Ааның құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 16:18, реферат

Краткое описание

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торша аралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

физиол.docx

— 31.90 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа  және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын  салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің  жасушалары салыстырмалы өзгермейтін  жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.Бір  торшалы қарапайым организмдер  сыртқы ортадан өзіне қажетті  заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік  жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін  орындайтын терісі қоршаған ортадан  қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалары сыртқы ортамен тікелей  жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен  қоршалады. Ішкі ортаға қан, торша аралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан  шықпайды да, торшалармен тікелей  жанаспайды. Организм торшалары кан  құрамынан пайда болатын торша  аралық сұйықпен ғана жанасады, сол  себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа  мен ұлпа аралық сұйықты шын мәнісіндегі  ішкі орта деп санайды. Қан өзіне  тән физиологиялық қызметтерді  бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда  болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен  жалпы организмнің әрекеті қан  айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне  тікелей байланысты. 
            Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары — артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды — веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.         Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.  Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға — артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады.

 

 

 

1.Қан жүйесінің физиологиясы  

 

Қан - ағзаның сұйық ұлпасы, екі бөліктен құралған: қан сұйықтығы  – плазма және қанның жасушалық  элементтері: эритроциттер, лейкоциттер  және тромбоциттерден тұрады.  Плазма қанның жалпы көлемінің 60 пайызын алып жатады. Плазманың құрамында 90-92 пайыз су, 8-10% құрғақ зат. Құрғақ заттың 6-8% белоктардан тұрады. Плазманың белоктары – альбуминдер, глобулиндер және фибриноген. Альбуминдер май қышқылын және өт сұйығы пигменттерін байланыстырып, тасымалдайды. Глобулиндер  α, β, g болып үшке бөлінеді. α мен β глобулиндер холестеринді, жыныс гормондарын, фосфатидтер мен май қышқылдарын тасиды. γ – глобулиндерден преципиндер мен агглютининдер пайда болады, олар ағзаның иммунитетіне қатысы бар. Ал, фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Сондықтан, ұйыған қаннан сары түсті сұйық зат бөлінеді, оны қан сарысуы деп атайды. Демек, қан сарысуы – құрамында фибриноген жоқ қан плазмасы.

Қанда бактерияларды өлтіріп, вирус белоктарымен байланысып, оларды зиянсыздандыратын пропердин жүйесі бар. Қанда қалдық азот бар. Оған несеп  қышқылдары, мочевина (несепнәр), креатин, аммиак сияқты белок өнімдері жатады. Плазманың ферменттері -  липаза, амилаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза. Плазмадағы май мөлшері 0,2-0,3 %. Бұған май қышқылдары, фосфатиттер, холестерин, сүт пен пирожүзім қышқылдары және ацетон денелері жатады.

Органикалық қосылыстармен  қатар, қан плазмасының құрамында 0,9% минералды тұздар болады.

 

2. Қанның атқаратын қызметтері:

1 тасымалдау - жасушалар мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегіні жеткізіп, ал олардан зат алмасудан пайда болған қосылыстарды, көмір қышқыл газын өкпеге жеткізу. 2 қорғаныстық қызметі - қанда лейкоциттер әрекетінің арқасында антитоксиндер, антиденелер пайда болып, олар фагоцитоз қызметін атқарады. 3- қан тамырлар арқылы үнемі жүріп тұрғандықтан, ағзадағы пайда болған жылуды біркелкі таратады. 4 коррелятивтік - қан арқылы ағзадағы жасушалар, ұлпалар мен мүшелер байланысады. Ағзадағы қан екі түрде кездеседі: біріншісі – қан тамырларындағы қозғалыста болатын қан (айналымдағы қан), екіншісі – қор ретіндегі депода сақталатын қан. Деполық мүшелер: бауыр (20%), көк бауыр (16%) және тері (10%). Тыныштық жағдайда ағзадағы қанның жартысы қан тамырларында, ал екінші жартысы – деполарда болады.

