Ас қорытудың физиологиясы және патофизиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2014 в 19:27, реферат

Краткое описание

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарларорганизмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжүтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (үйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.[1][2]

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері
Cілекей
Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы
Тәбеттің бұзылыстары
Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жара аурулары
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

dieta.docx

— 150.10 Кб (Скачать документ)

Ахлоргидрия жиі ахилиямен қабаттасады. Ахилия деп асқазан сөлінде ферменттердің болмауын айтады. Ахилия атрофиялық гастриттің соңғы сатысында, асқазан обырында, пернициоздық анемия кездерінде байқалады. Сонымен: бірге, дененің уыттанулары кездерінде, бауыр және эндокриндік бездердің ауруларында салдарлық ахилия дамуы мүмкін.

Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.

Асқазанның бұл әрекетінің бұзылуы перистальтикасының (грек. peristaltikos — қуыс ағзалардың тегіс еттері жиырылуынан болатын тамақтың қойыртпасын жан-жағынан қоршап, қысып қозғалуы) және еттің тонусының өзгерістерімен, қарыннан тамақты ішектерге ығыстыру бұзылуымен, құсумен көрінеді.

Перистальтиканың ұлғайуы гастрит, асқазанның ойық жара ауруы кездерінде байқалады. Бұл кезде ет талшықтарының кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда ауыру сезімі пайда болады.

Әдетте асқазанның қимылдық әрекеті күшейгенде асқазан сөлінің қышқылдығы да ұлғайады. Бұл кезде қышқыл тамақ қарыннан ұлтабарға түсуіне байланысты пилорустың қысқышы ұзақ уақыт жабық болады және асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы баяулайды.

Асқазанның қимылдық әрекеті төмендеуі (гипокинез) жиі гастрит кезінде, іш қуысы ағзаларының орнынан төмен ығысуларында (гастроптоз, спланхптоз), жүдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде кездеседі. Сонымен бірге тым майлы немесе дәмі нашар тамақ ішу, қорқыныш, қайғы-қасірет, жағымсыз эмоцияларда асқазанның қимылдық әрекеттерін төмендетеді.

Оңеш пен асқазан арасындағы сфинктер (грек. sphinkter — қысқыш) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне әкеледі.

Пилороспазм кезінде асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы бұзылуына әкелетін қарынның ауыр қимылдық бұзылыстары байқалады. Бұндай жағдай асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы ж. б. іш қуыс ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бұл кезде перистальтиканың компенсациялық күшейуі қарынның еттік қабығының гипертрофиясын туындатады. Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ұлтабарға ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады.

АСҚАЗАН МЕН ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ

Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады.

Пептикалық ойық жара көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың ішінде: ойық жараның жиі қанауы, көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы), тесіліп кетуі (перфорациясы), обыр (рак) ісікке айналуы организм үшін өте қауіпті. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы жиі анемия дамуына әкеледі.

Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда болады. Ол «О» қан тобы бар адамдарда, асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек кездеседі. Асқазанның қышқылдығы біріншісінде қалыпты немесе жоғары деңгейде, екіншісінде — қалыпты немесе төмен деңгейде болады. Helicobacteri gastritis ұлтабардың ойық жарасынан 95-100% жағдайда, асқазанның ойық жарасынан 70% жағдайда табылады.

Этиологиясы. Асқазан мен ұлтабарда ойық жара пайда болуында әртүрлі ауыр зорланулардың (стрестердің, жан-дүниелік күйзелістер, жағымсыз эмоциялардың) маңызы үлкен. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы пайда болуында құрсақ еттерінің әлсіреуінің, тыныс алу кезінде көкеттің аз тербелуінің нәтижесінде асқазан мен ішектердің қанмен қамтамасыз өтілуінің бұзылуына ж. б. құбылыстарға әкелетін қазіргі адамдардың күш-қуат жұмсауы азайуының (гиподинамиясының) маңызы үлкен.

Сонымен бірге бүгінгі күні асқазанның, әсіресе ұлтабардың, ойық жара ауруы пайда болуында Helicobacteri gastritis аталған микробқа маңызды орын беріледі.

Патогенезі. Жағымсыз эмоциялардың ж. б. стрестік жағдайлардың әсерлерінен организмде асқазан селінің шығуы және оның қышқылдығы ұлғайатыны, онда қорғаныстық қызмет атқаратын шырыштың азайатыны көрсетілді. ойық жара ауруының дамуы үшін нәруыздар түзілуінің төмендеуі қажет. Мына жағдайларда:

а) май қышқылдарының тотықтары және глюкокортикоидтық гормондар нәруыздар түзілуін тежейді;

ә) ұзақ гиподинамияның нәтижесінде бұлшық еттердің әлсіреуінен организмде нәруыздар түзілуі азайады.

