы 500мг/м3 маңайында болады.Мүсәтір спиртпен аммиактың 10%-тік ерітіндісі болып табылады. Аммиак тыныс алу жолдарын,жүйке жүйесін зақымдап,сіңірін тарылтады.Өлім өкпенің ісінуінен болады.Төгілген кезде тез буланып жоғары көтеріледі,яғни төмен жерлерді таңдау қажет.Мысалы:жертөле және т.б.Аммиак сумен жақсы жайылады.Аммиактан қорғануда суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі. Аммиак төгілген кезде, лимон қышқылының 5 % ертіндісімен шайылған матаны пайдалану керек.Аммиак көп төгілсе,жайылған сұйықты топырақпен қоршайды,ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ерітіндісін себеді,сумен шаяды.Егер газ тәріздес аммиак төгілсе,онда су шашыратқыш өрт машиналарының,жылжымалы автожанармай стансаларының сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидранттың көмегімен  буды жұту үшін  суды шашыратады.Сақтанудың бірі жолы мақта-мата болып табылады.Оны дайындау жолдарына келетін болсақ:

    Ол үшін 50-100см көлеміндегі дәке кесіндісін  жасайды.Ортасы бойынша бір қалыпты  қалыңдығы 20-30см,1-2 см мата қабатын жаяды.Дәке кесіндісінің бойымен  екі жағынан да бүгіп,мақтаның үстіне қояды.Дәкенің ұшын екі байлау жұбы шығатындай етіп қияды.Таңғыш ауызбен мұрынға қойылады.Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте,ал жорға жағының құлақ үсті арқылы желкеде болатындай етіп байлайды.Таңғыш беттің арасындағы саңылауларды мақтамен тығыздайды.

Жұқпалы аурулар туралы түсінік, алдын алу шаралары, дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері. Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынына – жұқпалы ауру көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған. Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады. Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.

Ауру ошағында азық түлік тағамдарының сақталуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық – түліктің, дайын тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай – ақ, дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық – гигиеналық бақылау қамтамасыз етіледі. Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет жасау болып табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуі иммунитет деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен (жасанды) иммунитет болып бөлінеді. Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады. Келе біткен иммунитетке шалдыққан аурудан кейін (қызылша, табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады. Көшірудің барлық кезеңінде жұқпалы аурумен ауырғандарды екі топқа бөледі.

Бірінші топқа – байланысы жоқ (жұқпалы емес) немесе бурцеллез, туляремия, менингококты ауру сияқты шағын байланыстағы, кейбір түрлері геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.

Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш ауруы, тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі, Эбола безгегі, Марбург ауруы және тағы сондайлар.

Дәрігерлік көмек алып жатқан басқа зардап шегушілерден бөліп, екі топтың да ауруларын жеке орналастырады және емдейді. Дала          жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады, ол ТЖ жағдайларын жою үшін тартылған адамдардың және басқа зардап шегушілердің лагерлерінен арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады. Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі шаралардың бірі – тереңдетілген санитарлық – эпидемологиялық  барлау болып табылады. Апат ауданындағы санитарлық – эпидемологиялық           іздестіру – кұтқару  қызметі улы заттармен және патогенді микробтармен, ауыз суымен, азық – түлік  тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен және зардап шеккен халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды дер кезінде анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады. Нақты шараларға байланысты апат болған ауданда зертханалық          бақылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.

Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:

-жергілікті  жердегі радиация деңгейін анықтау;

-ауыз суының ластануын, азық – түлік  тамақтарының, мал және өсімдік тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;

-қорғау шараларын негіздеу мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті жердің радиоактивті зақымдануының адамдар үшін қауіптілігін бағалау;

-азық – түлік  тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды пайдалану мен ішуге жарамды екендіктері туралы тұжырым жасауға сараптама өткізу.   