Қанның сұйық бөлігі –  плазма 60% болса, 40% - қан түйіршіктерінен (эритроциттерден – қанның қызыл  түйіршігі, лейкоциттерден – қанның ақ түйіршігі және тромбоциттерден - қан пластинкасынан) тұрады.

 

3. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері.

Қанның тұтқырлығы сумен салыстырғанда  3-6 есе көп. Қанның бұл қасиетін вискозиметр арқылы анықтайды. Жалпы қанның тығыздығы (сыбағалы салмағы) –1,050-1,060 тен. Бұл көрсеткіш плазмадағы белоктар мен эритроциттерге байланысты Эритроциттердің сыбағалы салмағы 1,090, ал плазманыкі –1,024-1,031 тең болады. Қандағы осмостық қысым дегеніміз - суды қорытылмаған ерітінділерден қорытылған ерітінділерге ауыстыратын күш. Бұл қанды тамырларда ұстап тұратын күш. Осмостық қысым ағзадағы зат алмасудағы, әсіресе қан мен тері арасындағы судың алмасуында үлкен роль атқарады. Қанның реакциясы сәл сілтілі. Оның рН  7,35—7,55 тен. Қанның бұл көрсеткіші де басқалар сияқты тұрақты. Мұның себебі: буферлік жүйелерге және қанның сілтілі қорына байланысты. Қанда 4 түрлі буферлік жүйе бар: 1- карбонатты жүйеге – көмір қышқылы Н2 СО3   мен оның тұздары жатады. 2- фосфатты жүйе – фосфор қышқылының NaH2PO4    мен   Na2HPO4     тұздарынан құралады. 3- белоктық жүйе – қанның плазмасындағы белоктардан құрылған. 4- гемоглобиндік жүйе – гемоглобиннің калийлі тұзына байланысты. Сілтілі қор дегеніміз – 100 мл қандағы бикарбонаттар мөлшері. Бұл қордың биологиялық маңызы зор. Ол ағзада зат алмасу процесінің барысында түзілген әр түрлі қышқылдарды бейтараптап отырады. Сілтілі қор неғұрлым көп болса, соғұрлым мал шыдамды болады.

Қанның сутектік көрсеткішінің  қышқылдық жаққа ығысуын ацидоз, ал сілтілік жаққа ауытқуын – алкалоз дейді.

 

4. Қандағы қан түйіршіктерінің сипаттамасы.

Эритроциттер – дегеніміз қанның қызыл түйіршіктері. Амфибияларда, рептилийлар мен құстарда эритроциттер ядролы болады. Ал, сүт қоректілердің эритроциттері ядросыз болады. Мұның себебі: олар өздері үшін оттегін аз пайдаланады да, оның көбін басқа жасушаларға береді. Эритроциттердің сыртындағы қабығы жартылай өткізгіш қасиеті бар, майлы заттардан құралған. Бұл мембрана глюкозаны, мочевинаны, газдар мен аниондарды өткізеді, ал белок пен катиондарды өткізбейді. Сол себептен эритроциттер мембранасының сыртында оң заряды, ал оның ішінде сол заряды бар. Эритроциттер атқаратын қызметі: 1- жасушаларға оттегін жеткізеді; 2- көмірқышқыл газды өкпеге жеткізеді; 3- қанның рН мөлшерін реттейді; 4- улы заттарды жинап, ағзада иммунитеттің пайда болуына қатысады; 5- қанның ұюына қатысады.

Эритроциттер өзінің негізгі  қызметі – оттегі мен көмір  қышқыл газын тасымалдау процесін, құрамында ерекше белок – гемоглобиннің болуының арқасында атқарады. Эритроциттің жалпы массасының 34 пайызы, ал құрғақ затының 90 пайызы гемоглобиннен тұрады.