б) ұзақ гиподинамияның нәтижесінде іш еттерінің тынысқа қатыспауынан, көкеттің тыныс алу кезінде аз тербелуінен асқазан мен ішектерде микроциркуляциялық қанайналымы төмендеуі ықтимал. Сондықтан олардың қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілуі    бұзылуы, дистрофиялық, деструкциялық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Сайып келгенде, эмоциялық зорланулар ж. б. стрестік жағдайлар қазіргі адамдердың тірлігілігінде кең тараған гиподинамиямен қабаттасып, асқазанның жергілікті регенерациялық мүмкіншіліктері төмендеуіне байланысты асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруына әкелуі мүмкін.

Бұл аурудың даму жолдарында, көрсетілгендерден басқа, жергілікті тіннің төзімділігі төмендеуіне және қорғаныстық тетіктердің жеткіліксіздігіне әкелетін жайттар маңызды орын алады. Бұл жайттарға асқазан сөлінің қышқылдығы мен қорыту қабілетінің көтерілуі, қоректенудің тәуліктік тәртібі сақталмауы, толық шайналмаған қатты тамақ бөлшектерімен немесе тамақпен түскен сүйекпен асқазан мен ұлтабардың жиі жарақаттанулары, тым ыстық тамақпен асқазанның шырышты қабығының күйуі, химиялык, қоздырғыштардың (алкогөл, никотин, өт қышқылы, гистамин, резерпин, салицилаттар, атофан ж. б.) әсерлері, асқазанда қан тамырларының жиырылуынан микроцирку ляцияның бұзылыстары ж. б. жатады. Бұлар жиі қайталанудан асқазанға бүліндіргіш әсер етумен қатар жергілікті қорғаныстық тетіктерді (шырыш шығуы, антиоксиданттардың түзілуі, простагландиндер E1 және Е2 өндірілуі ж. б.) әлсіретеді,

Тамақты қабылдау тәртібі бұзылғанда, жиі ұзақ мерзім аш қарынмен жүргенде, асқазан сөлі қарынның өз жасушаларына бүліндіргіш әсер етуі мүмкін. Асқазанның кілегей қабығын жауып тұратын шырыш үлкен қорғаныстық қызмет атқарады.

Сайын келгенде, ойық жара ауруы дамуы үшін асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауынан оның өзін-өзі қорыту қабілеті көтерілуімен қатар, осы көрсетілген жергілікті қорғаныстың тетіктердің жеткіліксіздігі болуы қажет.

Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы дамуында асқазанның пилорустық бөлігінің эпителий жасушаларында өсіп-өнетін грамм теріс микробтардың (Helibacteri gastritis) маңызы бар деп есептелінедіБірақ, көрсетіліп отырған микробтардың маңызы тек ұлтабардың, асқазанның пилорустық және антралдық бөліктеріндегі ойық жаралардың пайда болуында маңызды. Ал, асқазанның баска бөліктеріндегі ойық жаралардың дамуында олардың маңызы өте шамалы. Бұл микробтар, сапрофиттер және көптеген адамдарда қалыпты жағдайдың өзінде кездеседі. Олар асқазанның пилорустық бөлігінің шырышты қабығының эпителий жасушаларында өсіп-өнеді. Ұлтабардың эпителий жасушаларында өсіп-өнбейді. Асқазанның шырышты қабығының, тұз қышқылының әсерінен тек өзгерген (метаплазияға ұшыраған), эпителий жасушаларын бүліндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Асқазан сәлінің қышқылдығын төмендету ойық жараның жазылуын тездетеді. Осы мақсатта Н2-гистамин рецепторларының тежегіштері (циметидин, ранитидин, фамотидин және низатидин) қолданылады.

Асқазанның іргелік жасушаларының тұз қышқылын өндіруінде Н+-, К+-АТФаза ферментінің маңызы үлкен. Сондықтан осы ферментті тежейтін дәрі-дәрмектер (омепразол ж. б.) асқазан сөлінің қышқылдығын азайтып, ойық жараыың тез жазылуына әкеледі. Сонымен бірге тұз қышқылының өндірілуін тежейтіп простагландиндердің препараттары (мизопростол), әсіресе ұлтабардың ойық жарасы кезінде жақсы емдік әсер етеді. Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы дамуында Helicobacter! pylori-дің маңызына байланысты бұл дертті кешенді емдеу шараларына антибиотиктер (амокси-циллин, тетрациклин ж. б.) енгізілуі қажет.

Іргелік жасушаларға ацетилхолин мен кезбе нервтің әсерін азайту үшін хирургиялық тәсілмен бұл нервтің жекелеген тармақтарын кесу операциясы (ваготомия) жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет:


  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.

start="2"

 О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

start="3"

 Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.

start="4"

 Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008.

 

 


Информация о работе Ас қорытудың физиологиясы және патофизиологиясы