Адамның жануардан шыққан дәлелдемелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:26, реферат

Краткое описание

1.Жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;
2.Темірдің көміртек (2%-тен астам, өдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (9).docx

— 18.55 Кб (Скачать документ)

Адамның шығуы, оның дамуы  мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз  байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан  оның тарихы бүкіл дүние жүзілік  тарихтың бір тарау ғана болып  табылады.

Адамзаттың ежелгі өткен  заманының көп беттері әлі  анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер  мен даулы қағидалар әлі көп.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде  жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда  болған. Жер жүзінде еңбек етуге  қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап  жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка - Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек  маймылдарының мыйынан біраз  асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті  аңғартатын, айқын білінетін табан  имектігі.

Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды.

Адамның эволюциясындағы  одан кейінгі қадам хомо эректус  – «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп  болды.

Питекантроп 1891 жылы Ява  аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп  Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.

Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші  рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен  табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері  байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының  көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы  азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.

Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың  айтарлықтай ерекшелегі сол, синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі  формадағы дөрекі тас құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп сүйектері  табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала білген.

Адамның эволюциясындағы  келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды (орта палеолит) неандерталь деп  атайды. Тік жүретін адамға қарағанда, неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты. Олардың бойы аласа келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400 см3 болды.

Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің  шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының  тіктігі, тізе буынының жазылмайтын  қисықтығы неандертальдардың жүрісінің  ебедейсіз болғанын көрсетеді.

Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы  соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында  шешуші өзгеріс болады және нағыз  адамзат тарихына біржолата көшу басталады.

Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің  пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың  жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқаны  зерттеу негізінде аңықталды.

Кроманьондық адамның  тұрпатында, осы заманғы адамдарға  тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе – басының  сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый  қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын  көрінеді.

Сойтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен  үш сатыдан өтіп, еңбек процестің  нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.  

     Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері    

Адамның шыққан тегі жөніндегі  мәселе ерте кездерден бастап ақ жұрттың  назарын аударып келді. Ол туралы көптеген болжам, ой пікірлер айтылды. Жаратылыстану ғылымының дамуына  сәйкес және қоғамның өркендеуіне байланысты адамның арғы ата тегі жайлы түрліше  тұжырым қорытындылар жасалды. XVII ғасырдың бас кезінде жиһанкездер, саяхатшылар  адам тәрізді маймылдардың тіршілік ететіні жөнінде хабарлар таратты  және олар жайлы деректер жинақтала  түсті. К. Линней 1735 жылы шыққан «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде адамды сүтқоректілер класының приматтар  отрядына шала маймылдар және маймылдармен бір топқа жатқызды. Бұл ғылыми тұрғыдан әрі дұрыс, әрі орынды болатын. Ж. Б. Ламарк алғаш рет адамның  ағашқа өрмелеп тіршілік ететін маймылдардан емес, керісінше жерде жүруге ауысқан  маймыл тәрізді ата тектен шығып, маймылдармен адам арасында өтпелі аралық форма болуы мүмкін деген болжам айтты. Денені тік ұстап жүруге қолдың босап, оның еңбек құралдарын жасауына ықпалын тигізді. Топтанып тіршілік ету салдарынан бірте бірте сөздің дамуына жағдай жасалды. Ч. Дарвин 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде адамның  тіршіліктің тарихи даму тізбегінде ең соңғы, әрі жоғары сатыдағы екенін және адам тәрізді маймылдармен арғы ата тегінің бір тармақтан таралғанын мойындады. Ол сонымен бірге адамның тарихи дамуында әлеуметтік әсердің маңызды орны бар екенін де атап көрсетті. Бұл мәселені Ф. Энгельс «Маймылдың адамға айналу барысындағы еңбектің рөлі» (1896)  еңбегінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол «адамда адам еткен еңбек» деген қорытынды жасады. Бірақ ол кезеңде адамның ата тегінің сүйек қалдықтары және олардың пайдаланған еңбек құралдары туралы деректер аз болды. Ал кейіннен ғылымның дамуы Энгельс ілімінің дұрыс екенін дәлелдеді. Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін антропология ғылымында көптеген ғылыми құнды мәліметтер жинақталды.

   


Информация о работе Адамның жануардан шыққан дәлелдемелері