Құрамында темір атомы  болуына байланысты гемоглобин түрлі  газдармен қосылыс түзеді. Оттегімен  қосылысқан гемоглобинді оксигемоглобин (HbO2), ал көмірқышқыл газымен қосылысқан -  карбогемоглобин (HbСO2),  деп атайды. Бұл қайтарымды қосылыстар қалыпты жағдайда түзіліп, тыныс алу процесін қамтамасыз етеді. Гемоглобиннің ағзаға пайдасыз қосылыстары да бар, Олар: карбооксигемоглобин (HbСO) – көмір тотығымен қосылыс, және метгемоглобин – күшті тотықтырғыштардың үш валентті темірмен қосылысы.

Гемолиз деп эритроцит қабығының жарылып, гемоглобиннің сыртқы ортаға шығуын айтады. Гемолиз тудыратын себептеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.

Осмостық гемолиз - осмостық қысым төмендеген қысым жағдайда болады. Мысалы, қанға гипотониялық ерітінді қоссақ эритроциттерден тұздар сыртқа шығарылады да, олардың  ішіне су енеді. Бұл жағдайда әуелі эритроциттер ісініп, артынан олардың қабығы жарылады, гемогобин бөлініп шығады. Бұдан басқа гемолиз түрлері: химиялық, биологиялық, электрлік, термиялық, механикалық, сәулелік, физикалық.

Лейкоциттер – қандағы құнды жасушалар. Эритроциттерге қарағанда ірі жасушалар, ал саны эритроциттерден 600-800 есе кем, диаметрі 5-20 мкм. Олардын сыртында мембранасы, ішінде цитоплазмасы мен ядросы бар. Қанның бір текше мм-де мыңдап есептелінеді. Лейкоциттер цитоплазмадағы түйіршіктеріне байланысты гранулоциттер және агронулоциттер болып екіге бөлінеді Гранулоциттерге - базофильдер, эозинофильдер мен нейтрофильдер жатады. Агранулоциттер – лимфоциттер мен моноциттерден құралған. Лейкоциттердің негізгі қызметі- қорғаныштық. Оларда оң хемотаксикалық қасиеті болғандықтан ағзадағы бөтен заттар жағына қарай жылжиды.

Лейкоциттердің саны әр түрлі  факторлардың әсерінен ауытқып отырады. Олардың санының көбеюі лейкоцитоз, азаюын – лейкопения деп атайды.

Тромбоциттер – бұлардың диаметрі 2-4 микрон. Тромбоциттердің сыртында  қабы бар, ішінде цитоплазмасы мен түйіршіктері бар, ядросы жоқ. Қанның бір текше мм-де 100-600 мың тромбоциттер болады Олардын қызмет ететін мерзімі 3-5 күн. Тромбоциттер атқаратын қызметтері: 1- адгезия- тромбоциттердің жарақаттанған қан тамырларының коллаген талшықтарына немесе қанның ішіндегі бөтен заттарға жабысуы; 2 - агрегация- тромбоциттердің өзара жабысуы.  Сонымен, тромбоциттер қан ұюына қатысады.

Австрия ғылымы К.Ландштейнер 1901 жылы адам эритроциттерінің құрамында  екі түрлі антигендер, ал плазмада екі түрлі антиденелер болатынын  дәлелдеді. Эритроциттерде орналасатын  антигендер агглютиногендер  (А және В) деп аталды, ал плазмадағы антиденелер – агглютининдер (a және b). К. Ландштейнер агглютиногендік сипатына қарай адам қанының үш тобын ашты. I –топта (0 тобы) агглютиногендер болмайды,    II – топта (А тобы) және III топта (В тобы)  агглютиногендер бар. 1907 жылы чех ғалымы Ян Янский адам қанының  IV тобының (АВ тобы) болатынын ашты. Бір адамның қанында аттас агглютиноген мен агглютинин болмайды (мысалы, А мен a). Егер бір ағзадан екінші ағзаға қан құйғанда аттас агглютиноген мен агглютинин кездесте, эритроциттердің желімдену процесі жүреді, немесе эритроциттердің бір біріне жабысу – агглютинация.

Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі  процесс. Оның негізінде қан құрамындағы  фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі жатады. Ұю процесі кезінде фибриноген қышқыл пептидті бөледі де, ерімейтін фибрин белогына айналады.

 

5.Қанның түзілуі

Қанның дамуын гемопоэз (haima-қан, poesis-жасалу) дейді. Гемопоэздің екі түрін ажыратады эмбриондық және постэмбриондық. Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін-эритропоэз, гранулоциттердің түзілуін-гранулопоэз, тромбоциттердің түзілуін-тромбоцитопоэз, моноциттердің түзілуін- моноцитопоэз, лимфоциттердің түзілуін-лимфоцитопоэз деп атайды.

Эмбриондарда қан бастапқы кезде  сары уыз (желток) қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында, лимфа түзуші органдарда (тимус, көк  бауыр, лимфалық бездерде) жасалады. Қанның барлық клеткалары мезенхиманың клеткаларынан  пайда болады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның түзілуімен бірге  тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Қан жасалудың ең ерте гемопоэз ұрықтан  тыс болады. Мезобласта қан аралшықтары  пайда болады. Қан аралшықтары  қосылып тамырлар торын құрайды.

Адам ұрығында бағана клеткаларының  қай кезеңде пайда болатыны жайында  деректер жоқ. Ал тышқандарда 7-9 күндері  пайда болады. Әрі қарай бірінші  эритробластар, бірінші лейкоциттер  пайда болады.

Эритроциттердің түзілуі гемоцитобластарда  гемоглабиннің жиналуынан басталады. Ересек адамдарда қанның пішіндік элементтері  арнаулы қан жасаушы мүшелерде  түзіледі. Олардың біразы-көк бауыр, жілік майында түзіледі. Ал лимфоциттер- көк бауырда лимфа тамырларында түзіледі. Жілік майында эритроциттердің, гранулоциттердің және қан пластинкаларында жаңадан түзілу процессі жүреді. Жілік  майының қан жасаушы ұлпасы-миелоидті  ұлпа деп аталады. Моноциттер миелоидті  және лимфоидті ұлпаларда түзіледі.

Қан жасалудың ең көп тараған  теориясы бойынша миелоидты және лимфоидты ұлпалардың қан жасаушы  ретінде детерминделген ортақ бастама  клеткалары бар. Бұл дің клеткалары өзінің түрі жағынан кішкене лимфоциттерге  ұқсайды. Қан жасаушы жүйенің  түрлі учаскелерінің үздіксіз дің  клеткаларын алмастыруы және олардың  қоныстануы жүреді.

Гемоцитобластардың бөлінуі арқылы пайда болған клеткалар эритропоэз кезінде амеба тәрізді қозғалуға  қабілетсіз, ең бастысы цитоплазма күшті базофилияланады. Бұл клеткалар  проэмбриобластар немесе базофильді эритробластар  деп аталады. Қайталап көбею және гемоглобиннің мөлшерінің артуы нәтижесінде полихромофильді деп аталатын бірқатар эритробластар пайда болады.

Гемоцитобластар гранулоцитопоэзде  митоздық жолмен бөлініп, промелиоциттер-сопақ  ядросы бар, цитоплазмасы әлсіз базофильді, центрисомасы жақсы байқалатын және жалпы түйіршікті клеткалар түзіледі.