       3.Дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері

Биологиялық зақымданған ошақтарында жүргізілетін бірінші кезектегі іс-шаралар қатарына дезинфекция, дератизация жұмыстарын ұйымдастыру жатады. 
     Дезинфекция дегеніміз — сыртқы ортаның әр түрлі субстраттары мен әр түрлі объектілерінде жұқпалы ауру қоздырғыштарын жою құралдары мен төсілдері. "Дезинфекция" түсінігі үш бөлімді біріктіреді; дезинфекция — залалсыздандыру, дезинсекция — жұқпалы ауруларды тасушы, буынаяқтыларды (жөндіктерді) жою және дератизация—бірқатар аурулардың қоздырғыш көздері— кеміргіштерді  жою. 
Залалсыздандыру мақсатына байланысты: алдын алу, ағымдағы, корытынды (ағымдағы жөне корытынды дезинфекция эпидемиялық ошақта жүргізіледі) болып бөлінеді. Алдын  алу дезинфекциясы қоғамдық орындарда: асхана, монша, кір жуу, вокзал, шаштаразда жөне т.б жерлерді жүйелі түрде залалсыздандыру жолымен жергілікті жерлерді сауыктыру жөне жүқпалы ауру-лардың пайда болу немесе таралуының, олардың бар-жоқтығна карамай, алдын алу мақсатында  жүргізіледі. 
Бұған бөлмені желдету, ылғалды тазалау, су таратқыш станциясындағы су құбырларының суын тазалау жөне хлорлау, сүтті пастеризациялау жөне қайнату, дәретханаларды залалсыздандыру, жеке гигиена ережелерін сақтауға жағдайлар жасау жөне т.б.  кіреді. 
Жатақхана, пәтерлерде, балалар мекемелерінде аурудың  бары  анықталса, онда ошактық дезинфекция жасалады. Қай кезеңде жүргізілуіне байланысты ол: ағымдағы және корытынды болып бөлінеді. Ағымдағы дезинфекцияны жұкпа ошағында, емдеу мекемелерінде немесе үйде ауру коздырғыштарын ауру ағзасынан бөлінгеннен кейін дереу жою үшін жүргізіледі, ол үшін ауру бөліністерін, төсек-жаймасын, ыдыс-аяқтарын, колданған заттарын залал-сыздандырады, еден, қабырға, кереует, тумба, ойын-шықтарды жиі-жиі дезинфекциялаушы ерітіндісімен жуады. Ағымдағы дезинфекцияның мақсаты — жұкпаның таралуының алдын алу. Дезинфекцияны ауруды күтетін адамдар  жасайды. 
Қорытынды дезинфекция ауруды көшірген, ауруханаға орналастырған сон, айықканнан немесе өлгеннен кейін жүргізіледі. Оның мақсаты — ауру қол тигізген жиһаздар,төсек, бөлме заттарындағы жұкпалы ауру қоздырғыштарьш толық  жою. 
      Дезинфекциялаушы кұралдар: механикалык, физикалық және химиялық болып бөлінеді. Механикалык кұралдар — бұл бөлмені ылғалды тазалау, желдету, шаңын кағу, іш кшмдерді жуу, колды, денені жуу. Ол тек қосымша мөнге ие, өйткені жиналған кірмен бірге ауру қоздырғыштары ішнара ғана жойылады жөне толық залалсыздандыру қамтамасыз етілмейді. 
Залалсыздандырудың физикалық кұралдарынан: от, ыстьқ ауа, кайнаған су, сумен канықтырғыш бу, ультра-күлгін сөулелер колданылады. 
Дезинфекцияның химиялық қүралдары әр түрлі объектілер мен қоршаған орта заттарының беткі қабаты мен ішіндегі, сондай-ақ әр түрлі субстрат (нәжіс, ірің, қақырық және т.б.) қоздырғыштарды жойып жіберетін (қатерлі) әр түрлі химиялық заттарды қолданудан тұрады. Кебіне хлорлы ізбес, хлорамин, лизол, спирт, әр түрлі сілтілер мен қьшщылдар, құрамында оттек бар препараттар, сутек асқьш тотығы (0,5—6 пайыздық ерітінді түріндегі); пластмасса мен әйнектен жасалған бұйымдарды стерилизациялау үшін 0,05—0,1 пайызға дезоксон 1 ерітіндісі колданылады. 
