Қазақстан Республикасының азаматтық объектілерінің бірі – бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 17:44, контрольная работа

Краткое описание

Азаматтық Кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:
а) мүліктік игіліктер мен қүқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік қүқықтар мен басқа да мүлік жатады;
ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен қүқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу қүқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КР багалы кагаздары.doc

— 57.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының азаматтық объектілерінің бірі –

бағалы қағаздар

 

 

  Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады.

Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Азаматтық Кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:

а) мүліктік игіліктер мен қүқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік қүқықтар мен басқа да мүлік жатады;

ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен қүқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу қүқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

АК 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.

Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп азаматтық қүкыкқа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бүл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.

Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның занды меншік иесі еншілейді. Егер занда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді, жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым құқығы берілуін қамтамасыз етеді. 

Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал оның ірі-ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды жиырма теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с беріп өтеуге де болады.

Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті занды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).

Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы ҚР жалпы негіздерде қорғалады (АК-тің 128-бабы).

Сонымен азаматтық құқық объектілерінің бірі бағалы қағаздарға тоқталатын болсақ.

Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасында Азаматтық Кодекстің 129-139 баптарымен реттеледі.

Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а) бағалы қағаз — түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куә-ландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық қүқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - индоссантқа немесе соның бүйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқыктарды иңдоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132-бабы).

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.

Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын,құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген.

Бағалы қағаздар -

1. Мүліктік кұқықты куәландыратын  белгілі бір жазбалар мен басқа  да

белгілердің жиынтығы.

2. Бағалы кағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың

Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.

3. Бағалы кағаздар шығарылым  нысаны бойынша:

  • 1) құжатты және құжатсыз;
  • 2) эмиссиялық, және эмиссиялық емес;
  • 3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өн-дірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік инвестициялар бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып қарастыруга болатыны түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.

Қорытып айтқанда, бағалы қағаздардың қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуіұлттықтабыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.

Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгісебебін білетін мамандар былай түсіндіреді: Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен офф-шорлық аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары Қазақстан экономикасына көптеген есепке алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен.

Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазақстан банкілерінің ресурстарын шектейді, олар өздеріне қажеттіқаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің міндеттері мен кұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді.

Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен.

Қазақстанның болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының азаматтық объектілерінің бірі – бағалы қағаздар