 

6.Организмнiң iшкi ортасындағы физикалық-химиялық процестердiң                                реттелуі. 
           Қанның меншiктi салмағы мен тұтқырлығы (вязкость) плазманың белоктық құрамына, қызыл қан түйiршiктерiнiң саны мен гемоглабин мөлшерiнс байланысты. Сумен салыстырғанда қанның меншiктi салмағы жоғары (1,060-1,080) және тұтқырлығы 3-5 есе көп. Пiшiндi элементтердің плазмада таразыланып тұруын қанның суспензиялық қасиетi деп атайды. Бұл қасиет эритроциттер саны мен плазма белоктарына байланысты. Қанның қимылсыз статикалық жағдайында пiшiндi элементтердің суспензиялық тұрақтылғы бұзылып, соның iшiнде эритроциттердiң шөгуi байқалады. Бұл феномендi эритроциттердiң шөгу жылдамдығы немесе реакциясы деп атайды. Ол плазма белогы жағдайының, плазма мен эритроциттср мөлшерi арақатынасының көрсеткiші болып келедi. Эритроциттср шөгуiнiң жылдамдығы ерлерде – 1 сағатта 4-6 мм, әйелдерде - 6-10 мм. 
           Организм клеткаларының, ұлпаларының тiршiлігi, химиялық процестер бағдары мен жылдамдығы қалыпты болу үшiн қанның физикалық-химиялық құрамының тұрақтылығы өте маңызды (осмостық қысымының тұрақтылығы, қышқылдық-сілтiлiк теңдiк, су-тұз және қан плазмасы белоктарының мөлшерi). Бұл тұрақтылық өте күрделі механизмдердiң әрекеттерiмен iске асады. 
          Қанның осмостық қысымы. Плазма мен қан клеткаларында ерiген заттар, соның iшiнде минералдар мен газдардың меншiкті салмағы көп. Осмос заңы бойынша ерiткiш жарғақша арқылы концентрациясы жоғары жаққа өтедi. Ерiткiшi жарғақша арқылы өткiзудi қамтамасыз ететiн күшті-осмостық қысым ден атайды. Адам мен сүтқоректiлер қанның осмостық қысымы 7,6-8,1 атм. Осмостық қысымның тербелуiне қарай өз көлемiн өзгерту арқылы әрекет жасайтын қызыл қан түйiршiктерi үшiн тұрақтылық аса қажет. Егерде қан плазмасынан су артық кетiп, нәтижеде тұздар концентрациясы көбейсе, осмос заңы бойынша су жартылай өткiзгiш қабiлеттi түйiршiктер жарғақшасы арқылы плазмаға ауысады да, түйiршіктер қатпарланады (әжiмделедi). Плазмада тұздар концентрациясы төмендеген жағдайда су қызыл түйiршiктерге өтiп, нәтижеде олар iсiнiп, физиологиялық қасиетiнен айырылады. Өте төмен осмостық қысымда эритроциттер жарылып гемолиз болады (еру процесi). 
           Осмостық қысымның өзгеруiне төтеп берiп бүтiдiгін сақтай алатын қасиетiн эритроциттердiң осмостық берiктегi деп атайды. Осмостық қысым температуранның өзгеруіне, қоректiк заттардың қабылдануына, тiршілiк жағдайларының өзгеруiне байланысты ауытқып тұрады. Оның тұрақтылығы бүйрек пен тер бездерiнің шығару қызметiмен реттеледi. Осмостық қысымды ұстап тұруда плазманың белоктық тұрақтылығы аса маңызды. Осмостық қысым тек қана ерiгiш кристаллоидтермен жасалмайды, сонымен қатар белоктық қосындылармен жасалады. Плазмадағы белоктардың мөлшелерiне тәуелдi осмостық қысымды онкотикалық қысым деп атайды. Жалпы осмостық қысымның деңгейiнен (7-8 атм.) белоктар үлесiне 1/20 - 1/30 атм. (немесе 30-35 мм сынап бағанасымен) тиедi. Бұл шама аса зор болмағанмен организм ұлпалары мен қан арасында судың таратылу мен сүзiлу процестерiнде өте маңызды. Белоктар үлкен молекулалық салмағы бар, суды жақсы сiңiрушi коллоидтар. Сондықтан, плазма белоктары сүзiлу процестерiне кедергi келтiрiп отыра, тамырлардың ішiнде суды ұстап тұрады. 