Дератизация және дезинсекция алдын алу іс-шаралар мен жою жұмыстары негізінде  жүргізіледі. 
Пәтерлік ошақтарды залалсыздандыру үшін залалсыздандыратын зат түріне байланысты әр түрлі тәсілдер қолданылады. Тұрғын жайлар 0,2 пайыз хлорлы ізбестің тұндырылған ерітіндісімен дезинфекцияланады, өңдеуді пәтердің кірер есігінен бастайды, біртіндеп барлық жайды, әсіресе ауру жаткан бөлмені ерекше өңдейді. Өңдеу үшін 0,2—1,3%-дық хлорамин ерітіндісін қолдануға болады. Ауру бөліністерін (қақырығын) залалсыздандыру үшін кұрғак хлорлы ізбес қолданады (бөлініс көлеміне қарай пре-параттың 1/5 бөлігін). Хлорлы ізбес бөлінген кезде еркін оттек пен хлорды бөліл шығарады, бұл микробты клетканы өлтіреді. Ақжайманы, іш киімді 3%-дық хлорамин ерітіндісіне салады, сондай-ақ сутек тотығы, лизол, сода және т.б. қолданады. Тағам қалдықтарын, коқысты шелекке жинап, оған дезинфекциялаушы ерітінді  қүяды. 
Жұмыста колданылатын препараттар мен ерітінді концентрациясын таңдауда қоздырғыштардың беріктігі (кейбіреулеріне қарсы дезинфекция жүргізіледі) анықталады, сондай-ақ өңделетін беттін ластануы дәрежесі мен сипаттамасы ескеріледі. Оның тікелей шарты бетті толық жуу болып табылады. Дезинфекциялаушы құралдардың 1 м2 залалданған ауданға дұрыс жүмсаудың маңызы зор. Өңделген беттегі микробтар бірден емес, белгілі бір уақыт өткен соң  өледі. 
Ылғалды дезинфекциялау арнайы аппараттар, автомакс жөне шлангілі гидропульт көмегімен жүргізіледі. Автомакс дезинфекциялаушы ерітінді кұйылатын резервуардан, ауа сорғыштан жөне ұшында екі мүйізді, шатыр орналаскан металл брандспойты бар шлангіден түрады. 1 сағ ішінде онымен 150—200 м2ауданды өңдеуге болады. Автомакс сыйымдылығы — 8 литр, резервуар ішіндегі ерітінді 5—7 мин-қа жетеді. Автомакс — иық баулары көмегімен жұмысшы аркасына бекітілетін тасымалданатын аппарат. Шлангті гидропульт төменгі бөліктерден тұрады: металл корпус, түткасы бар поршень, соратын жөне лақтыратын жең (сызығында шашыраткыш бар), домалақ клапан, тірек аяқтары. АІшарат шелектен дезинфекциялаушы ерітіндіні сорып алады. Жұмыс кезінде гидропульт тірек аяқтарына қойылады. Осы калыпта аякпен ұсталады. Жұмыс аяқталғаннан кейін аппараттарды сумен жуады, ауамен желдетеді жөне сүртеді, кұрғак жерде сақтайды. 
СП жөне СД халық шаруашылық объектілерінде құрылады, оларды объект басшылығы ҚК жөне ҚЖАҚ ұйымдарымен бірлесе құрады. Екі жөне одан да көп ауысымда жинақталады, СД 16—55 жас аралығындағы өйелдерден, 16—60 жас аралығындағы ерлерден жинақ-талады. СД жөне СП кұрамына медициналық білімі барлар, оның іпгінде, запастағы мешрбикелер кірмейді. Құрылған СД-ға тіркелу нөмірі беріледі. СД командирі мен СД бастығы болып оку бағдарламасы (АҚ курстары, жиындары) бойынша даярлықтан өткен адамдар тағайындалады.

Информация о работе Білім беру жүйесіне түсінік