        Қанның белсенді реакциясын (рН) тұрақты түрде ұстан тұру. Қанның әлсіз сілтiлік реакциясы бар. Оның реакциясы Н+ пен ОН- иондары мөлшерiнiң ара-қатынасымен жасалады. Артериалық қанның белсендi реакциясының көрсеткiшi (рН)-7,4 , веноздық қанның көрсеткiшi (рН)-7,35. Соңғы көрсеткiштiң венозды қанда төмен болуы көмiрқышқыл газының көп мөлшерде болуымен түсiндiрiледi. Қанның реакциясы белгiлi бiр дәрежеде болған жағдайда ғана физиологиялық процестер оптимальды жүредi. Осы реакция дәрежесіне клеткалардағы тотығу-қайта құрылы процестерi, белоктардың ыдырауы мен түзiлуi, глигколиз, көмiрсулары мен майлардың тотықтануы, гемоглобиннiң ұлпаларға оттегiнi бере алу мүмкiндiгi тәуелдi. Сондықтан рН нормадан (7,35-7,4) едәуiр ауытқығанда көптеген физиологиялық процестсрдiң бұзылуына, төтенше жағдайларда шектен тыс кетсе - организмнiң опат болуына әкеледi. 
          Зат алмасу процесiнде организмде ыңғай қышқыл реакциялы заттар босап шығады. Сондықтан қан реакциясының кышқыл жаққа қарай ауытқитын тенденциясы бар. Осыған қарамастан адамға өте жоғары реакция тұрақтылығы тән. Организмде қанның Н+ мен ОН- иондары концентрацияларын реттеу бiрден-бiр жақсы жетілген механизмдер. Қанның рН көрсеткiшiн өте нәзiк реттеу буферлiк қасиетімен және шығару мүшелерiнiң әрекетiмен қамтамасыз етiлсдi. 
         Қанның буферлiк қасиетiнiң маңызы - белсендi реакциясының ауытқымауына кедергi жасау. Бұл қасиет әлсіз қышқылдармен оның тұздары және күштi негiздер қоспасынан тұратын буферлiк жүйслермен қамтамсыз етiлдi. Оларға жататындары: 1)көмiрқышқылы — екі көмiртектi натрий (карбонаттық буферлiк жүйе); 2) бiр негіздi — екі негiздi фосфор қышқылды натрий (фосфаттық буферлік жүйе); 3) плазма белоктары (плазманың белоктың буферлiк жүйесi); 4) гемоглобин — гемоглобиннің калий тұзы (гемоглобиндық буферлiк жүйе). Қанның буферлік қасиетi 75% жағдайында гемоглобин және оның тұздарының мөлшерiне байланысты. 
         Буферлiк жүйелер қан реакциясының қышқыл жағына ауып кетпеуіне кедергі келтіредi. Бұл жағдай күштi қышқылдардың (мысалы, сүт қышқылы), қанға түсетiн әлсiз қышқылдарды олардың негiздермен байланысын ықтыратын қасиеiмен түсiндiрiледi. Нәтижеде күштi қышқылдардың тұздары түзiлiп қанның реакциясы қышқыл жағына ауытқымауына тежелу пайда болады. Қанның барлық буферлік жүйелерi организмде салыстырмалы тұрақты болатын сiлтiлiк қор жасайды. 
        Қанның қышқылдық-сiлтiлік теңдігі дегенiмiз - қалыпты жағдайда қышқылдық және сiлтiлік эквивалеттерінiң шамалы ғана ауытқуын көрсетеді. Бүйрек қызметiн, тер бездерiн, тыныс және ас қорыту жүйелерінің жүйкелік-гуморальдық реттеу механизмдерiнiң арқасында, организмнен зат алмасу қалдықтарын шығару арқылы, рН тұрақтылығы мен қышқылдық-сiлтiлiк теңдiктi ұстап тұру қамтамасыз етiледi. 

Информация о работе Ааның құрамы